a large green field with trees in the background

Ауыл шаруашылығы өндірісінің орнықты жүйесін ілгерілету және Солтүстік Қазақстанның экожүйелерін сақтау

Жоба жер ресурстарын басқарудың тиімді технологияларын және табиғатты қорғау тәсілдерін кең ауқымда енгізуге жәрдемдесуге, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан ландшафтында өнімді ауыл шаруашылығы алқаптары мен олармен байланысты бағалы экожүйелердің тозуын азайту үшін «жасыл» өндірістік-өткізу тізбектерін ілгерілетуге бағытталған.

Жоба ұлттық және облыстық деңгейде шешім қабылдау үшін жерді пайдаланудың және ландшафт деңгейінде экожүйелерді басқарудың орнықты тәсілдері мен тәжірибелерін сынау мен пилоттауды жүргізетін болады.

Жобаның міндеттері:

  • Жер мен экожүйелердің тозуын болғызбауды ескере отырып, жерді пайдаланудың орнықты тәжірибелері мен тәсілдерін енгізу; 

  • Құнарлы егістік жерлерді әртараптандыруға және басқару тиімділігін арттыруға жәрдемдесу; 

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін орнықты өндіру үшін агроэкологиялық ынталандыруды енгізу;

  • Жайылымдық жерлерді орнықты басқару әдістерін қалпына келтіру және енгізу. 

Ұлттық серіктестер: 

  • Ауыл шаруашылығы министрлігі, 

  • Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, 

  • пилоттық аумақтардың жергілікті атқарушы органдары.

Жоба үйлестірушісі:

Адамбек Нұржан

Email: adambek.nurzhan@undp.org

Жобаның ұзақтығы:

2024 жылғы қыркүйек – 2027 жылғы ақпан 

Жоба бюджеті:

ЖЭҚ – 10.467.000 АҚШ долл.

БҰҰДБ (TRAC) – 120.470 АҚШ долл.  

Донор:

Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ)