БҰҰДБ жапондық компаниялардың, олардың жеткізушілері мен серіктестерінің адам құқығы саласында тиісті абайлаушылық (АҚТА) мәселелері бойынша әлеуетін арттыру жөнінде іс-шаралар легін іске қосты
2022 ж. 14 November
14 қараша 2022, Алматы – бүгін БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстанда жапондық компаниялардың, олардың жеткізушілері мен серіктестерінің адам құқығы саласында тиісті абайлаушылық (АҚТА) мәселелері бойынша әлеуетін арттыру жөнінде іс-шаралар легін іске қосты. Іс-шара Жапон Үкіметінің қолдауымен «Жаһандық тасымалдау тізбегінде адам құқығы туралы тиісті абайлаушылықты ілгерілетуге айрықша басымдық бере отырып, жауапты бизнесті ілгерілету және әділ қалпына келтіру үшін адам құқығы аспектісінде кәсіпкерлік қызмет саласында БҰҰ-ның Басқарушылық қағидаларын пайдалану» жобасы аясында ұйымдастырылды.
«Мен бұл жобаның дамуын және адам құқығы саласында тиісті абайлаушылық бойынша тренингтер ұйымдастырылуын қуана бақылап отырмын және оң нәтиже боларына үлкен үміт артамын. Өздеріңізге белгілі, бизнес және адам құқығы проблемаларын шешу жөніндегі ғаламдық шешімдерді күшейту жалғастырылуда. Өз бизнестерін ғаламдық ауқымда жүргізіп жатқан компаниялар үшін өздерінің ғаламдық тасымалдау тізбегінде корпоративтік қызметінің сәтті болуының көзі ретінде тиісті абайлаушылық саясатын енгізу айтарлықтай маңызды болып барады. БҰҰДБ-ның осы тренингі біздің компания жұмыс істейтін тіисті елдердің экономикалық жағдайына, мәдениетіне бизнес реалияларына сәйке келетін, бұл жерде халықаралық стандартқа негізделе отырып, адам құқығы саласында тиісті абайлаушылықты қалайша енгізуге болатынын біру үшін әрбір қатысушы үшін жақсы мүмкіндік болмақ», - деді Жапонияның Премьер-Министрінің адам құқығы саласындағы халықаралық мәселелер жөніндегі арнайы кеңесшісі Гэн Накатани мырза тренингке қатысушыларға арналған өзінің бейне үндеуінде.
Оқытудың мақсаты – жапондық компаниялардың, олардың тасымалдаушыларының және серіктестерінің өз компанияларында АҚТА саясатын әзірлеу және енгізу саласындағы әлеуетін арттыру. Тренинг бағдарламасына дау-дамай барысында адам құқығы саласында аса жоғары тиісті абайлаушылықты жүргізу, шағымдарды қарастыру механизмі және жауапты тасымалдау тізбегінде адам құқығын басқару үшін бар құралдар және тағы да енгізу қажеттілігін қоса алғанда «Бизнес және адам құқығы» тұжырымдамасына шолу, АҚТА қағидалары енеді. Тренингтің сарапшыларын бизнес және адам құқығы саласындағы алдыңғы қатарлы ұлттық және халықаралық сарапшылары ұсынып отыр.
Жапон компаниялары, олардың тасымалдаушылары мен серіктестеріне арналған адам құқығы саласындағы тиісті абайлаушылық мәселелері бойынша тренингтер легі сондай-ақ Астана мен Атырауда өтеді.
Қосымша ақпарат:
Жапон Үкіметі және БҰҰ-ның Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) жуырда іске қосылған «Ғаламдық тасымалдау тізбегінде адам құқығы мәселесінде тиісті абайлаушылықты ынталандыруға айрықша көңіл бөлетін жауапты іскери мінез-құлықты ілгерілету және әділ қалпына келтіру мүддесінде адам құқығы аспектінде кәсіпкерлік қызмет саласында БҰҰ-ның Басқарушылық қағидаларын тиімді пайдалану» атты жобасы аясында кәсіпкерлік қызметте адам құқығын сақтауды қамтамасыз ету саласындағы ғаламдық күн тәртібін ілгерілету үшін өз күш-жігерін біріктірді. Қазақстан Республикасын қоса алғанда 17 елде жүзеге асырылып отырған жобалар адам құқығы аспектісінде бизнес жүргізудің ұлттық тұжырымдамасын және жапондық компаниялардың және олардың тасымалдаушыларының бағытты елдерде мемлекеттік органдарды, жапон компанияларын, тасымалдаушыларды және серіктестерін адам құқығы мәселесінде тиісті абайлаушылықты (АҚТА) қамтамасыз ету мақсатында түсіну және қабілеттерін жақсарту арқылы ілгерілетуге бағытталған.