Көмекке мұқтаж жандарға арналған «Менің үйім»

2024 ж. 17 July
a group of people sitting at a table
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Азамат Жантөрин

Терміртаудағы «Менің үйім» орталығы – бұл көмекке мұқтаж жандарға арналған Қазақстандағы қоғамдық бірлестің бірі. Орталық есірткіге тәуелділігі бар, түрмеден шыққан, ВИЧ дертімен өмір сүріп жатқан, зорлық-зомбылық құрбаны болған, құлдықтан босап шыққан адамдарға көмек береді. «Менің үйім» орталығына келіп, жәрдем алғандардың оқиғасы әртүрлі, бір-біріне мүлдем ұқсамайды – қиын тағдыр, қолдаудың болмауы, тіпті өмірі босқа өткендей әсер қалдыратын адамдарды көресің. 

Еленаның оқиғасы

Елена, 51 жаста, жарты жыл бұрын абақтыдан босап шыққан. Бейбақ әйел өмірінің соңғы 11 жылын темір торда өткізген. 

a group of people sitting at a table
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Азамат Жантөрин

30 жыл бұрын Елена алғаш рет есірткінің дәмін татып көреді. Бірақ ол кезде оның басынан қиын жағдай өтіп жатқан. Жүктілік пен ауыр босану. Жаңа туған қыздың өкпесі екі жағынан да қабынады. Дәрігерлер одан үмітіңді үз дегендей кеңес береді. Ал үйде тағы екі кішкентай баласы күтіп отыр.  

«Мен жолда қатты жыладым. Автобуста отырып, күйеуіме қарасам, оның да көзі жасқа толы. Мен одан: «Сен неменеңе жылайсың? Мен сені есірткіге тәуелділіктен шығару үшін өмірмен арпалысып жүрген кезде жылау керек еді» дедім. Себебі бұл кезде менің шыдамым әбден таусылған болатын», – деп еске алды Елена сол күндерін.

Еленаның күйеуі нашақор болатын. Әбден жүйкесі тозған келіншегіне өзінше көмектескені ме, оған есірткі шегуді ұсынды. Еленаның қарсылығына қарамастан күйеуі оған инені мәжбүрлеп салған.

Есірткі қолданып қана қоймай Еленаның күйеуі криминалды ортада да жүретін. Ақырында сотталып, түрмеге кете барды.

«Оны түрме түзететін шығар деп ойладым. Ол спортпен шұғылданатын, өміріміз де қалыпты, балалар да махаббаттан туған еді. Үйге келсем, оның костюмі ілініп, туфлиі сыртта тұр. Бірақ өзі жоқ. Шындықты қабылдау қиын болды», - деп Елена әңгімесін жалғастырды.

Туыс-туған мен жақындарым, достарым бізден теріс айналды. Ортам мүлдем басқа адамдармен толықты. Қайғы жұтқан келіншек мүгедек анасы мен кішкентай 3 баласының барына қарамастан есірткіден демеу іздей бастады. Есін жиып, тәуелді адам екенін түсінгенінде емдеу орталығын таппай қалды. Көмек сұрайтын да жері жоқ. Елена есірткі тұтынуды жалғастырып, қылмыс жасап жүре беруді дұрыс жол деп ұйғарған. Әрине, ақырында бәрі түрмеге әкеп тіреді.

a person sitting in front of a window
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Азамат Жантөрин
«Алғашында 1,5 жылға қамалдым. Бір жылдан кейін амнистияға ілігіп, босап шықтым. Әкемді өлтіріп кетті. Анам қайғы жұтып, ауырып қалған. Ауыр стресс, балалар бар. Депрессия. Қайта бәрі кері кетті. Осылайша 2008 жылға дейін жалғасты», - дейді Елена.

1997 жылы Еленаның ВИЧ жұқтырғаны анықталады. Ол кезде ақпараттар жоқтың қасы. Елена ауруды ине арқылы жұғатынын білмеген. Есірткілестерімен бір шприц қолданып келген. Қазір ол үнемі антиретровирустық терапия қолданып келеді.

