«Жасыл» және климаттың өзгеруіне тұрақты жаһандық экономикаға көшу елдерден тиімді саясат, институттар, түрлі экономикалық пайда әкелетін «жасыл» қаржыландыру және инвестициялық құралдарды әзірлеуді талап етеді.
Парниктік газдар шығарындыларын және ластанудың барлық түрлерін азайту бойынша мемлекеттерге қысымның артуы жағдайында, «жасыл» деп аталатын қаржыландыру түрі аса маңызды рөл атқарады. Ол үкіметтерге, банктерге және кәсіпорындарға тұрақты дамуға әкелетін жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін әртүрлі қаржы құралдарын ұсынады. Басқаша айтқанда, нарық пен қаржы әлеуетін қолдана отырып, «жасыл» қаржыландыру инвесторлар мен бизнестің қоршаған ортаға оң үлесін қоса отырып, жақсы табыс табуына мүмкіндік береді.
Қазақстанда «жасыл» облигацияларды енгізу
Ең толысқан «жасыл» қаржы құралдарының бірі - «жасыл» облигациялардың Қазақстандағы дебюті, «Астана» халықаралық қаржы орталығы(АХҚО) қор биржасының сауда жүйесінде алғашқы борышқорлық бағалы қағаздар шығарылғанда, 2020 жылдың тамыз айында орын алды. Climate Bond Initiative (CBI) сарапшыларының басшылығымен әзірленген АХҚО-ның «жасыл» облигациялар туралы ережелері Қазақстандық нарықта аталмыш қаржы құралын реттейді. Олар «жасыл» облигациялар мен климаттық облигациялар стандартына негізделген. Бұл құрал және оның негізіндегі критерийлер мен қағидаттар ТМД-ның барлық елдері үшін бірдей.
Бұл құрал Қазақстанда жаңартылатын энергия көздеріне инвестицияларды ынталандыру мақсатында Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) қаржыландырумен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) қолдауымен және ҚР Энергетика министрлігі іске асырылатын «Жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялар тәуекелдерін төмендету» атты ауқымды жобасының шеңберінде алғаш рет іске қосылады.
БҰҰДБ мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде бизнес өкілдеріне шағын және орта қуатты жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) жобаларын дамыту үшін қаржыландырудың жеңілдікті шарттарын ұсыну көзделуде: БҰҰДБ облигациялар бойынша купондық мөлшерлеменің бір бөлігін жеңілдетеді және соның арқасында соңғы алушылар үшін қаржыландыру арзандайды. «Даму», өз пайдасын қосып, содан кейін тиісті ЖЭК жобаларын кредиттеу кезінде төмен пайыздық мөлшерлемелерін беретін екінші деңгейдегі коммерциялық банктерге және микроқаржы ұйымдарына төмендетілген пайыздық мөлшерлемелер бойынша облигацияларды сатудан түсім береді. Банктер кредиттік тәуекелді өзіне қабылдайды.
Жасыл облигациялардың алғашқы шығарылымында «Даму» Қоры шамамен 500 000 АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартты. Болашақта «Даму» Қоры өзінің «жасыл» облигациялар бағытындағы жұмыстарын кеңейтіп, энергия тиімділігі, биоәртүрлілікті сақтау, қалдықтарды басқару және басқа да қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды орнықты пайдалану сияқты салаларды қамтуды жоспарлап отыр.
БҰҰДБ қолдауымен «жасыл» облигацияларды шығару елдің энергия тиімділігіне, парниктік газдар шығарындыларын азайтуға, ЖЭК үлесін арттыруға негізделген төмен көміртекті экономикаға өтуінің тағы бір сатысы болып табылады. Олар, сондай-ақ, елдің баламалы және жаңартылатын электр энергиясының үлесін 2050 жылға қарай өндірілетін энергияның жалпы деңгейінің 50% -ына дейін арттыру секілді экологиялық мақсаттарына қол жеткізуге ықпалын тигізеді.
