БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьернианың ОДМ бойынша Парламенттік комиссия отырысында сөйлеген сөзі

2023 ж. 6 November
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Жоғары мәртебелі Сенат Төрағасы Әшімбаев мырза,

Құрметті Премьер-Министрдің Орынбасары Дүйсенова ханым,

Құрметті Парламент және Үкімет мүшелері,

Құрметті кездесуге қатысушылар,

2030 жылға дейінгі күн тәртібін іске асыру жолының бел ортасына келіп жеттік. Бұл — амбицияларды, ОДМ-ға қол жеткізуді және «ешкімді артта қалдырмау» міндеттемесін орындауды жеделдету бойынша іс-әрекеттерді қайта қарастыратын, маңызды сәт.

Қыркүйек айының соңында Нью-Йоркте шыққан қорытындыға сәйкес, әлем ОДМ-ға қол жеткізу жолына әлі түскен жоқ. Мысалы, елдер денсаулық сақтау саласына қатысты ОДМ міндеттерін 2030 жылға қарай іске асыру жолының төрттен бір бөлігіне енді жетіп жатыр.

Бізге шұғыл жеделдету, өршіл саясат және трансформациялық көшбасшылық қажет екені анық.

Құрметті Спикер,

Парламент жанында ОДМ жөніндегі комиссияның құрылуы — Қазақстанның жеделдету жоспарына деген берік бейілділігінің белгісі.

Парламенттік комиссия Үкіметтің саясатын үйлестіру, бақылау және оны ОДМ-ға сәйкестендіру арқылы ОДМ-ға қол жеткізу жолында шешуші рөл атқарады. Оның негізгі функциясы — заңнама қабылдау, бюджетті үйлестіру және ОДМ-ны оқшаулау арқылы ОДМ-ны тиімді іске асыру үшін қолайлы орта құру.

«Республикалық бюджет туралы» Заңның Парламентке енгізілуі басымдықтарды анықтап,  қаржыландырудың ОДМ-ға қаншалықты сәйкес келетіндігін мұқият зерделеуге зор мүмкіндік береді. Осы шешуші сәтте ОДМ үшін бюджет қалыптастыруға  барынша назар аудару керек.

Жақында жүргізген талдауымыз көрсеткендей, қазіргі уақытта ОДМ-ға бюджеттік бағдарламалардың 57%-ы ғана сәйкес келеді. Бұл сәйкестікті арттыру бағытын күшейту және бюджетті үлестірудің ОДМ-ға қол жеткізу процесіне оң әсерін тигізуін қамтамасыз ету қажеттілігін айқындайды.

Комиссияның тағы бір маңызды міндеті — ОДМ мәселелерін өңірлердегі жергілікті даму жоспарларына интеграциялауға ықпал ету. Қазіргі уақытта, бағалауымызға сәйкес, бұл индикатор 30%-дан төмен деңгейде тұр, ал орталық ұлттық стратегиялық жоспар деңгейінде бұл көрсеткіш 80%-ға жетеді. ОДМ жергілікті деңгейде тиісті түрде қарастырылуы керек. Сондықтан әр аймақ үшін басым ОДМ-ны анықтау және оларды нақты шаралар мен қаржыландырумен қамтамасыз етілген міндеттерге бөлу маңызды. Әйтпесе, ұлттық деңгейдегі 80%-дың Қазақстан халқының өміріне әсері болмауы да мүмкін.

Сондай-ақ ресурстарды дұрыс жұмылдыру үшін қаржыландырудағы олқылықтарды мойындау маңызды. БҰҰДБ-ның 2020 жылы жүргізген Дамуды қаржыландыруды бағалауына сәйкес, қазіргі таңда дамуды қаржыландырудың жалпы қолжетімді мөлшерінің орта есеппен 20%-ын ғана құрайтын қосымша жеке капиталды тарту үшін әлеует бар.

Сонымен қатар біз Парламенттік комиссияға ҮЕҰ-мен, тәуелсіз сарапшылармен және ұлттық ОДМ-ны іске асыру барысында елеулі прогреске қол жеткізуге ықпал ететін ғылыми топтармен ынтымақтасуды ұсынғымыз келеді.

Қорытындылай келе, мен Парламенттік комиссияға алдағы бірлескен және нәтижелі жұмысты іске асыру үшін бар жақсылықты тілеймін.

БҰҰ Бас хатшысы БҰҰДБ-ға БҰҰ жүйесіндегі ОДМ-ға қол жеткізу акселераторы рөлін сеніп тапсырды. Біз күн сайын ОДМ жөніндегі Парламенттік комиссияға мандатын орындау бағытында қолдау көрсетіп отырамыз. Парламенттік комиссияны үздік әлемдік тәжірибелермен қамтамасыз етіп, Парламент мүшелеріне ОДМ сақтаушылары рөлін атқаруға және ОДМ-ны Қазақстанның әрбір азаматы үшін шындыққа айналдыруға мүмкіндік беретін ынтымақтастық құралдарын іздеуді жалғастырамыз.

Рақмет!