Инвестициялық тәуекелдерді қалай азайтуға болады?
Қазақстанда қуаттылығы аз жаңартылатын энергия жобаларын енгізу және іске асыру
2022 ж. 29 July
Қазақстандағы БҰҰДБ Қазақстанда қуаттылығы аз ЖЭК жобаларын енгізу және іске асыру тақырыбы бойынша материалдардың ақпараттық пакетін дайындады. Жинақ шағын және орта бизнес (ШОБ) өкілдеріне, әлеуетті инвесторларға, жергілікті атқарушы органдарға, фермерлерге, қаржы ұйымдарына және т.б. арналған.
Қазақстан әлемдегі парниктік газдар (ПГ) шығарындыларының ең ірі көздерінің бірі болып табылады – ел ПГ шығарындыларының көлемі бойынша топ‑30 елдің қатарына кіреді. Қазақстанда ПГ шығарындылары негізінен энергия өндірумен байланысты: мұнда елдегі барлық түзілетін шығарындылардың 82% шоғырланған. Осылайша, жылу мен электр энергиясын кез келген көлемде өндіру кезінде қазбалы отынды жаңартылатын энергия көздерімен алмастыру ПГ шығарындыларының төмендеуіне әкеледі. Елдің электр энергиясын өндіру құрылымындағы жаңартылатын энергия үлесін ұлғайту үшін ЖЭК-ге жеке сектордың инвестицияларын тарту қажет.
Ақпараттық пакет Қазақстанда ЖЭК шағын көлемді жобаларына инвестициялау мүмкіндіктері туралы толық ақпарат жинақталған жүйелендірілген құжат болып табылады. «Қадамдық нұсқаулық» бөлімінде әртүрлі мақсатты топтарға арналған алгоритмдер мен қаржы құралдары ұсынылған, мысалы, жобаның бюджетін жоспарлаған және құрған инвесторлар үшін.
Ұсынылған жинақ әлеуетті инвесторлар үшін пайдалы болады, өйткені сарапшылар шағын көлемді ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша нұсқаулықтар, ұсынымдар мен сәтті мысалдар әзірледі.
Бұдан басқа, ЖЭК технологияларын өндірушілер экономиканың түрлі секторларына технологияларды енгізу мақсатында қолданыстағы бағдарламалар мен қолдау шаралары туралы ақпарат алады. Ауыл шаруашылығы өкілдері үшін шалғай аумақтарда орналасқан ЖЭК технологияларын енгізу мүмкіндіктері туралы ақпараттық база ұсынылған.
Ақпараттық пакеттің толық мәтінін мына жерден жүктеп алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, энергия тиімді және шағын көлемді ЖЭК жобаларын пайдалану тұтынушылар, ШОБ субъектілері, сондай-ақ коммуналдық меншік объектілері үшін көптеген оң аспектілерге ие. Өндірілетін электр энергиясының құны энергия тасымалдаушылардың құнына тәуелді болмайтындығы, ал орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада энергия тұтыну азаятындығы, бұл кейіннен ресурстарды үнемдеуге әкелетіндігі барлық тараптар үшін негізгі оң аспектілер болып табылады.