БҰҰДБ ұйымында жыныстық қанаудың, зорлық-зомбылықтың және алымсақтықтың (ЖҚЗА) барлық түрлеріне, алушыға не әріптеске қарсы жасалғанына қарамастан, жол берілмейді және тыйым салынады. Жыныстық қанау, зорлық-зомбылық және алымсақтық адам құқықтарын бұзады және Біріккен Ұлттар Ұйымының басты құндылықтарын аяққа таптау болып табылады. Біздің ұжымдық басымдығымыз - осындай мінез-құлықтың алдын алу және зардап шеккендерге қолдау көрсету. Біз сондай-ақ жыныстық сипаттағы заңсыз мінез-құлық туралы барлық арыздарға қатысты қарымта шаралар тез арада, тиісінше және тиімді қолданылуын қамтамасыз етуге тырысамыз.
Жыныстық қанау және зорлық-зомбылық
Жыныстық қанауға және зорлық-зомбылыққа (ЖҚЗ) БҰҰ қызметкерлерінің көмек алушыларға және жергілікті қауымдастықтардың өзге мүшелеріне жыныстық сипаттағы орынсыз мінез-құлық көрсетуінің барлық түрлері жатады. Тыйым салынған мінез-құлық түрлері келесілерді қамтиды, бірақ аталатындармен шектелмейді:
Баланың (18 жасқа толмаған тұлғаның) қатысуымен жасалатын жыныстық іс-әрекет. Бала 18 жастан асқан дегенді сылтау ешкімді ақтай алмайды. Тіпті белгілі бір елде кәмелеттікжас немесе келісім беру жасы 18 жастан төмен болса да, барлық БҰҰДБ қызметкерлеріне және басқа да жұмыскерлерге 18 жасқа толмаған кез келген тұлғамен жыныстық қарым-қатынаста болуға тыйым салынады.
Жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы қызметтер үшін ақша, жұмыс, тауарлар немесе қызметтер алмасу. Бұған жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы қызметтер үшін ақша, жұмыс, тауарлар немесе қызметтер алмасудың кез келген жайты жатады.
Басқаларға жыныстық қызмет көрсету үшін баланы немесе ересек адамды пайдалану.
Жыныстық алымсақтық
Жыныстық алымсақтық жұмыс орнында қызметкерлер арасында орын алады және «кез келген жыныстық мақсатта орынсыз тиісу, жыныстық сипаттағы қызметтер көрсету туралы өтініші білдіру, жыныстық сипаттағы ауызша немесе физикалық мінез-құлық немесе ым-ишара көрсету немесе өзге адамды қорлайтын немесе намысына тиетін деп саналатынжыныстық сипаттағы кез келген басқа мінез-құлық» деген анықтамаға ие.
Жыныстық алымсақтық жұмысты орындауға кедергі жасағанда, жұмысқа орналастыру шартына айналғанда немесе қорқытатын, дұшпандық немесе қорлайтын орта қалыптастырғанда орын алады. Бұл жалғыз-жарым әрекет немесе біртұтас оқиғалар тізбегі болуы мүмкін.
БҰҰДБ жыныстық сипаттағы заңсыз мінез-құлықтың алдын алуға және жолын тиімді кесуге, зардап шеккендерге қолдау көрсетуге бағытталған бірқатар шаралар арқылы жыныстық сипаттағы заңсыз мінез-құлықпен күреседі.
Саяси негіздер
БҰҰДБ барлық БҰҰ қызметкерлеріне, соның ішінде БҰҰДБ-да және Біріккен Ұлттар Ұйымына қарасты басқа да органдар мен бағдарламаларда жұмыс істейтіндерге қатысты қолданылатын Бас хатшының «Жыныстық қанау мен жыныстық қорлаудан қорғаудың арнайы шаралары» туралы бюллетенін (ST/SGB/2003/13) ұстанады. Жыныстық қанау және зорлық-зомбылық туралы ақпарат сондай-ақБҰҰДБ Этикалық кодексіне де енгізілген.
Жыныстық алымсақтыққа қатысты мінез-құлық стандарттары Алымсақтық, жыныстық алымсақтық, кемсіту және билікті теріс пайдалану саясатында көрсетілген.
Орындаушы серіктестер
ОРЫНДАУШЫ СЕРІКТЕСТЕРІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУ ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚОРЛАУ ЖӨНІНДЕ АРЫЗ БЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ БҰҰ ХАТТАМАСЫ жыныстық қанау мен қорлауға (ЖЗҚ) қатысты қажетті кепілдіктер мен тиісті шараларды қамтамасыз ету үшін орындаушы серіктестермен жұмыс істеу кезінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, соның ішінде оның қорлары мен бағдарламалары (бірге «БҰҰ») қоятын талаптарды айқындайды.
