Ресми мәлімдеме
2023 ж. 21 July
Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) қазақстандық компанияларға БҰҰДБ атынан тауарлар мен қызметтерді сатып алуға тендер жариялайтын белгісіз тұлғалардың заңсыз әрекеттері туралы ескертеді. Хабарландырулар келесі электрондық пошта мекенжайынан жіберіледі: purchase-department@undp-un.org. Бұл әрекеттер ұйымдардан ақша алуға бағытталған алаяқтық әрекеттер болып табылады.
БҰҰДБ осы жалған тұлғалармен өзара әрекеттестікке қатысты ықтимал құқықтық салдарлар үшін жауапкершілік көтермейді. Алаяқтық құрбандары тиісті шара қолданылуы үшін өз істерін жергілікті құқық қорғау органдарына хабарлай алады және/немесе келесі веб-сайт арқылы оқиға туралы хабарлай алады: https://www.undp.org/scam-alert . Бұл ақпарат көзінде сондай-ақ осындай мәселелер бойынша қосымша түсініктемелер де бар.
Қазақстандағы БҰҰДБ ұйымның барлық ресми байланысы тек @undp.org домен атауынан жүзеге асырылатынын ресми түрде хабарлайды.