Қазақстандағы жаңартылатын энергетика секторындағы гендерлік теңгерім: мәртебесі, проблемалары және шешімдері
Қазақстандағы жаңартылатын энергетика секторындағы гендерлік теңгерім: мәртебесі, проблемалары және шешімдері
2023 ж. 22 December
Бұл есеп БҰҰДБ/ЖЭҚ №00101058 «Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялар үшін тәуекелдерді азайту» (DREI) жобасы шеңберінде дайындалды. Осы жоба шеңберінде Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) секторында гендерлік теңгерімге талдау жүргізілетін болды.
Есеп Қазақстандағы ЖЭК секторындағы гендерлік теңгерімді егжей-тегжейлі қарастырады. Ол ағымдағы мәртебені, проблемаларды, сондай-ақ осы саладағы гендерлік теңгерімді нығайту шешімдерін қамтиды. Есеп екі бөлімнен тұрады: (1) Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңгерім мәртебесіне шолу және энергетика саласына арналған ұсынымдар; және (2) гендерлік теңдік саласындағы заңнама мен нормативтік-құқықтық актілерді талдау.
Ғылыми зерттеулерге сәйкес, жалпы әйелдер ер адамдарға қарағанда климаттың өзгеруі мен декарбонизация мәселелеріне көбірек алаңдайды. Бұл ретте жасыл энергетика саласында ер адамдар көбірек жұмыс істейді. ЖЭК-тен 1 ГВт энергия өндіруге қажетті жұмыс күшінің үлесі мұнай, газ және көмір сияқты дәстүрлі энергия көздеріне қарағанда жоғары. Бұл ЖЭК саласы әйелдер үшін тартымды сала екендігін және жұмысқа орналасу үшін үлкен мүмкіндіктер бар екендігін көрсетеді.