Қазақстандағы БҰҰДБ-ның Тұрақты өкілі Якуп Бериштің Дүниежүзілік қоршаған орта күні аясында сала өкілдерімен конференциядағы құттықтау сөзі
2022 ж. 3 June
Тақырыбы: «Орнықты даму үшін жауапты бизнес»
Аса Мәртебелі Министр Брекешев мырза,
Аса Мәртебелі Әкім Ноғаев мырза,
Құрметті серіктестер,
Дүниежүзілік қоршаған орта күні қарсаңында сіздерді "Орнықты даму үшін жауапты бизнес" атты бүгінгі конференциямызда көргенімізге өте қуаныштымын.
Бүгін, Дүниежүзілік қоршаған орта күні қарсаңында, біз сала өкілдерімен "Орнықты даму үшін жауапты бизнес" конференциясын ұйымдастыруымыздың ерекше мәні бар.
Бүгінгі таңда арзан қазбалы отын түрлерінің көптігіне қарамастан, Қазақстан әлдеқайда әртараптандырылған және "жасыл" экономика құру үшін құрылымдық өзгертулерге кірісті. Елдегі парниктік газдар шығарындыларының төрттен үш бөлігін құрайтын энергетикалық жүйені терең декарбонизациялау осы трансформацияның негізі болып табылады.
Өнеркәсіптің энергияны ірі тұтынушы ретінде шығарындыларды қысқарту және өз қызметінің қоршаған ортаға әсерін жұмсарту қабілеті елдің төмен көміртекті дамуға жылжуының маңызды факторы болады.
Осы өту барлығы үшін сын-тегеурін, әсіресе Covid-19 пандемиясынан кейін қалпына келтіру жағдайында. Жаһандық климаттық амбициялар, көміртегі шығарындыларына баға белгілеу тетіктерін халықаралық үйлестіру ұлттық экономикаға едәуір әсер етеді, бұл ретте кейбір секторлар немесе кәсіпорындарға біркелкі әсер етпейді.
Нәтижесінде, компаниялар баға белгілеу тәсілін түбегейлі өзгертуі керек және экологиялық тәуекелдерді өздерінің негізгі бизнесінен бөлек проблемалар ретінде қарастырмауы тиіс. Компаниялар да, инвесторлар да осы өзгерістерді жүзеге асыруға мүдделі.
Біз операциялық процестердің орнықтылығы туралы өз көзқарастарын дамыта бастаған компаниялардың күш-жігерін жоғары бағалаймыз. БҰҰДБ ОДМ-ды шешімдер қабылдау және практикалық қызмет процестеріне қосу жолымен 2030 күн тәртібі шеңберінде оның қызметі мен инвестицияларын келісуде жеке сект орды қолдауға дайын.
Бұл ауқымды, біртұтас тәсіл ESG бөлімдерінің ерекше жауапкершілігінен немесе корпоративті әлеуметтік жауапкершілік (CSR) аясынан шығуда. Есептер мен сарапшылар адамдар мен планета атынан әрекет ету жақсы бизнес екенін және ертерек әрекет ететіндер ұзақ мерзімді перспективада көбірек пайда көретінін үнемі атап өтеді.
Біз Үкіметтің экологиялық реттеудің тиімді жүйесін құру жөніндегі күш-жігерін қуана қолдаймыз. Қолжетімді ең жақсы технологиялар тұжырымдамасы өнеркәсіптік шығарындылардың алдын алуға және бақылауға көмектеседі және өнеркәсіпті технологиялық жаңғыртуға ықпал етеді.
Бұл тәсіл адамдар мен табиғатты қорғауды қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Бірақ бұл жеткіліксіз, өйткені барлық өнеркәсіптік кәсіпорындар толығымен көміртекті бейтарап бола алмайды.
Осы жағдайда БҰҰДБ тәжірибесі көмектесе алады. Біз каталитикалық және инновациялық құралдарды орнықты дамуға жеке сектордың инвестицияларын жұмылдыру үшін және олардың көміртегі ізін азайту үшін пайдаландық. Мысалдарға "жасыл" облигациялар және декарбонизацияны экономикалық тұрғыдан өміршең ететін көміртегі шығарындыларын өтеу жатады.
Мысалы, 2020 жылы Қазақстан үкіметімен және Bitfury халықаралық IT-компаниясымен бірлесіп, қазіргі ормандарды сақтау және олардың ауданын ұлғайту есебінен көміртегі ізін азайту жөніндегі жобаны іске қостық.
2020-2021 жылдары жоба шеңберінде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының таулы аудандарында есепке алынбаған 67 000 га орман анықталды. Сарапшылардың бағалауы бойынша 1990-2020 жылдары Шығыс Қазақстан облысының есепке алынбаған ормандары СО2 шамамен
6 млн тонна эквивалентін сіңіріп алған, ал СО2 сіңіру бағасы келесі 50 жылға СО2 4,6 тоннадан астам эквивалентін құрайды.
Ханымдар мен мырзалар,
Жасыл және төмен көміртекті дамуды ілгерілетудегі үкіметтермен ондаған жылдар бойғы ынтымақтастыққа сүйене отырып, БҰҰДБ Қазақстан үкіметі мен жеке секторға көміртегі шығарындыларын экономикалық тұрғыдан өміршең және әлеуметтік тұрғыдан әділ жолмен азайту жөніндегі күш-жігерін табысты іске асыруға көмектесу үшін өзінің саяси тәжірибесі мен білімін жұмылдыруға дайын.
Сіздерге рахмет!