Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілі Катаржина Вавьернианың XI Азаматтық Форумда сөйлеген сөзі

2023 ж. 19 October
Фото: XI Азаматтық Форумы баспасөз қызметі

Жоғары мәртебелі Мәжіліс Төрағасы Қошанов мырза, 

Құрметті Министр Балаева ханым,

Құрметті XI Азаматтық Форумға қатысушылар,

 

Қазақстанның XI Азаматтық Форумына қатысу мен үшін үлкен мәртебе. 

Елдің өткен жылдардағы дамуының ауқымы мен жылдамдығына көз жүгірте отырып, Қазақстанның орнықты дамуына бағытталған іс-қимылдарды қолдаудағы азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы әріптестікті жоғары бағалайтынымды айтқым келеді. 

Біз 2030 жылға дейінгі күн тәртібін іске асыру жолының дәл ортасындамыз. Бұл — амбицияларды, ОДМ-ға қол жеткізуді және «ешкімді артта қалдырмау» міндеттемесін орындауды жеделдету бойынша іс-әрекеттерді қайта жандандыратын, маңызды сәт. 

Қыркүйек айының соңында Нью-Йоркте шыққан қорытындыға сәйкес, әлем ОДМ-ға қол жеткізу жолына әлі түскен жоқ. 

Бүгінгі таңда ОДМ-ға қол жеткізу прогресі әлі де алға қажетті жылдамдықпен немесе масштабта жылжып жатқан жоқ. Жаһандық мақсаттарға қол жеткізу мерзімі аяқталғанға — 2030 жылға дейін небәрі 7 жыл қалғандықтан, бүкіл қоғамға бағытталған тәсілді қолдана отырып және процеске барлық мүдделі тараптарды тартып, шұғыл түрде жаһандық, аймақтық және ұлттық мәселелердің орнықты шешілуін күшейту және жеделдету қажет. 

Бүгінгі жиналыс — Қазақстанның 2030 жылға дейінгі күн тәртібіне және оның Орнықты даму мақсаттарына деген ниеттестігі мен адалдығының үлгісі. Біз, яғни, БҰҰДБ, Қазақстанның Үкіметі мен азаматтық қоғамын осы жолда қолдайтынымызға мақтанамыз. 

Сондай-ақ біз жаңадан құрылған ОДМ жөніндегі Парламенттің комиссия құрамына кірген үкіметтік емес сектордың белсенділігін күтеміз және оған сенеміз, өйткені бұл — ОДМ-ны ілгерілетуге қажет, құнды ресурс.

Біз бас қосып, бірге жұмыс істейміз, өйткені ОДМ-ға жеке-жеке жету мүмкін емес екенін түсінеміз. Саяси ерік-жігер мен ұжымдық іс-қимылдар, соның ішінде Қазақстанның неғұрлым экологиялық, тең құқылы және әділ мемлекет құру жолында күш қосатын, белсенді азаматтық қоғамы болса, болашағымыз жарқын болып көрінуі мүмкін. 

Мен ҮЕҰ-лардың халықтың осал топтарын қамтуы және қауымдастықтардың әр түрлі өзекті мәселелер туралы хабардарлығын арттыру бойынша кампаниялар жүргізуі, сондай-ақ Үкіметпен және Парламентпен құрған тиімді әріптестігі оларды ОДМ-ға қол жеткізу және ілгерілету процесінің құнды қатысушысы екенін айқындайтынын атап өткім келеді.

Бұл тұрғыда Үкімет пен халық арасындағы «көпір» қызметін атқаратын үкіметтік емес сектордың рөлін атап өткен жөн болар.

Қазіргі таңда Қазақстанда түрлі салада белсенді жұмыс істейтін 18 мыңға жуық ҮЕҰ бар. Бұл шын мәнінде адами капитал мен сараптамалық білімнің ауқымды активі — осындай үлкен және өзара байланысты қоғамдастық бере алатын әлеуметтік және басқа да артықшылықтардың әлеуетті көлемін ескере отырып, оны дамытып, арттыру қажет. 

Бұл ҮЕҰ-лардың 1/3 бөлігі әлеуметтік жағынан осал топтарды жүйелі түрде қолдаумен айналысады — бұл іс 2030 жылға дейінгі күн тәртібінің негізгі мақсаты мен «ешкімді артта қалдырмау» қағидасын жүзеге асыруға сәйкес келіп, оларға әсер етеді. 

Біз, әсіресе ОДМ-ны еліміздің барлық өңірлерінде оқшаулау бағыты бойынша ауқымды жұмыс атқаруымыз керек. Сондықтан осы күрделі процесті жүргізу барысында Парламент пен Үкіметті қолдау үшін құзыретті ҮЕҰ мен олардың сараптамалық қоғамдастығын тарта отырып, бірлескен әрі жүйелі тәсіл әзірлеу қажет. 

Біздің расымен де ҮЕҰ-мен сәтті серіктестік құру мысалдарымыз бар және біз бұл іс осылай жалғаса береді деп үміттенеміз.  Айта кететін жәйт, ҮЕҰ-ның 2019 және 2022 жылдары Қазақстанның бірінші және екінші Ерікті Ұлттық Шолуын әзірлеуге деген бейілділігі мен тартылу деңгейі бізге шабыт берді. Бұл шынымен де бұрын-соңды болмаған жетістік үкіметтік емес сектор ұсынған құнды тәжірибе мен білімді шоғырландырудың нәтижесі болды. 

Құрметті қатысушылар, 

Біз елдегі үкіметтік емес сектордың қоғамның алдында тұрған жаңа қажеттіліктер мен сын-тегеуріндерге негізделген, серпінді дамуының куәсі болып отырмыз. Осыған байланысты серіктестігіміз де толыққанды, инклюзивті және жан-жақты болып, ОДМ-ға қол жеткізуге бағытталып отыр. 

Азаматтық форум бәріміздің басымызды біріктірді және біз мемлекеттің жарқын әрі орнықты болашағына жету жолында адамдардың игілігі мен амандығы үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек

Рақмет!