Ауған әйелдері ауыл шаруашылығында
2024 ж. 15 December
Биыл Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін бітірген тағы да бір топ ауған әйелдері ауыл шаруашылығы саласы бойынша академиялық дәреже алып шықты. Европалық Одақ қаржыландыратын, ауған әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін білім беру мен кәсіби дайындық арқылы кеңейтуге бағытталған БҰҰДБ аймақтық алғашқы бастамасының шарықтау шегі де осы бір маңызды оқиға болды. 2019 жылы қарашада бағдарлама іске қосылғаннан бері 50 ауған әйеліне Ауғанстанның орнықты дамуы үшін маңызды білім мен дағды берілді.
Түлектердің мақсаты да, таңдап алған жолдары да әр түрлі. Дегенмен бұл қуанышты оқиға ауыр шындық аясында өтіп жатыр. Ауғанстандағы әйелдердің жағдайы барған сайын қиындап барады: олардың білім алып, еңбек етуіне шектеу қою арқылы адамдық құқығына қол сұғылуда. Бұл дағдарыс ауған әйелдерінің болашағына ғана емес, Орталық Азиядағы орнықты дамуға да қауіп төндіріп отыр.
Осындай қауіп-қатерге қарамастан табандылық көрсетіп жүргендер де аз емес. ЕО-БҰҰДБ трансшекаралық бастамасын таяуда бітірген Мурсаль өз елінің жарқын болашағына үмітпен қарап, қайраттылық танытып жүр.
«Ауыл шаруашылығын таңдауыма әкем себеп болды, ол Ауғанстан халқының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әйел мамандар қажет екенін айтты. Жас аграршы болғаннан бері осы жолды дұрыс таңдағаныма көзім жетті. Орнықты ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігінің қаншалықты маңызды екенін бұрынғыдан да айқын түсіндім», —дейді Мурсаль.
Мурсальмен танысып, жас аграршылардың Ауғанстанның және әлемнің болашағын қалыптастыруға қалай үлес қосып жүргенін біліңіз.