Орман экожүйелерін сақтау жобасы
Жобаның мақсаты: Биоалуантүрлілікті, жер ресурстарын сақтау және жергілікті халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін маңызды орман ресурстарын және іргелес шалғынды, жайылма және шөлді экожүйелерді сақтау және басқару жүйесін жақсарту. Осы жоба шеңберінде мүмкіндігінше, гендерлік теңдікті ынталандыру және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.
Қазақстандағы ормандардың жалпы көлемі шамамен 12,9 млн. гектарды құрайды, бұл оны, елдегі орман алқаптарының 4,7 % ғана құрауына қарамастан, Еуразиядағы ормандарға бай елдердің біріне айналдырады. Қазақстан ормандарының шамамен 95 % (орман алаңдарын) облыстық басқару органдары (әкімдіктер) бақылайтын 120 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерімен басқарылады. Бүгінгі күнде қалыптасқан ормандарды басқару жүйесі, орман шаруашылығы субъектілерінің жоғары табиғатты қорғау құндылығы бар ормандарды (ЖТҚО), оның ішінде биоалуантүрліліктің «ыстық нүктелерін» қамтитын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (ЕҚТА) жақын орналасқан ормандарды тиімді басқаруғаға әлеуетінің жеткіліксіздігін көрсетті.
Қазақстанның ЕҚТА жүйесі жалпы ауданы 24 018 800 га тең аумақты немесе ел аумағының 8,81%-ын (2015 жылғы жағдай бойынша) қамтиды. Қазақстан ормандарының (орман алаңдарының) тек 5% ғана ЕҚТА аумағына енгізілуі, орман экожүйелерінің ұлттық ЕҚТА жүйесінде аз қамтылғанын көрсетеді. Қазақстанда орман экожүйелерінің үш негізгі түрі: альпілік тау ормандары, тоғайлы ормандар (оңтүстік жағалау) және сексеуіл ландшафтары (шөл және шөлейтті аймақтар бұталары) кездеседі.
Жобаның стратегиясы, ЖТҚО тұрақты қолдану мақсатында ЕҚТА жүйесінің ішінде, сонымен қатар іргелес ландшафттарда да басқару тәсілдерін жақсарту жолымен, Қазақстандағы орман экожүйелерін сақтау және тұрақты басқару мәселелерін кешенді шешу болып табылады. Қазақстанның көптеген орман экожүйелерінің ішіне орман алқаптары мен жайылымдық жерлердің кіруі, олардың мал жайылымы үшін қолдануына әкеледі. Сондықтан жоба аясында орман аумақтарында тұрақты жер пайдалану әдістерін енгізу мақсатында ландшафтты басқарудың кешенді тәсілдері қолданылады.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:
• Қазақстанның ЕҚТА желісі шекараларындағы ЖТҚО және олармен байланысты экожүйелер мен биоалуантүрліліктің жоғалуын және тозуының алдын алу.
• Жалпы ауданы 1 899 134 га орман экожүйелерін қамтитын, мақсатты ЕҚТА-да нақты басқару шараларын іске асыру арқылы ЖТҚО басқаруды жақсарту.
• Жергілікті халықты тікелей экологиялық және экономикалық пайдалармен қамтамасыз ету үшін ландшафтық деңгейде ЖТҚО басқаруды жақсарту.
• Ұлттық орман қорының жалпы алаңы 12 652 400 га ормандары бойынша ақпарат пен деректерді басқару жүйесін және заңнамалық шеңберлерін жақсарту арқылы ормандарды тұрақты басқару міндеттерін қолдау үшін жағдай жасау.
• Экожүйелік қызметтердің экономикалық және экологиялық бағалауын, сондай-ақ жоспарлаудың инновациялық сараптамалық құралдарын көрсету арқылы табиғи ресурстарды басқару бойынша шешімдер қабылдау процестеріне орманды тұрақты басқарудың өлшемдері мен индикаторларын интеграциялау.
• Жануарлар дүниесінің мониторингісін жүргізу, браконьерлікпен күрес және ақпаратты басқару саласындағы Қазақстанның әлеуетін арттыру.
СЕРІКТЕСТЕР:
• Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
• Жергілікті мемлекеттік органдар
• ЕҚТА
• Жергілікті тұрғындар
• Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығын қолдау қоры
БЕНЕФИЦИАРЛАР:
• ҚР азаматтары
• ҚР Үкіметі
ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ МЕРЗІМІ:
• 2018-2023 жж.
ЖОБАНЫҢ БЮДЖЕТІ:
• ҒЭҚ бюджеті - $8 069 178
• Со-қаржыландыру - $94 864 854
Байланыс:
Талғат Кертешев
Жоба менеджері
Түркістан көш., 8/2, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан
Тел.: +7 (7172) 69 59 55. E-mail: talgat.kerteshev@undp.org