Қазақстанға орнықты даму және климаттың өзгеруіне қарсы күреске арналған Ұлттық бейімделу жоспары не үшін қажет?

2024 ж. 18 November
grass,train,track,many,covered,railroad,green,old,different,table,display,cake,parked,road,sheep,standing
Фото: Жасанды интеллектпен салынған/ DALLE

Кейінгі жылдары Қазақстан климаттың өзгеру қаупіне – құрғақшылыққа, судың аздығына, сел құбылыстарына, су тасқынына, жылу толқындарына және орман өрттеріне тап болды. 2024 жылы Қазақстандағы су тасқыны шамамен 300 миллиард теңге көлемінде залал келтіріп, соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат болды. 

Климаттың өзгеруімен тиімді күресу үшін парниктік газдар шығарындыларын азайтуды ғана емес, сонымен қатар шұғыл бейімделу шараларын қамтитын кешенді тәсіл қажет. Қазақстан қазірдің өзінде осы бағытта қадамдар жасап жатыр және Ұлттық бейімделу жоспары (ҰБЖ) елді орнықты дамытуды және климаттық тәуекелдерден қорғауды қамтамасыз етудің негізгі құралы болады. Биыл Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Жасыл климат қорының қаржылық қолдауымен Экология және табиғи ресурстар министрлігімен серіктестікте Қазақстандағы стратегиялық жоспарлауға климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелерін интеграциялау жөніндегі жобаны іске қосты.

text

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаменті директорының орынбасары Гүлмира Ғалиеваның айтуынша, Қазақстан заңнамасында климаттың өзгеруіне бейімделу аспектілері қалыптасқан. Өткен жылы ел 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын қабылдады, онда климаттың өзгеруіне бейімделу шаралары да енгізілген. Бұл ретте одан әрі бейімделу процесін облыстық деңгейде іске асыру қажет. БҰҰДБ мен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің жобасы шеңберінде экономиканың және қоғамның әртүрлі секторлары үшін климаттың өзгеруінің салдарын жою жөніндегі барлық стратегиялар мен іс-қимылдарды баяндайтын кешенді құжат – Ұлттық бейімделу жоспары әзірленетін болады.

Климаттың өзгеруіне бейімделуге БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы (БҰҰ КӨНК) тараптарының конференцияларында ерекше назар аударылады. Алайда, 2010 жылы Мексиканың Канкун қаласында өткен тараптардың 16-шы конференциясы бетбұрыс болды. Конференцияда Тараптар Канкунға негізделген бейімделу бағдарламасы мен бейімделу комитетін құрды және қажет болған жағдайда аймақтық бейімделу орталықтары мен желілерін құру туралы шешім қабылдады.

БҰҰ КӨНК әдіснамасына сәйкес, бейімделу шараларын әзірлеу анықталған ықтимал осалдықтарға және олардың басымдықтарына негізделеді. Ұлттық бейімделу жоспарлары маңызды рөл атқарады, өйткені олар елдерге климаттың өзгеруіне осалдығын бағалауға, бейімделу қажеттіліктерін анықтауға және тұрақтылықты арттырудың тиімді стратегияларын әзірлеуге жүйелі көзқарас береді. Бұл жағдайда бейімделу процесі үздіксіз: шаралар үнемі қайта қаралып, түзетілуі керек. Қазіргі бейімделу индикаторларына қол жеткізу тек өршіл мақсаттар қою қажеттілігін көрсетеді, өйткені климаттың өзгеруі экономиканың әртүрлі салаларына теріс әсер етеді және жедел әрекет етуді қажет етеді.

Ұлттық бейімделу жоспарлары ұлттық деңгейде айқындалатын салымдар (ҰДАС) және басқа ұлттық әрі салалық саясаттар мен бағдарламалармен тығыз байланысты. 2023 жылы жаңартылған ҰДАС Қазақстан Париж келісімі бойынша халықаралық міндеттемелерге сәйкес климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды енгізді. Төрт негізгі секторға назар аударылады: орман және ауыл шаруашылығы, су ресурстары және азаматтық қорғау/апат қаупін азайту.

Бұдан басқа, ұлттық жоспарды әзірлеу кезінде БҰҰДБ негізгі серіктестермен бейімделуді жоспарлау саласындағы атқарушы органдар арасындағы үйлестіруді нығайтуға, бейімделу шешімдерін әзірлеу үшін дерекқорларды дайындауға, жеке сектордың бейімделуге қатысуына, сондай-ақ бейімделу жөніндегі шараларды қаржыландыруды ұлғайтуға ерекше назар аударады. Жоба шеңберінде бейімделу және климаттық қызметтер саласындағы ахуалды бағалау және талдау жүргізіледі, қолданыстағы нормативтік құжаттар әзірленеді немесе жетілдіріледі, жоспарланған және іске асырылған бейімделу шаралары туралы есептілік жүйесі құрылады, бейімделу жөніндегі секторлық жоспарлар дайындалады. 

Жобаның тағы бір маңызды құрамдас бөлігі сарапшыларды даярлау болып табылады, олар аяқталғаннан кейін ұлттық және облыстық деңгейлерде бейімделу міндеттері мен шешімдерін одан әрі әзірлеп, іске асыратын болады.  Ұлттық жоспармен жұмыс шеңберінде «Қазгидромет» РМК Қазақстан Республикасы Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің өкілдері үшін де, жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, шағын және орта бизнестің, жергілікті басқару органдарының өкілдері үшін де білім беру тренингтері өткізілетін болады. 

Ұлттық бейімделу жоспарын әзірлеу Қазақстан үшін аса маңызды қадам.  Бұл жоспардың сәтті жүзеге асырылуы қоғамның барлық секторларының — мемлекеттік органдардан бастап жеке сектор мен азаматтардың қатысуына байланысты. Қазақстан қазірдің өзінде орнықты болашаққа бет бұруда, әрі қарайғы қадамдар елдің өзгермелі климаттық жағдайлармен қаншалықты тиімді күресетінін айқындайтын болады.