ВИЧ жұқтырып, оның нәтижесі оң болып шыққанда келіншек полиция мен медициналық қызметкерлердің тарапынан стигматизацияға ұшырағанын есіне алады. 

«Сен жамансың, сен сондайсың. ВИЧ жұқтырғаны белгілі болып, медициналық көмек керек болған кезде, дәрігерлер оның ауамен тарамайтынын біле тұра: «Палатаңнан шықпа, артыңнан дезинфиция жасалады» деп мазақтайтын. ВИЧ-сің деп өзге сотталушылар да қасыма жоламайтын», -
деп өткенін Елена есіне алады.

Оның балаларына түрлі қорлық да жасалатын. Әсіресе, олардың құрдастыры мен аналары қырын қарайтын.

«Кенже қызым маған хат жазыпты: « Мама, сен ренжіме, менің бұлай жазып жатқаныма. Мұндайды қаламаймын. Бірақ маған қиын. Бәрі қыдырып жүр, ал мен үйде отыруға мәжбүрмін. Өйткені қайда барсамда маған: «Сенің мамаң сондай» деп айтатындар көп. Мектепте де құрдастырымның әке-шешесі: «Мына балалармен дос болмаңдар» деп айтады», - дейді Елена.

Ұзақ жылдан кейін ғана Елена балаларымен байланыс орната алған. Ал күйеуі әлі нашадан айықпаған. Тәуелді болғанына келіншек қатты өкінеді.  

«Егер уақытты кері қайтарса, мен көбірек ақпарат білгенімде, мұндай жолға түспес едім. Өмірде бірдеңеге қол жеткізіп, балаларым мен ата-анама жәрдемші болар едім», -
деп сөзін жалғастырды ол.

Еленаның оқиғасы Теміртаудағы «Менің үйім» орталығындағы көп оқиғаның бірі ғана. Сондай-ақ, орталық та есірткіге тәуелділігі бар, түрмеден босатылған, ВИЧ дертімен өмір сүріп жатқан, зорлық-зомбылық құрбаны болған, құлдықтан босап шыққан адамдарға көмек беретін Қазақстандағы ең алғашқы қоғамдық бірлестіктердің бірі. 

Валентинаның оқиғасы

Валентина ВИЧ дертіне шалдыққан. Биыл ол 60 жасқа толмақ. Әрине, келбеті жақсы сақталған әрі өзін де сергек сезінеді. Әлі күнге дейін оған бұл дерттің қалай жұққаны белгісіз.

Валентина ешқашан темекі тартып, алкоголь ішіп, есірткі қалданған емес. Медицина саласының құрметті өкілі болған. Бірақ 8 жыл бұрын әдеттегі медтексерудің барысында келіншектің қанынан ВИЧ шыққан. Әрине, ол төбесінен жай түскендей болды.

«Күтпеген жағдай болды. Ішімдегі алай-дүлейді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Туыстарым тұрмақ, балаларыма да айта алмадым. Тек іштей ешкімге айтпаймын деп шешім қабылдадым.  Мен үшін СПИД орталығының да білетіні жеткілікті еді. Терапияға келдім. Өзімді жақсы сезінемін. Сауықтыру орталықтарына барып тұрамын. Қарасаңыз, мұнда 20-30 жыл терапияда жүргендер бар. Тәп-тәуір өмір сүреді. Бәрі де әдемі-ақ», деп Валентина ішіндегі шерімен бөлісті.
a man and a woman standing in front of a table
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Азамат Жантөрин

Теміртаудағы СПИД орталығындағы мамандардың денін Валентина жеке танитын – ара-тұра жұмыс бабымен келетіні бар. Медқызметкерлер оған түсінікстікпен қарайтын. Ауыр диагнозына қарамастан орталық өкілдері оған жақсы қарым-қатынас танытқанына Валентина алғыс білдірумен келеді.  

