Маңғыстау облысына арналған кәсіпкерлік дағдыларды дамыту және креативті индустриялар стартаптарын жеделдету бағдарламасы
2024 ж. 21 August
Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) Маңғыстау облысында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту және креативті индустриялар стартаптарын жеделдету (акселерация) жөніндегі білім беру бағдарламасының іске қосылғанын хабарлап, барлық ниет білдірушілерді белсенді түрде қатысуға шақырады. Бастама БҰҰДБ-ның орнықты Орталық Азия қоғамдастықтарын зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу мақсатында күшейту жөніндегі, Жапония үкіметі қаржыландыратын жобасы шеңберінде жүзеге асырылуда.
Алты аптаға созылатын білім беру бағдарламасы Ақтау, Бейнеу және Жаңаөзенде командаларға арналған апта сайынғы онлайн трекерлікпен өтеді.
Білім беру бағдарламасы бизнес-жоспар әзірлеу, идеяларды ұсыну, бизнес-жоспарлау, цифрлық маркетинг құралдары, қаржыны басқару, зияткерлік меншікті қорғау және креативті индустриялар салаларында технологиялар мен инновацияларды енгізу сияқты тақырыптарды қамтиды. Оқыту бағдарламасында апта сайынғы офлайн кездесулері қарастырылған.
Бағдарлама аясында қатысушылар өз стартаптарын және қолданыстағы бизнес-бастамаларды дамыту бағдарламаларын әзірлейді.
Білім беру бағдарламасының қатысушыларына креативті индустрия саласының спикерлерінің дәрістері қолжетімді болады.
Бағдарламаның соңғы кезеңінде стартаптарды таныстыру күні өтеді. Онда команда қатысушылары дайын жобаларын қазылар алқасы мүшелері мен әлеуетті инвесторларға көрсетеді.
Бағдарлама ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде басталады. Бағдарлама туралы толық ақпаратпен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады.
Білім беру бағдарламасына қатысуға үміткерлер:
Google формасын толтыруы керек;
резюмеңізді diabdrakhmet@gmail.com электрондық поштасына «Creative Mangystau» тақырыбымен жіберіңіз;
бағдарламаға қатысуға ең дайын және ынталы деген үміткерлер шақырылады, нәтижесі Google формасында көрсетілген электрондық пошта мекенжайлары арқылы хабарланады.
Жобаға креативтік секторда жүзеге асырылған, дамып келе жатқан және жаңа кәсіпкерлік бастамалар қатыса алады.