Жаңартылатын энергия көздерін инвестициялауда тәуекелдерді төмендету

Қазақстан экономикасы энергия сыйымды сипатқа ие – өндірілетін электр энергияның шамамен 69 %-ын өнеркәсіп тұтынады. Бастапқы энергия ресурстарын тұтынуда шамамен 55 %-ы көмір, және оны тұтынудың абсолюттік көрсеткіші орта мерзімді перспективада сол деңгейде сақталатыны күтілуде. Елдегі электр станциялардың 66 %-ға жуығы электр энергиясын өндіру үшін көмірді пайдаланады, сондай-ақ Қазақстандағы орталықтандырылған жылыту жүйесінің 80 %-дан астамы көмірді пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі. Отын-энергетикалық ресурстары бар және пайдаланатын экономика құрылымының осы факторлары елдегі парниктік газдар шығарындылары санына айтарлықтай әсер етуде.

Осы себептен, бүгінгі күні Қазақстан, Орталық Азиядағы парниктік газдар шығарындыларының ең ірі көзі болып табылады, жылдық көлемі 310,2 Мт CO2e (2015 ж.). Парниктік газдар шығарындыларының ең үлкен үлесі отын-энергетикалық кешеніне тиесілі – 2015 жылы 79 %-ды құрады (ең жоғары көрсеткіш – 88 %, 2010 жылы тіркелген). Екінші орында ауыл шаруашылығы - 29,1 Мт CO2e немесе 2015 жылғы 9 % шығарындылар.

Парниктік газдар шығарындылары қарқындылығының ЖІӨ-нің бір бірлігіне келгенде, Қазақстан осы көрсеткіш бойынша ең жоғары әлемдегі он елдің қатарына кіреді. Сондықтан, электр энергиясы мен жылуды өндіру кезінде қазба отынын кез келген көлемде жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) алмастыру, парниктік газдар шығарындыларының төмендеуіне әкеледі.

Жобаның мақсаты ҚР Үкіметіне жаңартылатын энергетиканы дамыту және елде ЖЭК нысандарын белсенді енгізуді ынталандыратын инвестициялық климатты жақсартуға көмек көрсету болып табылады.

Жоба ірі көлемді және шағын көлемді жаңартылатын энергия көздеріне бағытталған. Осы жобаның ұзақ мерзімді мақсаты жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың көлемін айтарлықтай арттыру арқылы Қазақстандағы энергетика нарығын трансформациялауға қол жеткізуде әсер ету болып табылады; электр энергиясы өндіруде ЖЭК көлемін 2030 жылға қарай - 1,1 %-н (КЭС, ЖЭС, қуаты 35 МВт-қа дейнгі кіші ГЭС, 2017 ж) 10%-ға дейін жеткізу, ол дегеніміз ЖЭК-те электр энергиясы өндірісін 10 есеге дейін арттыру.

Жобаның бас назарында жел және күн энергия көздері болады. Алайда, балансқа жаңартылатын энергетиканың өзге де түрлерін тарту мәселелері қаралады (биогаз, геотермальды энергия, гидроэнергетика және т. б.). Жоба сондай-ақ әзірлеушілерге шағын көлемді ЖЭК-тің жаңа коммерциялық және қаржылық үлгілерін қолдануға септігін тигізетін болады.

Атқарушы агенттік: ҚР Энергетика министрлігі

Байланыс көздері: Жоба координаторы – Адамбек Нұржан

Эл.пошта: adambek.nurzhan@undp.org

Мекен-жай: Астана қ., А. Мамбетов к.,24, №415 кеңсе

www.undp.org/kazakhstan

 

 

Бенефициарлар:

ҚР Азаматтары
ҚР Үкіметі

Жобаның ұзақтығы: 2018 – 2024

Жалпы бюджет: $55,520,000

ЖЭҚ: $4,510,000

Қосымша қаржыландыру:

ҚР Үкіметі: 3,250, 000

Басқа көздерден: $ 50,910,000

БҰҰДБ: 100,000