Климаттың өзгеруі – біздің заманымыздың неғұрлым күрделі проблемасы екендігі ақиқат. ХХ ғасырдың 60-70 жылдары басталған климаттың өзгеруі бүгінгі күні біздің планетамызды жойып жіберуі мүмкін. Климаттың өзгеруі қазір барлық елдерге қатер төндіреді. Ал климаттық дағдарысқа ең аз дәрежеде жауаптылар қатты зардап шегуде, өйткені бүкіл әлемдегі жергілікті тұрғындар экологиялық апаттар алдында осал болып, теңсіздік күшейе түсуде. Бұл тұрғыда климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі әйелдердің алатын орны өте маңызды. Климаттың өзгеруіне ден қою ретінде гендерлік алшақтықты жүйелі түрде жою, үй шаруашылықтары мен қоғамдастықтардың климаттық апаттарға төзімділігін арттырудың ең тиімді тетіктерінің бірі болып табылады.
Нақты дәлелдер әйелдердің құқықтарын кеңейту және гендерлік теңдікті ілгерілету
азық-түлік пен экономикалық қауіпсіздік және денсаулықты қоса алғанда, кең ауқымды секторлар бойынша нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетеді. Бұл үй шаруашылығында және ұлттық деңгейде қоршаған ортаға зиянсыз шешімдер қабылдауға да алып келуі мүмкін. Керісінше, гендерлік теңсіздік әйелдердің, отбасылардың және қоғамдастықтардың тұрақтылығы мен бейімделу қабілетін айтарлықтай тежеп, климаттың өзгеруінің салдарларын азайту мүмкіндіктерін де шектейді.
Климаттық саясатты жоспарлауда жаһандық нормаларды қалыптастыратын халықаралық ұйымдар гендерлік түйткілдерді есепке алады. Гендерлік теңсіздік климаттың өзгеруіне осалдыққа едәуір дәрежеде әсер етеді. Осалдық пен әсер етудегі айырмашылықтар климаттық факторлардан емес, біркелкі емес даму процестерінен туындаған көп өлшемді теңсіздіктерден туындайды. Бұл айырмашылықтар климаттың өзгеруімен байланысты тәуекелдерді құрайды. Әлеуметтік, экономикалық, мәдени, саяси, институционалдық немесе басқа жағынан маргиналданған адамдар әсіресе осал болып табылады.
Бұл жоғары осалдық сирек бір себептен ғана туындамайды. Көбінесе бұл әлеуметтік-экономикалық жағдай мен кірістердегі, сондай-ақ бар тәуекелдерге осалдық дәрежесіндегі теңсіздікке алып келетін әлеуметтік процестердің бірін-бірі қайталауының нәтижесі болып табылады. Мұндай әлеуметтік процестерге, мысалы, жынысына, тапқа, этникалық тегіне, жасына және мүмкіндіктерінің болмауына байланысты кемсітушіліктер жатады.
Климаттың өзгеруі теңсіздік үлгілерін туындатты
Климаттың өзгеруі, соның ішінде өндірістік және табиғи ресурстарға қол жеткізудегі гендерлік теңсіздікті күшейтеді. Климаттың өзгеруі ауылшаруашылық өндірісі, азық-түлік қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, су және энергетикалық ресурстар, көші-қон және климатқа байланысты қақтығыстар, климатқа байланысты табиғи апаттар тұрғысынан әйелдер мен ерлердің активтері мен әл-ауқатына әртүрлі жолдармен әсер етеді. Әйелдердің жерге, суға және басқа да ресурстарға, өндірістік активтерге тәуелділігі және оларға қол жеткізудің теңсіздігі, көптеген жағдайларда шектеулі ұтқырлық пен шешім қабылдау өкілеттіктері олардың климаттық өзгерістердің барабар емес әсерін білдіреді. Осымен қоса, климаттың өзгеруіне байланысты әйелдер мен қыздардың ақысыз жұмыс пен үй жұмыстарының ең ауыр жүгін көтеруі де күшейе түседі.
Қазақстанда әйелдердің ресурстарға қол жеткізуі, иеленуі және бақылауы, сондай-ақ отбасы мен қоғамда шешім қабылдауда шектеулі өкілеттіктері мен құқықтары әлі де шектелгенін ескерсек, олар ерлерге қарағанда климаттың өзгеруінің әсеріне осал. Әйелдердің климаттық іс-қимылдарда басшылық рөлі болмағандықтан, олардың үндері естілмеуі де ықтимал. Әйелдер климаттық әрекетті жобалау, жүзеге асыру, мониторингтеу және бағалау барысында шешім қабылдауда және басшылықта айтарлықтай аз қамтылған.
