мини
2021 жылы Climate Bonds Awards халықаралық сыйлығын тапсырудың VI дәстүрлі рәсімінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ («Даму» Қоры) әлемдегі «жасыл» қаржыны насихаттаған жетекші ұйымдардың бірі болып танылды. Жыл сайын бұл сыйлық жасыл қаржы нарығын алға жылжытатын жетекші ұйымдарды, қаржы институттарын және елдердің үкіметтерін марапаттайды.
«Жасыл нарықтың пионері» сыйлығын «Даму» Қоры 2020 жылғы 11 тамызда Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) қолдауымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында орналастырылған «жасыл облигациялар» шығарғаны үшін алды.
«БҰҰДБ және АХҚО» «жасыл» қаржы орталығымен одан әрі ынтымақтастық ЖЭК жобаларына инвестиция салуды ынталандыруға бағытталған күш-жігерге жаңа серпін береді деп үміттенеміз», - деді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева
«Біз «Дам» Қорын «жасыл облигациялар пионері» марапатын алуымен құттықтаймыз. Бұл – капиталды төмен көміртекті технологияларға қайта бағыттауды көздейтін барлық ұйымдар мен үкіметтердің мойындауы. Сонымен қатар экологияны ластамауға кеңінен көшуде инвестицияларды қайда бағыттау керектігі туралы нақты экономикалық мысал. Дамып келе жатқан нарығы бар елдер мен дамушы елдердің жетекші рөл атқаратын және жаһандық және өңірлік нарықтарға тереңдік пен алуан түрлілікті қосатын мұндай алғашқы және жаңашыл эмитенттері ерекше құпталады», - деді, Климаттық облигациялар бастамасы бас директоры Шон Кидни.
Сондай-ақ, ол, «2020 жылдың соңында біз 1 триллион долларлық жиынтық жасыл инвестициялар түріндегі жаһандық кезеңге жеттік» - деді. «Бірақ климаттық дағдарыс пен оның өсіп келе жатқан салдары ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды азайтудағы күш-жігерімізден асып түседі. Жаһандық қаржы мен үкіметтердің келесі мақсаты – жыл сайынғы жасыл инвестицияларды 1 триллион долларға дейін жеделдету. Енді 2020-шы жылдардағы капиталды жасыл қалпына келтіру, тұрақтылық, бейімделу және көшу бағытында түбегейлі өзгерту қажет», - деп сөзін түйіндеді Ш. Кидни.
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздеріне инвестицияларды ынталандыру мақсатында Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) қаржыландырумен, БҰҰДБ қолдауымен және ҚР Энергетика министрлігі іске асырылатын «Жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялар тәуекелдерін төмендету» атты ауқымды жобасының шеңберінде алғаш рет іске қосылады.
БҰҰДБ мен Даму қоры арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім бойынша, БҰҰДБ-сы Қордың жасыл облигациялары бойынша купон мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялаудан басқа, жасыл жобаларды таңдау кезінде техникалық қолдау көрсетті. Облигациялар шығару арқылы жиналған қаражат Түркістан облысында мини күн электр станциясының құрылысын қаржыландыруға жұмсалады.
«Экологиялық проблемаларды шешуден басқа, «жасыл» экономикаға инвестициялар әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдетуге, экономикалық әртараптандыруға ықпал етуге, жаңа жұмыс орындарын құруға және шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге бірегей мүмкіндік береді. Біз Қазақстанның төмен көміртекті өсуге көшуі үшін жаңа инвестициялар тартуға және Париж келісімі бойынша өзінің халықаралық міндеттемелерін орындауға көмектесетін ұлттық стейкхолдерлермен әріптестігімізді жоғары бағалаймыз», - деді БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш.
«Жасыл» облигациялар инвестицияларды анағұрлым тиімдірек іс-шараларға бағыттайтын нарықтық күштер мен саяси мақсаттар арасындағы синергияны тудырады. Бұдан басқа, орнықтылықты арттырудан, климаттың өзгеру салдарын жұмсартудан және баламалы энергетикаға көшуден басқа, Қазақстанда және бүкіл әлемде «жасыл» облигацияларды сәтті енгізу климаттың өзгеруіне бейімделу үшін қаржы ағындарын ұлғайтуға, сондай-ақ әлеуметтік әсерге, дүлей зілзалалардың салдарын еңсеруге арналған облигацияларды қоса алғанда, ұқсас үлгідегі басқа да қаржы құралдарын жедел енгізуге әкелуі мүмкін.
Climate Bonds Awards сыйлығы «жасыл» облигациялар, заем, сукук және климаттың өзгеруіне қарсы күреске байланысты инвестициялардағы маңызды нарықтық өзгерістерді қоса алғанда, «жасыл» және тұрақты қаржыландыру саласындағы көшбасшылықты, озық тәжірибені және инновацияны халықаралық мойындау болып табылады.