Қазақстанда қуаттылығы аз жаңартылатын энергия жобаларын іске асыру туралы ақпараттық пакет
Information package on the implementation of low-capacity renewable energy projects in Kazakhstan
pdf (6.6MB)
DownloadҚазақстанда қуаттылығы аз жаңартылатын энергия жобаларын іске асыру туралы ақпараттық пакет
2022 ж. 28 November
Қазақстан әлемдегі парниктік газдар (ПГ) шығарындыларының ең ірі көздерінің бірі болып табылады – ел ПГ шығарындыларының көлемі бойынша топ‑30 елдің қатарына кіреді. Қазақстанда ПГ шығарындылары негізінен энергия өндірумен байланысты: мұнда елдегі барлық түзілетін шығарындылардың 82% шоғырланған. Осылайша, жылу мен электр энергиясын кез келген көлемде өндіру кезінде қазбалы отынды жаңартылатын энергия көздерімен алмастыру ПГ шығарындыларының төмендеуіне әкеледі. Елдің электр энергиясын өндіру құрылымындағы жаңартылатын энергия үлесін ұлғайту үшін ЖЭК-ге жеке сектордың инвестицияларын тарту қажет.
Ақпараттық пакет Қазақстанда ЖЭК шағын көлемді жобаларына инвестициялау мүмкіндіктері туралы толық ақпарат жинақталған жүйелендірілген құжат болып табылады. «Қадамдық нұсқаулық» бөлімінде әртүрлі мақсатты топтарға арналған алгоритмдер мен қаржы құралдары ұсынылған, мысалы, жобаның бюджетін жоспарлаған және құрған инвесторлар үшін.
Ұсынылған жинақ әлеуетті инвесторлар үшін пайдалы болады, өйткені сарапшылар шағын көлемді ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша нұсқаулықтар, ұсынымдар мен сәтті мысалдар әзірледі.