БҰҰДБ Солтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығының орнықтылығын жақсарту және экожүйелерін сақтау жобасын бастап жатыр

2025 ж. 4 March
Фото: Қазақстнадағы БҰҰДБ

Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен серіктестікте Жаһандық экологиялық қордың (GEF) қаржылық қолдауымен Солтүстік Қазақстанда ауылшаруашылық өндірісінің орнықтылығын қолдауға және экожүйелерін сақтауға бағытталған жобаны (FOLUR) бастап жатыр. Жоба 2029 жылдың қарашасына дейін жалғасады. Жобаның бюджеті 10.587.470 АҚШ долларын құрайды.

Жердің тозуы – топырақ өнімділігін төмендететін, ауыл шаруашылығы секторының орнықтылығына қауіп төндіретін, экожүйелердің саулығын нашарлататын және биоәртүрлілікке теріс әсер ететін аса өзекті экологиялық мәселе. БҰҰ(link is external) мәліметі бойынша жер шарының шамамен 40 пайызы тозған, соның салдары дүние жүзінде үш миллиард адамға әсерін тигізеді екен. Қазақстанда(link is external) ауыл шаруашылығы топырағының 75 пайызға жуығы шөлейттену, сортаңдану, эрозия және ұзақ пайдалану салдарынан жердің құнарсыздануы сияқты тозудың әртүрлі түрлеріне ұшырайды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты топырақтың әлеуетті құнарлылығы 17 пайызға төмендеп, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соқтырғанын мәлімдеді.

Қазақстан Үкіметі осы мәселелерді шешу үшін заңнаманы жетілдіріп жатыр. Жердің тозу мәселелері Жер және Экологиялық кодекстерге, сондай-ақ жерді қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған «Топырақты қорғау туралы» заң жобасына енгізілген. Заңнаманы жетілдірумен қатар тиімді басқару технологияларын енгізу және жер ресурстарын дамытуды ұзақ мерзімді жоспарлау қажет.

Man in a suit speaking at a podium with a blue background and presentation behind him.
Фото: Қазақстнадағы БҰҰДБ/Саламат Аязбай
«Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес еңбек өнімділігін, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы техникалары мен тұқымдарын жаңарту және қамтамасыз ету, агроөнеркәсіптік кешендегі өңделген өнімдердің үлесін арттыру, сондай-ақ экспорт мәселелерін шешуге ерекше назар аударылып жатыр», 
деп атап өтті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы.

Осы бірлескен жоба аясында БҰҰДБ мен Ауыл шаруашылығы министрлігі Солтүстік Қазақстанның төрт негізгі өңірінде: Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында жерді орнықты басқару тәсілдері мен тәжірибесін сынақтан өткізетін болады. 2023 жылы аталмыш өңірлердегі егістік алқаптары шамамен 17 миллион гектарды құрады, бұл елдегі барлық егістік алқаптарының 70 пайызына тең. Осы жайт Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өндірісіндегі мақсатты аймақтардың маңызды рөлін көрсетеді.

Woman in a black blazer speaking at a podium in a conference setting.
Фото: Қазақстнадағы БҰҰДБ/Саламат Аязбай
«Жердің тозуымен күресу үшін экономикалық даму мен табиғи ресурстарды сақтау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін орнықты аумақтық жоспарлаудың кешенді әдіс-тәсілдері қажет»,
деп атап өтті Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа.

Жоба орнықты ауыл шаруашылығы өндірісін және негізгі өндіріс-тарату тізбектерін қолдау, жайылымдарды қалпына келтіру және аумақтық жоспарлауды оңтайландыру үшін агроэкологиялық ынталандырулар мен қаржылық құралдарды енгізуді жоспарлап отыр. Экологиялық, экономикалық және әлеуметтік факторларды ескере отырып, функционалдық аймақтарға бөлу құралдарын және ландшафтты жоспарлауды қамтитын жерді пайдаланудың ғылыми негізделген әдіс-тәсілдері әзірленетін болады. Жоба сонымен қатар түрлі жер пайдаланушылар арасындағы қақтығыстарды азайтуға және экожүйе қызметтерін жақсартуға бағытталған.

A man in a suit speaks at a podium with a microphone in a wooden-paneled room.
Фото: Қазақстнадағы БҰҰДБ/Саламат Аязбай
«Жобаны іске асыру суда жүзетін құстардың ұя салатын, қоныс аударатын және семіретін жері болып табылатын Науырзым табиғи қорығының көл экожүйесінің тұтастығын сақтауға көмектеседі»,
деп атап өтті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев.

Жобаның мақсаты – ұзақ мерзімді экологиялық орнықтылықты қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы жер ресурстарын орнықты басқару, ауыл шаруашылығын дамытуға жағдай жасау, биоәртүрлілік пен экожүйені сақтау.

A conference room filled with attendees seated at round tables, facing a speaker.
Фото: Қазақстнадағы БҰҰДБ/Саламат Аязбай