Қазақстан мен Өзбекстанда білім беру және оқыту арқылы Ауғанстан әйелдерінің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге қолдау көрсету
Қазақстан мен Өзбекстанда білім беру және оқыту арқылы Ауғанстан әйелдерінің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге қолдау көрсету
2019 жылы БҰҰДБ Еуропалық Одақ қаржыландыратын таңдалған бағыттар бойынша Ауғанстан әйелдерінің Қазақстан мен Өзбекстанда сапалы академиялық білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналған жобаны жүзеге асыруды бастады. Жоба Ауғанстанға оралғаннан кейін әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді деп күтілуде.
Осы жылдан бастап 2025 жылға дейін 50 студент Қазақстан мен Өзбекстанның академиялық институттарынан ауылшаруашылық, қаржы және тау-кен ісі саласында бакалавр, магистратура және TVET дәрежелерін алады. Сонымен қатар, "БҰҰ-Әйелдер" ұйымы жобаға қатысушылар үшін жазғы мектептер ұйымдастырады.
Жоба туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша табуға болады.