2022 жылғы 29 наурыз, Қызылорда қаласы - Бүгін БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен Тұрақты даму саласындағы мақсаттарға (ТДМ) қол жеткізу үшін экологиялық аспектілерді талқылауға кең ауқымды көпшілікті тартуға арналған «Стокгольм+50» ұлттық диалогы іске қосылды. Консультациялар 13-15 шілдеде Нью-Йорктегі БҰҰ-дың жоғары деңгейдегі Саяси форумында ұсынылатын ТДМ бойынша ҚР Ерікті ұлттық шолуын талқылау платформасында өтеді.
Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар бастамаларының, жоғары оқу орындарының өкілдері және көптеген т.б. қатысты. Қатысушылар «жасыл» ТДМ-ға қол жеткізу бойынша прогресті жеделдету үшін қажетті шаралар жөніндегі ұсыныстарды, оның ішінде Қазақстанның ұлттық деңгейде айқындалатын үлесін (ҰДАҮ), «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын және тұрақты дамуға ықпал ететін ұлттық деңгейдегі басқа да саясаттар мен шараларды жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды атап өтті. Одан басқа, пікір алмасу мақсатында қатысушылар «ТДМ-ны оқшалау бойынша 2030 миссиясы» іскерлік ойынын ойнады, онда олар топтарға бөлініп, тұрақты даму үшін сау планетаға қол жеткізу жөніндегі іс-қимыл стратегияларын қоса алғанда, қазіргі COVID-19 пандемиясы жағдайында ТДМ-ға қол жеткізу жөніндегі ұсынымдарды пысықтады. Қазақстан Республикасында ұлттық консультациялар еліміздің барлық өңірлерінің облыс орталықтарында өтеді.
«Стокгольм+50» диалогы тұрақты болашақ үшін негіз қалаушы мәнге ие салаларда нәтижелерге қол жеткізуді жеделдету үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін кеңінен талқылауға және біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл, ең алдымен, адамның планетаға әсерін азайту, «жасыл» даму үшін ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалану және бөлу туралы. БҰҰДБ бұрынғысынша Қазақстан Үкіметімен және барлық басқа серіктестермен барлығына арналған тұрақты дамуға қол жеткізу үшін жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті», - деп атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш.
Талқылау нәтижелері ағымдағы жылғы маусымда Швецияның Стокгольм қаласында «Стокгольм+50: жалпыға ортақ өркендеу үшін сау планета – біздің жауапкершілігіміз, мүмкіндігіміз» атты халықаралық кездесуде ұсынылатын болады. Олар сондай-ақ ҚР Ерікті ұлттық шолуына енгізілетін болады.
Іс-әрекеттер онжылдығы ішінде (2020–2030 ж.ж.) Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруды жеделдету мақсатында, оның ішінде COVID-19 пандемиясынан кейін тұрақты қалпына келтіру арқылы БҰҰ-дың Бас Ассамблеясы Швеция Үкіметінің қолдауымен «Стокгольм+50: жалпыға ортақ өркендеу үшін сау планета – біздің жауапкершілігіміз, мүмкіндігіміз» атты халықаралық кездесуді өткізуді келісті. Жоғары деңгейдегі іс-шара 2022 жылғы 2 және 3 маусымда Дүниежүзілік қоршаған орта күні қарсаңында Стокгольмде өтеді. Кездесу БҰҰ-дың Қоршаған орта жөніндегі конференциясының, Бірінші дүниежүзілік конференцияның шақырылуының 50 жылдығына арналады, онда қоршаған орта басты тақырыпқа айналып еді.