Орталық Азия Жапония үкіметі мен БҰҰДБ-мен зорлық-зомбылық экстремизмнің алдын алу үшін күш біріктіруде

Алматыда «Жастар Орталық Азияның орнықты дамуын таңдайды» Форумы басталды

2024 ж. 28 October
a group of people standing in front of a crowd posing for the camera
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Роман Либерчук

Бүгін Алматыда аймақта зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу стратегияларын талқылауға арналған «Жастар Орталық Азияның орнықты дамуын таңдайды» Форумы басталды. Іс-шара Орталық Азияның бес мемлекетінен келген қатысушылардың, соның ішінде мемлекеттік органдар өкілдерінің, діни көшбасшылардың, сондай-ақ шығармашыл адамдар мен жастардың басын қосты. Форум БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Жапония үкіметі қаржыландыратын өңірлік бастамасы шеңберінде ұйымдастырылды. Форумның мақсаты — орнықты Орталық Азия қоғамдастықтарының зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы күрес құралы ретінде қалыптасуына жәрдемдесу.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Роман Либерчук
«2022 жылы БҰҰДБ зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы өңірлік күш-жігерді нығайту мақсатында Орталық Азияда зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу және орнықты қоғамдастықтарға жәрдемдесу жөніндегі өңірлік бастамасының екінші кезеңін іске қосқан болатын. Экстремизмнің түпкі себептерін жоя отырып, сондай-ақ тәуекел тобына жататын жастарға ерекше назар аудара отырып, бастама әрбір жас өзін құнды азамат деп білетін және өз қоғамдастығының орнықты дамуына үлес қоса алатын, инклюзивті қоғам құруға бағытталған», –
деді БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Роман Либерчук

Зорлық-зомбылық экстремизмінің өршуі Орталық Азия елдерінің соңғы отыз жылдағы даму жетістіктеріне қауіп төндіріп тұр. Кедейлік, теңсіздік, мемлекеттік қызметтердің көп жағдайда қолжетімді болмауы, сондай-ақ жеке тұлғаны дамыту мүмкіндіктерінің тапшылығы жастар арасында радикалдану мен зорлық-зомбылық экстремизміне жетелеуі ықтимал факторлар.

a man using a laptop
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Роман Либерчук
«Жапония үкіметі Орталық Азияда зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу жөніндегі күш-жігерді «Орталық Азия мен Жапония» диалогы аясындағы ынтымақтастықтың маңызды нысаны ретінде қарастыруда. Біз 2018 жылғы «Орталық Азияда зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу мақсатында қауымдастықтардың орнықтылығын және өңірлік ынтымақтастықты арттыру» жобасы өз нәтижелеріне жеткеніне қуанамыз. Жобаның екінші кезеңі де сәтті жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымын. Бұл жоба өңірдегі тиісті ұйымдардың белсенді ынтымақтастығы арқылы барынша нәтижелерге қол жеткізеді деп үміттенемін», –
деп атап өтті дипломатиялық миссия басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігінің кеңесшісі Томохиро Каната.
a group of people posing for a photo
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Роман Либерчук

«Жастар Орталық Азияның орнықты дамуын таңдайды» Форумы жаңа дағдыларды дамыту жөніндегі бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, бар мәселелерді жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту арқылы шешу алаңына айналды. Аймақтағы жағдай әр түрлі болғанымен, Орталық Азия елдері әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық және радикалды идеологиялардың таралуы сияқты ортақ кедергілерге тап болып жатады. 

a person holding a microphone
a man wearing a suit and tie reading a book
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Роман Либерчук

Форумның негізгі сессиясы Орталық Азияның түкпір-түкпірінен келген мемлекеттік ведомстволардың өкілдерінің бастарын қоса отырып, зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алудың маңызды стратегиясы ретінде жастарды жұмысқа орналастыру деп қарастырды. Сонымен қатар Форум барысында өткен пікірталастар жастардың радикалдануының алдын алу жұмысындағы діни көшбасшылар мен қауымдастықтардың рөлін қарастырды. Қатысушылар сондай-ақ ҮЕҰ-лар мен жеке сектордың жастар кәсіпкерлігі және оларды жұмыспен қамту бағыттарын дамыту мәселелеріне атсалысуын талқылады.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Роман Либерчук

БҰҰДБ осы саладағы саясат пен бағдарламаларды, сондай-ақ зерттеулерді әзірлеу және енгізу арқылы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру барысында жаһандық деңгейде маңызды рөл атқарады. БҰҰ Бас хатшысының Зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспары мен ОДМ 16-ға сүйене отырып, БҰҰДБ «Зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын инклюзивті даму және төзімділік пен алуантүрлілікті құрметтеу арқылы алу» атты жан-жақты стратегиялық негіз әзірледі.  

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Роман Либерчук