Әйелдер климаттың өзгеруіне қарсы күресушілер қатарын толықтыруы керек
Табиғи ресурстарды басқарудағы жергілікті білім мен дағдыларды ескере отырып, әйелдер Қазақстанда климаттың өзгеруіне бейімделу мен оның салдарларын азайтуды басқаруда да ерекше рөл атқара алады. Ғасырлар бойы әйелдер су шаруашылығы, орман шаруашылығы және биоәртүрлілікті басқару бойынша білімдері мен дағдыларын ұрпақтан-ұрпаққа беріп отырады. Бұл тәжірибе сәйкес бейімделу және әсерді азайту тәжірибесін анықтау және енгізудің бөлігі болуы керек. Әйелдердің климаттың өзгеруіне жауап беруге белсенді қатысуы және саясаттар мен бағдарламалар әйелдердің нақты қажеттіліктеріне,
сын-қатерлеріне және басымдықтарына жауап беруі өте маңызды.
Кейінгі жылдары климаттың өзгеруінің әйелдер мен қыздарға барабар емес әсерін, олардың өзгерістер жетекешілері ретіндегі рөлін және гендерлік теңдіктің орасан құндылығын және әйелдердің әлеуметтік, экономикалық және климаттық орнықтылықтағы артықшылықтарын мойындау арта түсуде.
Әйелдердің білімдерін және олардың мүмкіндіктерін кеңейту барлық адамзаттың игілігі үшін климаттың өзгеруінің тиімді шешімдерін әзірлеудің маңызды мүмкіндігі.
Ілеспе жел гендерлік мәселелерді климаттық күн тәртібіне енгізуге көмектеседі
Бұл эволюция климаттық келіссөздерге, климатты жоспарлауға және климаттық іс-әрекетке гендерлік ықпалдасу бойынша қол жеткізілген прогрестен көрініс табады, бұл БҰҰ КӨНК Париж келісімінде гендерлік және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі БҰҰ КӨНК
Лима жұмыс бағдарламасын қабылдау және жүзеге асыру күш-жігерімен дәлелденді.
Мәселен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының Гендерлік мәселелер жөніндегі іс-қимыл жоспары (2019 ж.) климаттың өзгеруімен күресте гендерлік түйткілдерді есепке алуға бағытталған қадам болып табылады. Бұл құжат әлеуетті арттыру және білімді басқару, коммуникация, климатқа қатысу және көшбасшылық саласындағы гендерлік тепе-теңдік және гендерлік әсер ету шараларын қоса алғанда, климаттық саясат пен әрекеттерде гендерлік мәселелерді жүйелі түрде енгізуді ұсынады (БҰҰ КӨНК, 2019b).
Париж келісімінде (7-бап, 5-тармағы) Тараптар бейімделу ең жақсы әрі қолжетімді ғылыми білімге негізделген және оны тиісті әлеуметтік-экономикалық және экологиялық стратегияларға және әрекеттерге біріктіре отырып, елдің бастамаларына, гендерлік аспектілерді, қатысу және толық ашық болу тәсілдеріне негізделуі тиіс екенін мойындайды. Гендер мен климат арасындағы байланыс әйелдердің климаттың өзгеруіне байланысты шешімдер қабылдауға қатысуын қамтамасыз ете алатын елдердің Ұлттық деңгейде айқындалатын үлестері (ҰДАҮ) арқылы бақыланады.
БҰҰ КӨНК ұлттық хабарламалары білім берудегі гендерлік мәселелерді ілгерілету, хабардарлықты арттыру және климаттық әрекетте әлеуетті арттыру күштері үшін маңызды бастапқы нүкте болып табылады. БҰҰ КӨНК Хатшылығы анықтағандай, кешенді гендерлік теңдік стратегиясы «... барлық салалардағы және барлық деңгейлердегі заңнаманы, саясатты немесе бағдарламаларды қоса алғанда, кез келген жоспарланған
іс-әрекетке әйелдер мен ерлерді тарту…» процесі болып табылады.
Хабарламаларды әзірлеу, сонымен қатар климаттың өзгеруін жоспарлау мен саясатты әзірлеудің басқа процестеріне де әсер етеді, мысалы, ұлттық бейімделу, салдарларды азайту жоспарлары, ұлттық деңгейде айқындалатын үлестерді әзірлеу және/немесе енгізу туралы хабарлау, гендерлік және климаттың өзгеруі бойынша ұлттық және салалық жоспарлар және т.б. Мұнымен қоса гендерлік талдау элементтері бар есеп беру процесі де неғұрлым ашық және шынайы.
Осылайша, климаттың өзгеруі мәселелерін гендерлік күн тәртібінен тыс қарастыруға болмайтыны анық. Елдердің климаттың өзгеруінің әртүрлі тұрғын халықтар тобына, соның ішінде әйелдерге тигізетін әсерін жүйелі түрде түсінуі және климаттың өзгеруі теңсіздікті одан әрі арттырмауын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауы өте маңызды, бұл ретте әйелдердің әлеуетін белсенді түрде пайдалана отырып, «ешкімді артта қалдырмайтындай» анағұрлым гендерлік-сезімтал саясатты қабылдау аса маңызды.