«Жасыл» облигациялардың жаһандық нарығы.
«Жасыл» облигациялар тез дамып келе жатқан инвестициялық мүмкіндіктердің көзі, өйткені бүкіл әлем елдері төмен көміртекті болашаққа бет бұруда. Жаһандық ауқымда «жасыл» облигациялар нарығы айтарлықтай күшті, масштабталу және тұрақтылықты көрсетті: 2019 жылдың аяғында бүкіл әлемде 5000-нан астам «жасыл» облигациялар шығарылды, ал 2019 жылы шығарылым рекордтық 167,3 миллиард долларға жетті.
Осы жылдың қыркүйегінде Мексикада 890 миллион АҚШ долларына тұрақты даму мақсаттары үшін 7 жылдық облигация (ТДМ) шығарылды. Ресурстарды жеке қорлар ТДМ-ға бағдарланған бағдарламаларды қаржыландыру үшін беретін болады, өйткені облигациялар шығарудан түскен кірістер «жасыл» бастамалар мен жобаларды қаржыландыру үшін пайдаланылатын болады. 2019 жылы Эквадор энергия тиімділігі, ЖЭК, таза өндіріс, құрылыс, тұрақты көлік және қалдықтарды басқарумен байланысты өлшенетін экологиялық артықшылықтары бар жобаларды қолдау үшін 5 жылдық «жасыл» облигацияны ұсынды. Экологиялық инновацияларды қолдайтын «жасыл» облигацияларды шығарындыларды азайтуға және «жасыл» инновацияларды дамытуға арналған, құны 1,25 миллиард АҚШ долларды құрайтын ең алғашқы Егемен «жасыл» сукук, яғни Ислам облигацияларын Индонезияда да кездестіруге болады. Ганада «Жасыл облигациялар бастамасы» (GBI), халықаралық коммерциялық емес ұйымы 30-дан астам халықаралық мемлекеттік қызметкерлерге арналған климаттың өзгеруіне қарсы тұруға бағытталған, мақсаты 100 триллион долларлық облигациялар нарығын жұмылдыру болып табылатын «жасыл» облигациялар бойынша оқу тренингісін өткізуге шақырылды.
«Жасыл инвестициялар» - барлығына тиімді
Дұрыс қолдана білсек, «жасыл» облигациялар инвестицияларды анағұрлым тиімдірек іс-шараларға бағыттайтын нарықтық күштер мен саяси мақсаттар арасындағы синергияны тудырады. Бұдан басқа, орнықтылықты арттырудан, климаттың өзгеру салдарын жұмсартудан және баламалы энергетикаға көшуден басқа, Қазақстанда және бүкіл әлемде «жасыл» облигацияларды сәтті енгізу климаттың өзгеруіне бейімделу үшін қаржы ағындарын ұлғайтуға, сондай-ақ әлеуметтік әсерге, дүлей зілзалалардың салдарын еңсеруге арналған облигацияларды қоса алғанда, ұқсас үлгідегі басқа да қаржы құралдарын жедел енгізуге әкелуі мүмкін.
Жасыл облигациялар - бұл барлық қатысушы тараптар үшін ұтымды ұсыныс. Олар сенімді кірістерді қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықаралық инвесторлар қауымдастығының әлеуметтік-жауапты инвестицияларға деген өсіп келе жатқан тәбетін қанағаттандырады. Донорлық қаражатты салыстырмалы түрде аз мөлшерде бөліп, үкіметтің қолдауы төмендеу болса да, құрал нәтижелерді арттыра алады. Олар банктерге өздерінің бизнесі мен клиенттер базасын кеңейтуге көмектеседі, ең бастысы, жеке адамдар мен компаниялар экологиялық таза тауарлар мен қызметтерді дамыту мен кеңейтуге көмек алады, бұл олардың өмір сүру деңгейін жақсартуға және экологиялық қатерлерді азайтуға мүмкіндік береді.