Кейіпкеріміз ВИЧ жұқтырғанын білгеннен кейін бірден ауруханадағы қызметінен шығып кеткен. Бұған дейін әрдайым істе болып, бос отырып көрмеген келіншектің алдында енді немен айналысамын деген сұрақ туындайды.   Медециналық салаға оның қайтып орылғысы келмеді. Сөйтіп, Валентина СПИД-орталыққа келіп, өзгелерге көмек беруді ұйғарған.

«2016 жылы мен «Менің үйім» қоғамдық бірлестігіне келдім. Олар менің оқиғамды тыңдады. Осында тұрып, тренингке қатысып жатқандарға көмек беріп, түрлі шараларды ұйымдастыруға қатысып бастадым. Одан кейін орталықта жұмысқа тұруға мүмкіндік туды. 2022 жылдың шілдесінен бастап осында әлеуметтік қызметкер ретінде жұмыс істеп жатырмын», - дейді Валентина. 
a man and a woman looking at the camera
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Азамат Жантөрин

Келіншектің айтуынша, «Менің үйім»-де қызмет істегеннен бері ол өзі сияқты ВИЧ жұқтырған кісілермен тілдесіп, мұнда адамдарды ВИЧ жұқтырған, жұқтырмаған деп бөлмейтінін көрген.

«Бұрын ойлайтынмын, менің бетіме қарағанның бәрі ВИЧ-статусым барын көріп тұр деп. Бірақ мұнда мен бәрі сияқты болуды үйрендім. Қазір мүлдем ондай жаман ой келмейді. Бәрін ашық айтып, бәрімен тек осы жерде ғана сөйлесе аламын. Балаларымның көңілін қалдырғым келмейді. Себебі ВИЧ жұқтырған адам ұзақ өмір сүрмейді деген түсінік әлі бар». –
деп баяндады Валентина.

«Менің үйім»-де жұмыс істеген 8 жыл ішінде Валентина мұндай талай тағдырға куә болған. Олармен бірге мұңдасып, қолдау көрсеткен. Келіншектің айтуынша, ВИЧ жұқтырған адамдар әлі қоғам тарапынан қысым көреді. Себебі түсінік пен ашық ақпарат жеткіліксіз. 

Маринаның оқиғасы  

Марина өзіне теріс көзқараспен қарайтындардың талайын көрген. Қазір оның жасы 45-те. Өзін «90-шы жылдың баласы» санайды. Жас кезінде кикбоксингпен айналысқан. Спорт шебері статусына кандидаттығы бар.

Келіншек, тоқырау заманында, яғни ақша жоқ, ас-жалаңаш жүрген кезін жиі еске алады. Сол уақытта жаман ортаға түсіп, ақыры «ұрлық» жасаған үшін жеткіншектерге арланған колониядан бір-ақ шыққаны бар. Онда 4 жыл отырады. Абақтыда өкпе құртын жұқтырып, бостандыққа шыққаннан кейін де ұзақ емделуіне тура келген.  

a person taking a selfie in a room
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Азамат Жантөрин

Ауыр дерттен айыққан соң жаттығуға қайта оралып, кикбоксингті жалғастырмақ ойда болған. Бірақ олай ете алмады. Араласатын ортасы қайта бұзылып, енді есірткі қолдануға көшті.  

«Көңілім құлазып жүрдім. Менімен бірге түрмеде отырғандармен қайта араласа бастадым. Олардың бәрі де кезінде нашақор болғандар еді. Бостандыққа шығысымен қайта жалғастырды. Олармен ортақ еске алатын дүниелерім көп болды. Бір апта шыдап жүрдім. Екінші аптада мен де көргім келеді дедім. Бірден ұнады. Сөйтіп басталды да кетті. Шамамен 15 жылдай қолдандым. Ара-тұра түрмеге де оралып тұрдым. Шығам, қайта есірткі қолданам. Ата-анам мені емдеуге тырысты. Наркологиялық диспансерге де апарды. Түк шықпады...», - дейді Марина.

