Қазақстандағы БҰҰДБ жастардың радикалдануының алдын алуға және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің эмоционалды интеллектін дамытуға бағытталған білім беру тренингтерін өткізуде

2024 ж. 23 August
a group of people sitting at a table

Құқық қорғау органдары қызметкерлері тренингке қатысып жатыр.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Әмір Салықбаев

13-23 тамыз аралығында облыс орталықтары — Ақтау және Қызылорда қалаларында Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен жастардың радикалдануының алдын алуға және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің эмоционалды интеллектін арттыруға бағытталған тренингтер өтті. Бұл іс-шаралар — зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу мақсатында  Орталық Азия қоғамдастықтарының төзімділігін арттыруға бағытталған, өңірлік БҰҰДБ бастамасының қазақстандық сегментінің бөлігі. Жапония үкіметі қаржыландыратын бұл бастама — аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке деген ортақ міндеттеменің дәлелі.

a man cutting a cake

Жастар ресурстық орталықтарының өкілдері жазбаларын оқып жатыр.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Әмір Салықбаев

Тренингтерге теологтар, әкімдіктер мен Жастар ресурстық орталықтарының (ЖРО) өкілдері, сондай-ақ Қызылорда және Маңғыстау облыстарының мамандандырылған құқық қорғау бөлімшелері қызметкерлері қатысты. Бұл өңірлер халқы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты радикалдану тұрғысынан осал аймақтардың бірі ретінде анықталды.

Жастардың қорғаны — жастар

Тренингтің екі өңірдің әкімдіктері мен ЖРО-ның 60 өкілі қатысқан, бірінші жартысы жастарды радикалданудан сақтау тақырыбын қамтыды. Бағдарлама жастардың радикалдануына ықпал ететін психологиялық ерекшеліктер мен мотивтерді зерттеуді, сондай-ақ интерактивті презентациялар мен практикалық топтық жаттығуларды қамтыды. Қатысушылар тәуекел тобына жататын адамдарды анықтауға және экстремистік идеология әсеріне ұшыраған азаматтармен қауіпсіз түрде қарым-қатынас жасауға қажет дағдыларға ие болды. 

a group of people sitting at a table

Теологтар мен әкімдіктердің өкілдері тренингке қатысып жатыр.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Константин Зарубин
«Бүгінгі тренинг позитивті энергияға, құнды білімге және қызықты іс-шараларға толы болды. Біз өз кәсібіміз туралы білім алып, оны тиімді қолдану дағдыларын игердік. Ұйымдастырушыларға рақметімді айтамын, тренинг ерекше болды. Келесі іс-шараны асыға күтеміз», —
деді Бейнеуден келіп қатысқан теолог Мұстафа Қамыев.

Жастарға қатысты сессиялармен қатар полиция қызметкерлеріне арналған, арнайы сабақтар да ұйымдастырылды. Тренинг қазіргі діни экстремизмнің әлеуметтік және психологиялық аспектілерін қарастырды. Қатысушылар қатарында инспекторлар мен экстремизм және гендерлік зорлық-зомбылық мәселелерімен айналысатын бөлім өкілдері де болды.

a group of people posing for a photo

Құқық қорғау органдарының ортақ фотосы.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Әмір Салықбаев

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері экстремистермен қарым-қатынас жасаудың эмоционалды қиындықтарын жақсырақ түсінуді және олардан өтуді үйренді. Тренингтің негізгі тақырыптары қылмыстық профайлинг, жедел психодиагностика және деструктивті мінез-құлық байқалатын адамдармен келіссөз жүргізуге қажет коммуникациялық стратегияларды қамтыды.

«Әр түрлі профайлинг әдістерін ұсыну және мінез-құлық индикаторлары негізінде қоғамдағы тәуекел топтарын анықтау тәсілдерін көрсету арқылы олардың кәсіби мүмкіндіктерін айтарлықтай нығайттық. Тренинг барысында алған теориялық білім мен практикалық дағдылардың үйлесімі алдағы жұмыстарына баға жетпес көмек болатыны сөзсіз», —
деді зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу бағытына маманданған сарапшы-психолог Лола Сергеевна.
a group of people sitting at a table

Зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу бағытына маманданған сарапшы-психолог Лола Сергеевна тренинг жүргізіп жатыр.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Әмір Салықбаев

Осы бастама аясында Алматыдағы Suleyman Demirel University (SDU) алаңында БҰҰДБ қолдауымен Жастар лагері ұйымдастырылған болатын. Лагер барысында Қызылорда және Маңғыстау облыстарының 100-ден астам NEET (not in Education, Employment, or Training) санатына жататын жастары кәсіпкерлік, қаржылық және медиа сауаттылық, цифрлық дағдылар, шешендік өнер және коммуникация бағыттары бойынша білім алды.

SDG 16: бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар

БҰҰДБ осы саладағы саясат пен бағдарламалар мен зерттеулерді әзірлеп, енгізу арқылы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру барысында жаһандық деңгейде маңызды рөл атқарады. БҰҰ Бас хатшысының Зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспары мен ОДМ 16-ға сүйене отырып, БҰҰДБ «Инклюзивті даму және төзімділік пен алуантүрлілікті құрметтеу арқылы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу» атты жан-жақты стратегиялық негіз әзірледі.