Пандемияның халыққа әсерін және үкіметтің халықтың пандемиядан айығуы үшін қажетті шараларды қабылдау жұмыстарын ескере отырып, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуын арттырудың тиімді құралдарын анықтау уақытылы және өзекті болып табылады. 2019 жылы Қазақстан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынды, мұнда қызмет көрсетудің негізгі принципі мемлекет пен оның азаматтары арасындағы сындарлы диалог құру болып табылады. Қазақстандағы БҰҰДБ да үкіметке халықтың сенімділігін арттыруға септігін тигізетін тиімді және есеп беруге міндетті институттарды құруда қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтеді. Сонымен, қазіргі жағдайды ескере отырып, елдегі азаматтардың мемлекеттік процестерге қатысуын арттырудың тиімді жолдары қандай?
Осы мақсатқа жетудің негізгі алғышарттарының бірі - мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласындағы шешімдерді әзірлеудің жеделдетілу жаһандық тенденциясы, сондай-ақ, қазіргі кезде бұрынғыдан да көп адамдардың цифрлық сауаттылыққа ие болып, онлайн-қызметтерге қол жеткізе алуы. Бұл тенденциялар азаматтардың шешім қабылдауға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектеседі. Үкімет цифрлық жүйеге көшіп, қазір азаматтардың мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысуы сияқты маңызды компонентті біріктірудің дәл уақыты келді дегенді білдіреді.
Біз, Қазақстандағы Зертхана акселераторының командасы, тиімді өзара іс-қимыл құралын құру арқылы мемлекет пен халықтың арасындағы байланысты нығайту қазіргі заманғы маңызды міндеттердің бірі екеніне сенімдіміз. Осыған байланысты, біздің топ аталмыш мәселені зерттеу жұмыстарын бастады. Біз ұжымдық интеллект және инклюзивті шешім қабылдау сияқты жаңа жұмыс әдістерін енгізіп, оларды шешім қабылдауға азаматтардың қатысу мәдениетін арттырудың жаңа стандартына айналдыруға ниеттіміз. Халықты тек соңғы пайдаланушылар ретінде емес, мемлекеттік саясаттың белсенді бірлескен авторлары ретінде қабылдау маңызды.
Жақында біздің команда қазіргі кезде азаматтар мемлекеттік қызметтерді алу қажеттілігіне тап болатын өмірлік жағдайлардың картасын жасау үстіндегі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен кездесулер өткізді. Мұндай жағдайлар өте көп және оларды талдау айтарлықтай уақытты алады. Біздің жоспарымыз - белгілі бір өмірлік жағдайға азаматтардың қатысу механизмін біріктіру және оны басқа жағдайлар мен қызметтер үшін қайталап, қолданысқа енгізу.
Жалпы алғанда, біз ең мұқтаж дегендердің, яғни адамдардың өз дауыстарын қосу арқылы мемлекеттік қызметті тиімді көрсетуге қол жеткізуге тырысамыз. Көрсетіліп отырған қызмет түрлері олардың проблемаларын шешуге бағытталғанына көзі жеткенде, бұл, сәйкесінше, оң динамиканы тудырады: сапалы қызметтер көпшілік азаматтардың қанағаттануына әкеледі, бұл, өз кезегінде, оларды шешімдер қабылдауға белсенді қатысуына және қоғамның хабардарлығын арттыруға ықпалын тигізеді. Азаматтардың үкіметке және үкіметтің азаматтарға кері байланысы халық сенімінің жоғарылауына ықпал етеді. Осы секілді жұмыстар үкіметтік шараларды көпшіліктің қолдауына әкелуі мүмкін, мәселен, коронавирус пандемиясымен байланысты мемлекеттік шараларды. Зерттеулер көрсеткендей, елдің пандемиямен күресу тиімділігінің маңызды индикаторы денсаулық сақтау жүйесінің жағдайына ғана емес, сонымен қатар, азаматтардың үкіметке деген сенім деңгейіне де байланысты.
