Өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектердi сатып алу
Қазақстандағы басқа да әлеуметтік маңызды аурулармен қатар, С гепатитімен науқастану саны жыл сайын өсуде (соңғы он жылда 4,6 есе өскен). Осы жобаның шеңберінде БҰҰДБ «СК-Фармация» ЖШС әлеуметтік маңызы бар аурулардың, оның ішінде C гепатитін емдеуге қажетті дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу саласындағы әлеуетін дамытуды қолдайды.
2018 жылғы сатып алу:
- Софосбувир дәріcі (С гепатиті) 18,460 пациентті емдеу;
- Даклатасвир дәріcі (С гепатиті) 18,460 пациентті емдеу.
2019 жылғы жоспарланған сатып алу:
- Софосбувир дәріcі (С гепатиті) 2,731 пациентті емдеу;
- Даклатасвир дәріcі (С гепатиті) 2,731 пациентті емдеу;
Ықтимал сатып алулар:
- Адалимумаб (ревматоидты артрит) – 929 алдын-ала толтырылған шприцтер;
- Долутегравир 50 мг (АРВ) – 41,951 қорап;
- Софосбувир/даклатасвирға қосымша тапсырыс.
БҰҰДБ сараптамасы:
Халықаралық деңгейде:
- Сатып алу жобаларын іске асырудағы көпжақты сараптама;
- БҰҰДБ-ның жаһандық корпоративтік ұзақ мерзімді келісімшарттары шеңберінде жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде ауқымды сатып алудан аса тиімді үнемдеу (БҰҰДБ-ның бірнеше елдік кеңселерінің қажеттіліктерін біріктіру арқылы).
Ұлттық деңгейде:
- Жобаларды басқару, соның ішінде қаржылық және әкімшілік мәселелер;
- Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуда Ұлттық серіктестің әлеуетін дамытуға қолдау көрсету;
- Халықаралық және ұлттық деңгейде конкурстық сауда-саттық өткізу;
- Тауарларға, логистикаға және сақтандыруға тапсырыс беру;
- Сенімді жеткізушілерден ең төмен баға бойынша жоғары сапалы медициналық өнімдерді сатып алу.
Жобадан күтілетін нәтижелер:
- Қазақстан Республикасының тұрғындарын жоғары сапалы медициналық өніммен қамтамасыз ету;
- Инновациялық диагностикалық технологиялармен және шығын материалдарымен жарақтандыру арқылы қазақстандық медицина мекемелерінің әлеуетін арттыру;
- Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ККТМК) шеңберінде емдеудің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру;
- Ұлттық серіктестердің сатып алу бойынша әлеуетін арттыру;
- Медициналық мекемелердің әлеуетін арттыру.
Жобаның бенефициарлары:
Гепатит С және басқа әлеуметтік маңызды ауруларға шалдыққан науқастар
Жобаның географиясы:
Қазақстан Республикасы
Жобаның ұзақтығы:
2018-2020
Жалпы бюджет:
$4,399,714.69
Донор / серіктес:
- ЖШС «СК – Фармация» – $4,399,714.69
- Денсаулық сақтау министрлігі
- Қор теңгерімі (2019-2020ж.) – $2,673,792