Негізгі қағидалар:
БҰҰ жыныстық қанау және зорлық-зомбылық мәселесін тиісті алдын алу шаралары, тергеулер және түзету әрекеттері арқылы шешпейтін ұйымдармен ынтымақтаспайды. Мұндай кемшілік БҰҰ-мен ынтымақтастық туралы кез келген келісімді тоқтатуға негіз болып табылады.
БҰҰ барлық зардап шеккендердіңадам құқықтарын, мүдделерін және қажеттіліктерін өзінің барлық іс-шараларында бірінші орынға қояды және жыныстық қанау және зорлық-зомбылық туралы арыздарға қатысты шара қолдану кезінде зиян келтірмеу, құпиялық, қауіпсіздік және кемсітуге жол бермеу қағидаларын ұстанады.
Зардап шеккендерге бағытталған тәсіл БҰҰ-ның ЖЗҚ алдын алу және шара қолдану жұмыстарының бағытынайқындайды, сол себепті жәбірленуші тиісті ақпарат алады, шешім қабылдауға қатысады,қажет болса, дербес деректерін пайдалануға және жариялауға келісімін береді.
Балаларға қатысты істерде БҰҰ орындаушы серіктестері қатысатын ЖЗҚ туралы арыздарға қатысты алдын алу және шара қолдану туралы барлық шешімдер баланың ең игі мүдделерін, қатысу және тыңдалу құқығын ескере отырып қабылданады.
Қарымта шаралар
БҰҰДБ жыныстық сипаттағы заңсыз мінез-құлық туралы барлық арыздарды тергеп-тексереді, егер арыздар негізді болса, тәртіптік және/немесе әкімшілік жаза қолданады және БҰҰ Құқықтық мәселелер басқармасы арқылы істерді қылмыстық қудалау үшін ұлттық органдарға жібере алады.
БҰҰ қызметкерлерінің қылмыс болып табылатын әрекеттеріне қатысты ешбір иммунитеті жоқ, Ұйым мұндай қылмыс жасаған қызметкерлерді қорғамайды.
Көмек және қорғау
БҰҰДБ қызметкерлері адал ниетпен жыныстық сипаттағы заңсыз мінез-құлық туралы хабарлағаны үшін қудалаудан қорғалған. Қудалауға тыйым салынады, қудалау орын алғаны анықталса, жазаланатын құқық бұзушылық болып табылады.
Өздерін қудалаудың құрбаны болды деп есептейтін қызметкерлер бейресми өтемақы талап ете алады немесе Этика мәселелері басқармасына ethicsoffice@undp.org мекенжайы арқылы ресми шағым түсіре алады.
БҰҰДБ-ның гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы шара қолдануда институционалдық тәжірибесі бар. БҰҰДБ серіктестерімен бірлесе отырып, зардап шеккендерге/тірі қалғандарға психоәлеуметтік көмек көрсету және медициналық емдеу шараларын қолданады.
Ашықтық
БҰҰДБ Арнайы үйлестірушінің басқармасына жыныстық қанау және зорлық-зомбылық туралы арыздарға қатысты нақты уақыт режимінде есеп береді. Сонымен қатар жыныстық қанау және зорлық-зомбылық туралы арыздар және дәлелденген жағдайлар туралы жиынтық деректер Бас хатшының «Жыныстық қанау мен жыныстық қорлаудан қорғаудың арнайы шаралары» атты баяндамасында жарияланады.
ЖЗҚ туралы қалай хабарлауға болады
Жыныстық сипаттағы заңсыз мінез-құлық туралы барлық арыздарды Аудит және тергеу бөліміне жіберу керек.
Егер жыныстық мақсатта орынсыз тиісуге, жыныстық сипаттағы қызметтер көрсету туралы өтініш білдіурге, жыныстық сипаттағы ауызша немесе физикалық мінез-құлық немесе ым-ишара көрсетуге немесе жыныстық сипаттағы кез келген басқа әрекеттерге тап болсаңыз, Аудит және тергеу басқармасына хабарласыңыз:
Онлайн өтініш формасын алу үшін осы жерді басыңыз.
Электрондық пошта арқылы: reportmisconduct@undp.org
Телефон арқылы: дүние жүзі бойынша телефон нөмірлерін алу үшін осы жерді басыңыз (аудармашылар тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді)
Кәдімгі пошта арқылы: Директордың орынбасары (Тергеу бөлімі), Аудит және тергеу басқармасы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы, One UN Plaza, DC1, 4-ші қабат, Нью-Йорк, NY 10017 АҚШ