Қазақстанның Екінші Ерікті Ұлттық шолуы БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі Саяси форумында ұсынылды

2022 ж. 15 July
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

2022 жылғы 14 шілде, Нью-Йорк – Бүгін Қазақстан АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы жоғары деңгейдегі Саяси форумда Тұрақты даму мақсаттары бойынша Екінші Ерікті Ұлттық шолуды (ЕҰШ) ұсынды.

Қазақстан делегациясын ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров басқарды. Делегация құрамына ҚР Президенті Әкімшілігінің, ведомствоаралық жұмыс топтарының және «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ өкілдері кірді. Қазақстаннан БҰҰДБ-ның ҚР-дағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш және БҰҰ-ның ҚР-дағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори қатысты.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ
«Форумға қатысу Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Күн тәртібін іске асырудағы жоғары деңгейдегі бейілділігі мен жауапкершілігінің кезекті дәлелі болып табылады»
Әлібек Қуантыров, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап тұрақты даму жолында кезең-кезеңімен жұмыс жүргізуде. 2019 жылы Қазақстан бірінші ЕҰШ ұсынып, ТДМ-ға қол жеткізуге деген өзінің бейілділігін растады. Үш жылдан кейін ел прогресті бағалау және алдыңғы ЕҰШ шығарылымында елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуын көрсету мақсатында екінші ЕҰШ ұсынады.

«Екінші ерікті ұлттық шолу Қазақстанның 2020 жылдан бері қол жеткізген ТДМ бойынша прогрессін көрсетеді. COVID-19-дың теріс салдары барлық елдердің экономикалары үшін де, бүкіл планетаның өмірінің басқа салалары үшін де қиын кезең болып табылады. Мұндай талдау елдерге мемлекеттік бағдарламалар мен стратегияларды ескере отырып, неғұрлым тұрақты болашақ құру жолында қажетті шешімдер мен белгілі бір қадамдар қабылдауға мүмкіндік береді. Қазақстан ТДМ-ның «Ешкімді артта қалдырмау» негізгі қағидатын ұстанады және БҰҰДБ бұрынғысынша Қазақстан үкіметімен және барлық басқа серіктестермен тұрақты дамуға қол жеткізу үшін жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті»
Якуп Бериш, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі

Сондай-ақ, ЕҰШ-да Қазақстанның ТДМ-мен ұлттық бюджеттеу жүйесін үйлестіру бойынша күш-жігерінің нәтижелері ұсынылған. Қазақстан Кешенді ұлттық қаржыландыру тетігін (КҰҚТ) енгізу бойынша жұмысты бастады. Бүгінгі күні КҰҚТ ТДМ жоспарлау процестерін нығайтуға және елдік деңгейде тұрақты дамуды қаржыландыру үшін бар кедергілерді еңсеруге ықпал етеді. Қазақстанда осы бағыттағы жұмыс 2020 жылы ТДМ бойынша БҰҰ-ның Бірлескен Қорының қаржылық қолдауымен ТДМ-мен саясат және қаржыландыру шараларын келісу бойынша БҰҰ мен Қазақстан Үкіметінің Бірлескен Бағдарламасын іске асыру шеңберінде басталды. КҰҚТ-ты енгізу мүмкіндіктерін зерттеу ТДМ-ға жетудегі жылдам прогреске кедергі келтіретін кейбір шектеулерді анықтауға мүмкіндік берген дамуды қаржыландыруды бағалаудан (ДҚБ) басталды.

Қазақстан сондай-ақ елдің бюджеттік бағдарламаларына жылдам кешенді бағалау (ЖКБ) жүргізді. ЖКБ нәтижелері бюджет шығындарының тұрақты даму мақсаттарымен және оларға бөлінетін бюджет қаражатының деңгейімен өзара байланысын көрсетті.

 

Ұлттық ТДМ-ның Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасымен қамту

Қазақстанда ТДМ іске асырудағы басым бағыттарды анықтау үшін еліміздің 17 өңірінде көшпелі іс-шаралар барысында атқарушы органдар, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, жастар бірлестіктері және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері арасында дауыс беру өткізілді. Өңірлердегі семинарлардың қорытындысы бойынша қазақстандықтар Қазақстан үшін мынадай бес басым ТДМ таңдады: ТДМ 1 - «Кедейлікті жою» (48,8%); ТДМ 3 - «Жақсы денсаулық және амандық» (65,4%); ТДМ 4 - «Сапалы білім» (59,7%); ТДМ 6 - «Таза су және санитария» (41,4%); ТДМ 8 - «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» (47%).

 

Онлайн дауыс беру нәтижелері бойынша Қазақстанның 5 басымдықты ТДМ-ы

ЕҰШ-да ТДМ-ға жетудегі елдің прогресін жеделдету үшін негізгі бағыттар да анықталған. Оларға ТДМ-ның өзекті индикаторларын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына толық интеграциялау; жергілікті және өңірлік деңгейлерде ТДМ-ды іске асырудың институционалдық тетіктерінің тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру; ТДМ бойынша нәтижені барынша арттыру мақсатында олардың сапалы қатысуын қамтамасыз ету үшін мемлекет, азаматтық қоғам, бизнес-қоғамдастық, халықаралық ұйымдар және басқа да мүдделі тараптар арасындағы диалогты жалғастыру; Орталық Азия елдерімен және басқа да халықаралық әріптестермен тиімді өңірлік өзара іс-қимылды қолдау жатады.

«2030 жылға дейінгі Күн тәртібі аяқталғанға дейін аз уақыт қалды. COVID-19 және әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты сыртқы және ішкі факторлардың әсеріне қарамастан, тұрақты дамуды қамтамасыз етудің негізгі мақсаты Қазақстан үшін өзгеріссіз қалады. Сондықтан ел Үкіметі алдына жүйелі реформалар пакетін қайта іске қосу, мемлекеттің, халықтың және бизнестің тыныс-тіршілігінің ағымдағы моделінің барлық құрауыштарын трансформациялау міндетін қойып отыр», - деп сөзін аяқтады Әлібек Қуантыров.

Екінші Ерікті ұлттық шолудың мәтінін мына сілтеме бойынша табуға болады.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