Зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алуға бағытталған тағылымдамалар: БҰҰДБ жастардың орнықтылығын арттыруға жәрдемдесуде
2024 ж. 19 November
Соңғы жылдары зорлық-зомбылық экстремизмінің күшеюі Орталық Азияның үш онжылдықта жеткен прогресін жоққа шығаруы ықтимал, ірі проблемалардың біріне айналды. Кедейлік, теңсіздік, мемлекеттік қызметтердің көп жағдайда қолжетімді болмауы сияқты факторлар осал топтардың, әсіресе жастардың радикалдануына жағдай жасайды.
Осы сын-қатерге төтеп беру үшін 2022 жылы БҰҰДБ мен Жапония үкіметі Орталық Азияда зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу үшін орнықты қоғамдастықтарға жәрдемдесу жөніндегі бастаманың екінші кезеңін іске қосты. Қазақстанда бастама Қызылорда және Маңғыстау облыстарын қамтып, тәуекел тобындағы жастарға қолдау көрсетіп, оларға жеке және кәсіби өсуге мүмкіндік беруде. Бастама аясында NEET (Not in Education, Employment, or Training) санатына жататын жастарға арналған лагерьлер және қатар құқық қорғау органдыры қызметкерлері мен мектеп әкімшіліктеріне арналған, профайлинг және эмоциялық интеллект тақырыптары бойынша тренингтер ұйымдастырылды.
Серіктестік бастаманың негізгі элементтерінің бірі — пилоттық өңірлердегі тәуекел тобындағы жастардың кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған тағылымдама бағдарламасы. 18 бен 29 жас аралығындағы жандарға бағытталған бұл бағдарлама қатысушыларға кәсіби тәжірибе алуға мүмкіндік беріп, жұмысқа орналасуға апаратын маңызды қадам жасауға көмектеседі. Бағдарлама жалпы алғанда 300 адамды қамтиды.
Видеомызды көріп, қатысушыларымызбен танысыңыз.