Бәрін қосып есептегенде Марина 12 жылын темір тордың арғы жағында өткеріпті. Соңғы рет 2015 жылы бостандыққа шығысымен, есірткіге де, қылмыс әлеміне де жоламай кеткен. Түрмеде отырған ақырғы мерзімінде анасы, әжесі дүниеден өтті. Енді тек әпкелері ғана қалған. Қазір ол 4 мәрте түрмеге отырып шыққандығы туралы тісжарып айтқысы жоқ. Жасыруға тырысады.

Марина әлі күнге дейін стигмадан, өзін-өзі жазғыру сезімінен арылмаған. Жалпы бұл қоғам арасында белең алған мәселенің бірі, түрмеден босап шыққан адамның бәріне тән. Олар өздерін өзгелерден кем санайды, өзін бәріне, тіпті жұмыс істеуге де лайықсызбын деп санайды.

«Бұл жүре келе қалыптасатын комплекс. Мен өзімді ақымақ санамаймын, бірақ бәрібір өзімді төмен сезінемін. Тіпті жұмысқа орналасуға бара жатып: «Менің сотты болғанымды біліп қойса не істеймін» деген ой мазалайды», -
дейді ойымен бөліскен Марина.

«Менің үйім» қоғамдық бірлестігіне Марина кездейсоқ келген. Онымен  бірге түрмеде отырған келіншектің бірі осында келіпті. Сол шақырған.

«Орталықта өз еркіммен келіп, көмек беремін. Мұндай орталықтар барар жері мен басар тауы жоқ, әрі тіркеуі де болмайтын келіншектерге керек жер. Мұнда сізді үйдегідей күтіп алады. Қамқорлық көрсетеді, өз құқықтарың туралы айтып береді. Қазір мен пәтерге орналастым, сонда орнығуыма жәрдемдесті», - дейді Марина.

8 жыл темір торда отырып шыққан Марина үшін қазіргі өмірі құдды бір өзге планетаға тап болғандай әсер қалдырып жүр. Бәрі өзгерген. Сенсорлы телефондар пайда болған, түрлі мессенджерлер бар.

«Түрмеде отырған кезімде біреу айтқан осы туралы. Мен неге бұл өтірік айтып отыр, ондай болуы мүмкін емес» деп ойлағаным бар. Бірақ босап шыққаннан кейін бәрін өз көзіммен көргенде қатты таңқалдым. Қазір, әрине, бәрін игеріп, қолданып үлгердім. Арасында кейде таң-тамаша болып тұратыным бар», - дейді Марина.  

Келіншектің сөзіне қарағанда, қазір ол мүлдем басқа адам. Үйінде үй жануарлары бар – бір төбет пен 2 мысығы. Жақындарымен де байланыс орнатқан. Кенже сіңлісіне де қарайласып, қомқор болып тұрады. Өткен өміріне қарап, Марина қалайша есірткі қолданып, қылмыс жолына түсіп кеткенін түсінбейді. 

«Қазір біреудің қандай да бір затына қарауға да қорқамын. Қорқамын. Менің өткен өмірім менікі емес сияқты көрінеді. Не болғанын өзім де түсінбеймін. Қазір енді бәрі басқаша», -
деп сөзін аяқтады Марина.
Иринаның оқиғасы

Ирина Жданова Теміртау қаласындағы «Менің үйім» халыққа қолдау көрсету және әлеуметтік көмек орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Сонау 90-шы жылдары жас буын шетінен нашақорлықтың құрбаны болып жатқан шақта Иринаның балалары да қармаққа ілінген еді. Ұлы есірткіні шамадан тыс қолданып, дозаның көптігінен өліп кетті. Қызы ВИЧ инфекциясын жұқтырып, есірткі қолданып кеткеннен кейін Марина қызына көмектесу мақсатында өмірі қиын жағдайға тап болған жеткіншектер үшін «Реванш» атты дағдарыс орталығын ашады. 

a man and a woman taking a selfie
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Азамат Жантөрин

Бастапқыдан есірткіге әуестенген балалардың ата-анасының қолдауымен белсенділер тобы құрылған. Мақсаты – нашақор болып кеткен адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін қолдау көрсету.

«Нашарқорлыққа ұрынған азаматтардың өздері ғана емес, отбасы мен балалары да зардап шегеді. Біз үйлеріне барып, қалай тұрып жатқандарын көріп жүрдік. Бұған жай қарап тұру мүмкін емес. Одан кейін балалар абақтыдан босап шыға бастады. Оларға да қолдау, көмек қажет болды. Қазақстанда сауықтыру орталықтары ашыла бастады. Осы кезде қиын жағдайдағы отбасыларға, балаларға және есірткінің жолына түскендерге көмектесу керек деген мақсат туды. Нашақорлар мен ВИЧ инфекциясын жұқтырғандарға профилактика жүргізу», -
дейді Ирина.

Бастаған іс алға жылжып, бастамашыл топтың жұмысы қоғамдық бірлестікке ұласты. Осы кезде «Менің үйім»-ді ресми тіркеуге шешім қабылданады. Нәтижесінде 20 жыл бойы Ирина өмірде қиын жағдайға тап болғандарға көмектесіп келеді.

«Біз Жапонияның елшілігіне жүгініп, өзіміздің иелегімізде болған ғимаратты реттеп, қайта құрылыс жасауға мүмкіндік алдық. Қаржылай қолдау алып, осы дағдарыс орталығын ащтық. Мұнда түрмеден босап шығып, барар жері жоқ адамдар келеді. Олардың жолында кездесетін қиындық шаш етектен: жұмысқа тұра алмайды, құжаттары жоқ, туыстарымен байланысы үзілген, ауруханаға да бара алмайды. Міне, осы көмектің бәрін олар осы жерден ала алады», - дейді Ирина.

Иринаның айтуынша, қоғамдық бірлестіктің артында өзгеге көмек беруді қалаған энтузиасттар тұр. Бүгінде донорлардың көмегімен 40-қа жуық қолдауға мұқтаж адамдарға арналған әлеуметтік жоба жүзеге асқан.

a group of people performing on a counter
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Азамат Жантөрин
Өкінішке орай, «Менің үйім» орталығында жайсыз оқиғалар да болып жатты. Мәселен, нашақорлыққа қайта оралып, қылмыс жасауды тоқтата алмаған адамдар да тіркелген. Бірақ мұндай оқиғалар көп емес. Себебі «Менің үйім»-нен көмек алып шыққандардың басым бөлігі қалыпты өмірге оралып, жұмыс тауып, отбасымен қайта қауышып, жарқын болашаққа жоспарларын құра алған.
a woman sitting at a table with a cup of coffee
a person sitting on a bed in a room
a man that is standing in the grass
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Азамат Жантөрин

***

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) сыналған және дәлелді негізгі тәсілдер мен стратегияларды кеңейту арқылы «10-10-10» мақсаттарына қол жеткізудегі прогресті ілгерілетуге бағытталған SCALE бастамасын жүзеге асырады.

SCALE-дің негізгі компоненті – «Құқық және қолжетімділік» грант бағдарламасы. Бұл гранттар өз кезегінде жергілікті ұйымдардың әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін инвестицияның бір түрі болып табылады. Соңғы 2 жылда SCALE бастамасының қолдауымен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Украинада 8 грант берілді. Соның екеуі Қазақстанда жүзеге асырылады. Біріншісі – «Нұрсенім» қоғамдық қорымен консорциумдағы «Менің үйім» қоғамдық қоры болса, екіншісі  «Реванш» қоғамдық қоры.

Осы бастама негізінде «Реванш» қоғамдық қоры Теміртау қаласындағы «Менің үйім» дағдарыс орталығындағы әйелдер қауымына қолдау көрсетеді, алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуші және өзге де  қызметкерлерді оқытумен айналысады. Жоба сонымен қатар ВИЧ-инфекциясымен өмір сүріп жатқан адамдарға, бұрын сотты болғандарға, инъекциялық есірткі қолданушыларға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайтуға бағытталған.