Волонтерлерді қабылдаймыз!
Егер сіз волонтерлікке қызығушылық танытасаңыз және азаматтарды цифрлық мемлекеттік қызметтерді пайдалануға үйретуде тәжірибе жинағыңыз келсе, біз сізді БҰҰДБ жобасының волонтері болуға шақырамыз.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- 18 жастан асқан;
- тәжірибелі компьютер қолданушысы;
- ЭЦҚ және цифрлық мемлекеттік қызметтерді пайдалану тәжірибесі;
- мобильді қосымшалардың алдыңғы қатарлы қолданушысы;
- сауатты сөйлеу;
- бейнекамерасы және аудио жүйесі бар компьютердің болуы.
Іріктелген кандидаттар азаматтарға цифрлық мемлекеттік қызметтерді түсіндіру процедуралары туралы онлайн-тренингтен өтеді және өз аймақтарында карантин кезінде қашықтықтан () және карантин аяқталғаннан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аймақтық филиалдарында жұмыс істейді.
Волонтерлік практиканың ұзақтығы - 6 ай (маусым -қараша 2020ж.).
Волонтерлік жұмыс кестесі – аптасына кемінде 10 сағат
Тіл білу – қазақ, орыс
Волонтерлік практикаға қатысу үшін urkiya.janzakova@undp.org эл. поштасына төмендегілерді жолдаңыз:
түйіндеме, уәждеу хаты және жұмыс берушіден (студенттер үшін оқытушыдан) ұсыным хат
Өтінімдер Қазақстанның барлық аймақтарынан 2020 ж. 2 мамырына дейін қабылданады.