Қазақстандағы БҰҰДБ-да тұрақты өкілдің жаңа орынбасары тағайындалды
2022 ж. 11 August
Сухроб Ходжиматов Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) тұрақты өкілінің орынбасары болып тағайындалды.
Сухроб Ходжиматовтың халықаралық ұйымдарда, мемлекеттік мекемелерде, сондай-ақ жеке секторда бағдарламаларды дамыту және басқару саласында 25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Қазақстандағы БҰҰДБ кеңсесіне тағайындалғанға дейін Сухроб Ходжиматов Әзірбайжандағы БҰҰДБ тұрақты өкілі, Түркиядағы БҰҰДБ тұрақты өкілінің орынбасары (2017 – 2022) міндеттерін атқарды. 2013-2017 жылдары Сомалидегі елдік директордың орынбасары және Найроби қаласындағы (Кения) Сомалидегі БҰҰДБ қолдау кеңсесінің директоры; 2006-2013 жылдары - Нью-Йорк қаласындағы (АҚШ) БҰҰДБ-ның штаб-пәтерінде және Тәжікстандағы БҰҰДБ-ның елдік кеңсесінде жұмыс істеді.
БҰҰДБ-ға келгенге дейін С. Ходжиматов Тәжікстандағы құқықтық және экономикалық даму бойынша USAID жобаларында бірқатар жетекші лауазымдарды атқарды. Еңбек жолын Тәжікстанның Бас прокуратурасында бастаған.
С. Ходжиматов Тәжік ұлттық университетінің құқық магистрі дәрежесіне және Бүкілресейлік мемлекеттік әділет университеті мен Невада университетінің (АҚШ) ұлттық сот колледжінің дипломнан кейінгі дәрежесіне ие.
Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы дамудың ұлттық басымдықтарын іске асыруда Қазақстан Үкіметіне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік басқару, әлеуметтік қорғау, цифрландыру, экожүйелерді сақтау, энергия тиімділігі, климаттың өзгеруімен күрес және т.б. салалардағы жобаларды іске асырады.