Акселератор зертханасы үкіметтің шешімдеріне әсер ететін халықтан алынған нақты уақыттағы деректерді пайдалануды жоспарлап отыр. Бұл мәліметтер үшінші тараптың пайдасы үшін емес, деректерді жасаушылардың пайдасы үшін - яғни азаматтардың өздері үшін алынатын модельге сәйкес келеді. Зертханада азаматтық ғылым, ұжымдық интеллект, этнография, позитивті ауытқулар, жаңа шешімдерді іздеу, жүйелік ойлау және эксперимент сияқты инновациялық құралдар қолданылады. Акселератор зертханасының жұмысы келесідей ұйымдастырылатын болады:
1. Қабылдау: Біз алғашқы сигналдарды - Қазақстандағы азаматтардың қатысу саласындағы жаңа тенденциялар мен заңдылықтарды анықтаймыз.
2. Зерттеу: Біз деректердің стандартты емес көздерін қолданбақшымыз, мысалы, адамдардың оқиғалары, әлеуметтік желілер, видео аналитика. Деректерді талдау бойынша көшбасшымыз жергілікті қауымдастықтармен жұмыс істеуге кірісіп, Қазақстандағы қолданыстағы тәжірибені зерттейді және оларды одан әрі масштабтау үшін қандай шешімдерді тестіден өткізуге болатындығын қарастырады.
Мысал ретінде, үкімет пен қоғам арасында сындарлы диалог құрудың тиімді институционалдық құрылымдарының бірі болып табылатын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін келтіруге болады.
Сонымен қатар, біз Қазақстанға қандай халықаралық шешімдер ұсына алатынымызды қарастырамыз. Мысалы, Citizen Lab және Decide Madrid - бұл азаматтарды саясат құру процестеріне жұмылдыратын халықаралық платформалар.
3. Тестілеу: Біздің эксперименттер жүргізу бағыты бойынша бөлімнің жетекшісі Зертхана шеңберінде тестілеу өткізуге болатын ықтимал прототиптер немесе жобаларды анықтайды. Біз серіктестердің кең спектрімен жұмыс істегіміз келеді, сондықтан сіз осыған ұқсас тақырыптармен айналысамын деп ойласаңыз - бізге хабарласыңыз! Экспериментатордың мақсаты – барлығы ойдағыдай іске аспайтынын ескере отырып, жаңа идеяларды сынау, одан кейін әрі қарай масштабтауға болатын ең үздік жергілікті шешімдерді анықтау.
4. Өсу: Сайып келгенде, біздің мақсатымыз - азаматтардың қатысуының жаңа әдістерін әртүрлі процестерге тарату және біз бастаған жұмысты жалғастыратын ұйымды анықтау.
Біз осыған ұқсас тақырыптармен айналысқан немесе жұмыс істеп жатқан басқа Акселератор зертханаларының тәжірибесін қолдануды жоспарлап отырмыз (мысалы, Аргентина немесе Бутан Корольдігіндегі халықпен жұмыс). Сондай-ақ, Акселератор зертханасының стратегиялық серіктесі Nesta жасаған Цифрлық демократия, Ұжымдық интеллект сияқты мемлекеттік инновациялық саясат құралдарын зерттейтін боламыз. Ақырында, біз Астана мемлекеттік қызмет хабы жүзеге асырып отырған БҰҰДБ-ның мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі қолданыстағы шараларын пайдаланамыз.
Сапарымыздың басында жауаптан гөрі сұрақтардың көп туындайтынына сенімдіміз. Біздің келесі жасайтын қадамдарымыз - мемлекеттік қызметтерді жақсартуға мұқтаж азаматтардың нақты өмірлік жағдайына назар аудару және қандай қадамдар жасалғанын, ненің жұмыс істегенін және қайсысының қолданысқа енгізудің қажет емес екенін зерттеу. Жүйе халықты мемлекеттік саясатты әзірлеуге жұмылдырғанын қалаймыз, өйткені халық мемлекеттік қызметтерді пайдаланады және ең күшті дауысқа ие.
Егер сіз азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы саласында жұмыс істейтін болсаңыз немесе қандай эксперименттер жүргізуіміз керек екендігі туралы ойыңыз болса, Акселератор зертханасы тобына undp.kz.acclab@undp.org электрондық поштасына хат жіберу арқылы хабарласыңыз.