2022 ж. 15 наурыз, Нұр-Сұлтан – Қазақстанның 14 өңірінде Ұлттық экономика министрлігінің «Ынтымақтастық қоры», ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және «Атамекен» ҰКП серіктестігі аясында 14 әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды. Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың алғашқы үш орталығы 2021ж. Түркістан, Алматы және Маңғыстау облыстарында ашылды. Бастама Азия Даму Банкінің қаражаты есебінен қаржыландырылады және оны Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы жүзеге асырады.
«Орталықтар әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға, оқыту, кооперация және қажетті құзыреттерді қалыптастыру арқылы олардың экономикалық белсенділігін ынталандыруға, сондай-ақ бизнесті қолдау бағдарламалары шеңберінде жеңілдікті кредиттер мен гранттар беруге, әйелдердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, әйелдер мен олардың ұйымдары өндірген тауарлар мен қызметтерді өткізу нарықтарын дамытуға ықпал етуге бағытталған», - деп атап өтті ҰКП Өңірлік даму департаментінің басқарушы директоры «Атамекен» Бауыржан Оразғалиев.
2021 жылдың қараша айында ашылған Орталықтарға бүгінгі таңда 500-ден астам әйел өтініш білдіріп, осы өңірлердегі негізгі тақырыптарын анықтау үшін қажеттіліктеріне байланысты талдау жұмыстары жүргізілді.
«Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуды қолдау әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, теңсіздіктерді қысқартуға, сондай-ақ бүкіл халықтың әлеуетіне сүйене отырып, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ете отырып, неғұрлым тұрақты экономикалық өсуге ықпал ететін болады. Біз бұл бастаманы Қазақстанның барлық өңірлерінде қолдауға қуаныштымыз», - деп атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Виталий Времиш.
«АДБ гендерлік теңдікті ілгерілетуге және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге үлкен көңіл бөледі. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарын құру кәсіпкер әйелдерге жаңа мүмкіндіктер беріп қана қоймай, өз өңірі мен елінің дамуына қомақты үлес қосуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз», – деп атап өтті Азия Даму Банкі жобаларының үйлестірушісі Арыстан Ғалиев.