Қазақстан табиғатты қорғаудың «үміт карталарын» құрған әлемдегі пилоттық бес елдің бірі болды

2020 ж. 21 May

 

 

21 мамыр 2020, Нұр-Сұлтан - Қоршаған ортаны қорғау саясаты саласындағы әлемдік жетекші ғалымдар мен сарапшылар Қазақстанның тіршілік әрекетін қамтамасыз етудің негізгі салаларын айқындайтын "үміт карталарын" құру үшін жергілікті серіктестерімен кездесті. Экологиялық жүйелердің табиғи ресурстарын қорғау, қайта қалпына келтіру және басқару үшін жүзеге асырылатын шаралар Қазақстанға биологиялық әртүрлілік, климаттың шұғыл өзгерісі және тұрақты дамыту бағыттары бойынша өзіндік стратегиялық басымдылықтарына жетуін қамтамасыз етеді. 

Тіршілік әрекетті қамтамасыз етудің негізгі салалары  маңызды биологиялық әртүрлілікті  сақтайтын және адамдарға көміртекті жинақтау, азық-түлік, тұщы су, суды сүзу және апат қаупін төмендету сияқты маңызды экожүйелік қызметтерді ұсынатын табиғи белдеулер мен аумақтардың жиынтығы ретінде анықталады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта осы экологиялық жүйелерді анықтау, сақтау мен қайта қалпына келтіру үшін шешім қабылдауға көмектесетін ғылыми негіз немесе қолдау құралдары жоқ. Бұл бастама осы олқылықты жоюға мүмкіндік береді.

 "2020 жылдан кейінгі кезеңде биологиялық әртүрлілік  саласындағы жаңа жаһандық негіздемелік бағдарламаға және климат пен тұрақты даму саласындағы басқа да негізгі халықаралық міндеттемелерге қол жеткізуге ықпал ететін іс-шараларды анықтау және жоспарлау үшін кеңістіктік деректерді пайдалану мен басқарушылық шешімдерді жоспарлау және мемлекеттік саясат шараларын машықтау  бойынша елдерге қолдау көрсету басты мақсат болып табылады", - деп мәлімдеді Якуп Бериш, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты Өкілі.

Қазақстан Колумбия, Коста-Рика, Перу мен Уганда сияқты "үміт карталарын" жасау бойынша бес пилоттық елдің бірі болып белгіленді. БҰҰДБ бұл бастаманың нәтижелерін жаһандық деңгейде тарату үшін пайдаланатын болады.

"Табиғи ортаның жай-күйіне әсер ететін мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру маңызды биологиялық түрлердің, экожүйелердің және жерді пайдаланудың ағымдағы жай-күйі, биоалуантүрліліктің негізгі аудандары туралы қолжетімді ақпараттың болуын талап етеді. Сонымен қатар, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар, сондай-ақ қоршаған ортаны пайдаланушылар - фермерлер мен іскер топтар, сондай-ақ ғылыми-зерттеу мекемелері мен оқу орындары тарапынан экожүйелік қызметтер мен табиғи капитал туралы ақпаратқа деген қажеттілік көп жағдайда сезіледі", - деді Асхат Қайнарбеков, ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы.

Алдағы жыл ішінде 196 мемлекет келесі 30 жыл ішінде биологиялық әртүрлілік саласындағы жаһандық мақсаттардың жаңа тізбесі бойынша келісімге қол жеткізеді. Сондай-ақ, бір жыл ішінде осы елдерде көмірқышқыл газының ластық шығарындыларын айтарлықтай азайту жөнінде шаралар қабылдауға міндеттейтін климат жөніндегі Париж келісімі күшіне енеді. Бұл жобаның нәтижелері осы негізгі халықаралық саяси процестің екеуі де әсерін тигізеді.

Семинар БҰҰ Даму Бағдарламасы, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Ұлттық Географиялық қоғамының, Гордон және Бетти Мур қорының және Жаһандық Экологиялық Қордың қолдауымен өтті.

Толық ақпарат алу үшін Қазақстандағы БҰҰДБ Коммуникациялар жөніндегі кеңсесімен undp.kz.media@undp.org электрондық поштасы немесе +7 705 700 9793 телефон нөмірі арқылы хабарласыңыз.