Қазақстан өңірлерінен жиырма екі экологиялық бастама Қазақстандағы ЖЭҚ Шағын гранттар бағдарламасы шеңберінде гранттар алды

2024 ж. 23 October
a group of people standing in front of a crowd posing for the camera
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Қазақстанның он облысынан жиырма екі экологиялық бастама Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен серіктестікте БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) аясында іске асырылатын Қазақстандағы жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) Шағын гранттар бағдарламасы шеңберінде қаржылық қолдау алды. Бағдарламамен қамтылған өңірлердің қатарында Абай, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан және Ұлытау облыстары бар.

«БҰҰДБ қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Шағын гранттар бағдарламасы жиырма жылдан астам уақыт бойы орнықты даму күн тәртібінің жергілікті шешімдерін ұсына отырып, жергілікті қоғамдастықтар мен азаматтық сектор бастамаларын қолдауда маңызды рөл атқарды», –
атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы энергетика және қоршаған орта департаментінің басшысы Әсел Нұрбекова.
a group of people sitting at a table
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

2023 жылдың шілдесінде басталған ЖЭҚ Шағын гранттар бағдарламасының жетінші кезеңі климаттың өзгеруін азайтуға және жердің тозу процестерін азайтуға ықпал ететін экологиялық бастамаларды қолдауға бағытталған. Қазақстанда іріктелген жобаларға жаңартылатын энергетиканы дамыту, табиғи ресурстарды орнықты басқару, топырақты сақтау және қалпына келтіру әдістері, жайылымдарды орнықты басқару әдістері, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтар арасында экологиялық хабардарлықты арттыру жөніндегі бастамалар кіреді. 

«Қоршаған ортаны қорғау – бұл мемлекеттің, азаматтық қоғамның және әрбір азаматтың күш-жігерін қажет ететін ортақ іс. Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз экономикалық даму табиғат туралы қамқорлықпен қатар жүретін Қазақстан үшін орнықты болашақты қамтамасыз ете аламыз», -
деп атап өтті ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Климаттың өзгеруіне бейімделу департаментінің басшысы Шаттық Тастемірова.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Іс-шара шеңберінде грант алушылар үшін стратегиялық жоспарлау, іске асырылып жатқан жобаларды мониторингтеу және бағалау, Шағын гранттар бағдарламасы шеңберінде қаржылық есептілік бойынша тренингтер өтті, бұл бөлінген қаражатты пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігіне, сондай-ақ гендерлік теңдік мәселелеріне ықпал ететін болады.  

***

БҰҰДБ Шағын гранттар бағдарламасын 1992 жылы ЖЭҚ пилоттық бағдарламасы ретінде іске қосты. Бағдарламаның мақсаты ЖЭҚ негізгі тақырыптық салаларында жұмыс істейтін үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қызметін дамытуға жәрдемдесу. Бүгінгі таңда ЖЭҚ Шағын гранттар бағдарламасы 127 елде жұмыс істейді.  

Қазақстан Республикасындағы Жаһандық экологиялық қордың Шағын гранттар бағдарламасы Қазақстан Республикасында 1997 жылдан бері жұмыс істейді және бүгінгі күнге дейін 374 жобаға қолдау көрсетілді (алтыншы фаза шеңберінде 49 жоба).  

Қазақстандағы Шағын гранттар бағдарламасы туралы толығырақ мына сайттан біліңіз: https://gefsgp.kz.