Мансапты өзгерту: БҰҰДБ халықтың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтеді

2024 ж. 5 June

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстан халқына сұранысқа ие біліктілікті алуға көмектесу үшін Enbek.kz электрондық еңбек биржасының экожүйесінің бөлігі болып табылатын Skills Enbek білім беру платформасында тегін онлайн курстарды кеңейтуді қолдады. 

Бұл курстар Data Science, Python, интернет қауіпсіздігі, өнім және HR менеджменті сияқты жаңадан бастаушыларға және оқуды жалғастырушыларға арналған.

COVID-19 пандемиясынан кейін әлемдік және ұлттық еңбек нарықтарында құрылымдық өзгерістер орын алды. Экономикалық белсенділіктің баяулауы, қашықтан жұмыс істеуге көшу, цифрландыру және автоматтандыру дағдарыстан кейінгі негізгі үрдістерге айналды. Көптеген салалар қызметкерлердің цифрлық дағдыларды қолдану, олардың жаңа технологиялар мен бағдарламалық жасақтаманы игеру қажеттілігіне тап болды.

Фрилансингтің, аутсорстың және қашықтан жұмыс істеудің таралуының арқасында жұмыс іздеушілердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері көбірек болғанымен, еңбек нарығында жұмыс берушілер талап етіпейтін, біліктілігі төмен не жоқ қызметкерлердің көптігі және әсіресе техникалық салаларда білікті мамандардың тапшылығы байқалады. Жұмыс берушілердің тез өзгеретін талаптары нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігін тудырады.

Курстар жаңа дағдыларды, соның ішінде цифрлық дағдыларды қайта даярлау және дамыту арқылы ел ішінде, әсіресе ең осал топтардың еңбек нарығындағы өзгерістерге бейімделуіне ықпал етуге арналған.

Ұзақтығы 72 сағат курстар қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді және әртүрлі оқу қажеттіліктері бар тыңдаушыларға бейімделген. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар белгілі бір цифрлық дағдыларды немесе кәсіби салада қосымша құзыреттіліктерге ие болады. Олар Enbek.kz электронды еңбек биржасындағы түйіндемесінде автоматты түрде көрсетілетін курсты тамамдау сертификатын алады, бұл олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Жоба Азиялық даму банкінің қаржылық қолдауымен Қазақстандағы БҰҰДБ-ның «Қазақстанның COVID-19 пандемиясымен күрестегі ынтымақтастық қоры» бастамасы аясында іске асырылды.

Курстар Google Play және App Store App Store-да Enbek мобильді қосымшасы арқылы қол жетімді.