БҰҰДБ қолдауымен Қазақстан азаматтары үшін психологтардың консультациялары ұйымдастырылды

2022 ж. 18 April

 

Қайғылы қаңтар оқиғалары кезіндегі күйзелістің салдарынан көптеген қазақстандықтар психологиялық қолдауға мұқтаж болды. БҰҰ Даму бағдарламасы дағдарыс кезеңінде Қазақстанды қолдаудың кешенді бағдарламасы аясында азаматтарға тегін психологиялық көмек көрсету қызметін ұйымдастырды.

2022 жылғы 18 қаңтар мен 31 наурыз аралығында төрт кәсіби психолог, оның ішінде Қазақстан психологтар қауымдастығының мүшелері, жүгінген азаматтар үшін 300-ден астам жеке консультация өткізді.

Психологтар азаматтардың әрқайсысымен диагностикалық сұхбат жүргізді, бұл консультация алған адамдардың өз өмірінде тап болған проблемаларын анықтауға мүмкіндік берді.

Фото: Камеда қоғамдық қоры
Фото: Камеда қоғамдық қоры

Қатыстырылған психологтардың бірі Роза Әлімханованың айтуынша, келіп түскен сұраулардың көбі жұмыс пен жақын адамдардан айырылудан қорқу, тұрақсыз жағдай мен балалардың болашағы туралы алаңдаушылыққа қатысты болған.  

«Жүгінген әйелдердің бірінде эмоционалдық шиеленіс шегіне жеткен, өйткені ол барлық жайсыз оқиғаларды бір күнде басынан өткерген. Алматыда тәртіпсіздік басталған, сол күні ол анасынан айырылған және күйеуінің оған опасыздық жасағанын білген. Осылайша, оның ертеңгі күнге деген сенімі қалмаған, күнімді қалай көремін деп уайымдаған және жақын адамының қайтыс болуы мен жұбайының опасыздығы салдарынан эмоционалдық күйзеліске түскен. Көптеген адамдар өмірдегі осындай қиындықтарды көтере алмай, көбінесе психологтың қолдауына мұқтаж болады», - дейді Роза.

Жалпы алғанда, Роза Әлімханова 28 адамға консультация берді, олардың көпшілігі қайталап жүгінген.

«Адамдар біздің бастамамыз туралы ұзынқұлақ арқылы естіп, мұндай қызметтер тегін көрсетілетініне сене алмаған. Бізге әртүрлі қалалардан қоңыраулар түсті, бірақ ең көп сұрау Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан болды. Психологиялық консультациялар оларға көп көмектесіп, олар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп жатты. Жүгінушілердің көпшілігінің қаржылық қиындықтардың салдарынан ақылы консультацияға жүгінуі екіталай болушы еді»
Роза Әлімханова, психолог

Психологтар азаматтардың әрқайсысымен диагностикалық сұхбат жүргізді, бұл консультация алған адамдардың өз өмірінде тап болған проблемаларын анықтауға мүмкіндік берді. «Консультациялар кезінде менің әрқашан нақты мақсатым бар - адамдарға қиындықты өздері жеңе алуы үшін ішкі ресурстарды табуға көмектесу. Әр адамның өмірдегі қиын жағдайлардан шығу дағдылары бар және менің міндетім – оларға осы дағдыларын еске түсіруге көмектесу», - дейді Роза.

Консультация алушылардың көпшілігі қайта хабарласып, психологтың бірнеше консультациясын алды. Бастапқыда халыққа психологиялық қызмет көрсету 10 ақпанға дейін жалғасады деп жоспарланған болатын, бірақ азаматтардың өтініші бойынша ол 31 наурызға дейін созылды. 

Роза мұндай бастамалардың өте пайдалы екеніне сенімді және оларды мерзімді түрде өткізіп тұру керек екенін алға тартады. «Біз тіпті үш адамға көмектессек те, оның өзі – жетістік. Бірақ біз үш емес, ондаған адамдарға көмектестік. Олар, өз кезегінде, оң көзқарасты басқа адамдарға жеткізеді. Осылайша мультипликативті әсер жұмыс істейді», - деп санайды психолог.

Барлық психологиялық консультациялар азаматтардың жеке, жас және тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып психологтардың кәсіби қызметінің әдістемелік ұсынымдарына сәйкес жүргізілді.