2022 жылдың тақырыбы: «ӘЙЕЛДЕР МЕН ҚЫЗДАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БІРІГІП ТОҚТАТАМЫЗ»
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» жаһандық науқанына қатысты бірлескен мәлімдеме
2022 ж. 25 November
Гендерлік зорлық-зомбылық - бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар үшін ұзақ мерзімді салдарға алып келетін адам құқықтары мен бостандықтарын өрескел бұзушылығы болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, бүгін әлемде сексуалдық зорлық-зомбылықтан 1,3 миллиард зардап шеккен, және әрбір үшінші әйел өз өмірінде физикалық немесе сексуалдық зорлық-зомбылыққа тап болады. Бұл гендерлік зорлық-зомбылықты заманымыздың ең жүйелі және кең таралған адам құқықтарын бұзушылықтарының бірі екенін көрсетеді. Зиянды гендерлік стереотиптер, гендерлік теңсіздік және патриархалдық құрылымдар зорлық-зомбылыққа өз ықпалын тигізеді. Біздің бәріміздің гендерлік тиістілік, нәсіл, этникалық тегі мен ұлтымыз, дін тағы басқа мәртебеге қарамастан, тең қарым-қатынас орнатуға құқығымыз бар.
Физикалық және сексуалдық зорлық-зомбылық - әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың жалғыз түрі емес. Психологиялық және экономикалық зорлық-зомбылық та қатты әсер етеді. Біз көшеде, үйде, жұмыста немесе интернетте кез-келген адамға қауіп төнуі мүмкін әлемді қабылдай алмаймыз. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш өзінің «Адам құқықтары саласындағы іс-қимылдарға үндеуі» сөзінде атап өткендей, біз гендерлік зорлық-зомбылықты қазір жоюымыз қажет.
Біз азаматтық қоғамның гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жоюдағы жетекші рөлін мойындаймыз және олардың берілген саладағы жұмысын ынталандырамыз әрі қолдаймыз.
25 қараша Халықаралық әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою күнін атап өте, сондай-ақ «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» науқанының басталуын білдіреді. Бұл науқан өзекті мәселелер бойынша хабардарлықты арттырудың және әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық жөніндегі күрделі қоғамдық пікірталасты қолдаудың баға жетпес құралы болып табылады.
Қазақстан тұрмыстық зорлық-зомбылық және балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық қылмыстар үшін жазаларды қатаңдату барысында. Сонымен қатар, елде қоғамдағы гендерлік зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуге бағытталған жүйелі шаралар қабылдануда. Балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылыққа келетін болсақ, біз Қазақстан үкіметін Қылмыстық Кодексте келісім бойынша сексуалдық қатынастар үшін ең төменгі жасты нақты анықтауға және осы жасқа толмаған адаммен кез келген сексуалдық қатынасты, жастары жақын кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық қатынастарды қоспағанда, зорлық ретінде қарастыруға шақырамыз. Бұл балаларды сексуалдық зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейтеді әрі халықаралық нормаларға сәйкес жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстан зардап шеккен балалар үшін әділеттілікке қол жеткізуді жеңілдетеді. Ұлттық заңнамаға бұл түзетуді енгізу Қазақстандағы 2022 жылы аталып жатқан Балалар жылына оң өзгерістер алып келеді.
Біз Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға сәйкес әйелдер мен қыздарды зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғау үшін жоспарларды, стратегияларды әзірлеуде және қажетті заңнамалық түзетулерді қабылдауға мемлекеттік құрылымдарды да, азаматтық қоғамды да қолдауды одан әрі жалғастыруға дайынбыз.
Бүгін, 25 қараша күні, біз «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» науқанға біріге қосыламыз және барлық қатысушыларды әр адамның зорлық-зомбылықсыз өмір сүру құқығын қолдауға шақырамыз! Біз бірігіп әркімнің өз әлеуетін толық жүзеге асыруға жеткілікті ресурстары мен тең мүмкіндіктері бар зорлық-зомбылықсыз әлемді құра аламыз.
1. Аустрия Республикасының елшілігі
2. Бельгия Корольдігінің елшілігі
3. Болгария Республикасының елшілігі
4. Канада елшілігі
5. Дания елшілігі
6. Эстония Республикасының елшілігі
7. Финляндия елшілігі
8. Франция елшілігі
9. Грузия елшілігі
10. Германия Федеративтік Республикасының елшілігі
11. Мажарстан елшілігі
12. Италия елшілігі
13. Латвия Республикасының елшілігі
14. Литва Республикасының елшілігі
15. Нидерланд Корольдігінің елшілігі
16. Португалия елшілігі
17. Словакия Республикасының елшілігі
18. Испания Корольдігінің елшілігі
19. Швеция елшілігі
20. Швейцария елшілігі
21. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің елшілігі
22. Америка Құрама Штаттарының елшілігі
23. Қазақстандағы Азия Даму Банкі
24. Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі
25. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалық Офисі
26. Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы өкілдігі
27. Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесі
28. Қазақстандағы БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО)
29. Қазақстандағы ЮНЭЙДС
30. Қазақстандағы БҰҰДБ
31. Алматыдағы ЮНЕСКО кеңсесі
32. Қазақстандағы ЮНФПА
33. Орталық Азиядағы БҰҰ БЖКБ
34. Алматыдағы БҰҰ АО
35. Қазақстандағы БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілдігі
36. Орталық Азиядағы БҰҰ ЕҚБ
37. ДДСҰ Қазақстан
38. Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы