Орталық Азия елдері отбасындағы зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін талқылауда
2023 ж. 19 October
Еуропалық Одақпен қаржыландырылған Орталық Азияға арналған «Нұр сәулесі» аймақтық бағдарламасының қолдауымен отбасында және жұп тарапынан көрсетілетін зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартудың ауқымы, салдары мен нәтижелерін талқылау мақсатында сарапшылық диалог ұйымдастырылды. Диалогқа Орталық Азия елдерінің құқық саласындағы сарапшылары, құқық қорғау жүйесінің өкілдері, адвокаттары және гендерлік мәселелер жөніндегі мамандары қатысты. Диалог тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту саласындағы олқылықтарды жою, кедергілерді еңсеру және шаралардың нәтижелілігін арттыру бойынша сарамандық идеялар мен ұсыныстар жасап шығаратын алаңға айналды.
«Адам құқықтары мен гендерлік теңдік – Еуропалық Одақтың сыртқы әрекетінің өзегі. Бүгін сізбен бірге болу үлкен мәртебе, өйткені сіздің тынымсыз еңбегіңіз бен терең міндеттемеңіз бізді Орталық Азиядағы гендерлік зорлық-зомбылықты жоюға бір қадам жақындатады. Біз елдердің, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаумен айналысатын түрлі секторлардың өкілдері арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, сондай-ақ аймақтық бағдарлама аясында қамтылған мәселелер кешенін атап өтеміз», –деді Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Делегация Миссиясы басшысының орынбасары Мачей Мадалински.
«Қылмыстық жауапкершілікке тарту саясаты бір мезгілде баламалы тәсілдермен және тұрмыстық зорлық-зомбылықты ерте анықтау және алдын алу бойынша жұмыспен байланысты шаралардың кең ауқымын қамтуы тиіс. Полицияның рөлі зор екенін ескере отырып, қорғау секторының (полиция, прокуратура, соттар) өзінде де, ведомстволар (полиция, дағдарыс орталықтары, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдары, заңгерлік қызметтер) арасында да үйлестіру мен өзара іс-қимылды дамыту қажет, -деп атап өтті Сухроб Ходжиматов, Қазақстандағы БҰҰДБ тұрақты өкілінің орынбасары.
Бүгінгі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту Орталық Азия елдерінде ең көп талқыланатын тақырыптардың біріне айналды. БҰҰ Әйелдерге қатысты кемсітушілікті түп-тамырымен жою туралы конвенциясының, Ыстамбұл конвенциясының және адам құқықтары жөніндегі басқа да халықаралық келісімдердің нормаларын ескере отырып, сарапшылар, белсенділер мен практиктер тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтуге үндейді.
Қазіргі уақытта Орталық Азияда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес негізінен әкімшілік шаралармен шектеліп отыр. Алайда мұндай шаралардың тиімділігі жиі сынға ұшырайды, өйткені олар әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты еш азайтпайды. Өңірдегі кейбір елдер қазірдің өзінде тұрмыстық саладағы қылмыстар үшін жазаны күшейту үшін қылмыстық және азаматтық кодекстерге түзетулер енгізу шараларын қолданып жатыр.
«Қылмыстық жауапкершілікке тарту гендерлік зорлық-зомбылықпен күресте маңызды қадам болып табылады, бірақ оның алдын алудың ең тиімді жолы емес. Басымдықты жазадан қашып құтылу мүмкін емес екеніне емес, оның қатаңдығына бере отырып, бүкіл әлемде әйелдер мен қыздар үшін әлдеқайда әділ және қауіпсіз қоғамдар құра аламыз», -деп атап өтті өз баяндамасында Орталық Азия елдеріне арналған «Нұр сәулесі» аймақтық бағдарламасының сарапшысы Хуан Беликов.
Диалогқа қатысқан сарапшылар тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық істерді тоқтатудың негіздері мен тәртібін қайта қарау қажет екенін баса айтты. Себебі, ауырлығы орташа қылмыстар бойынша бітімге келуге байланысты істі тоқтату істі бітімге келуге байланысты тоқтатуға жол берілмейтін ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстар бойынша құқық бұзушылықтар динамикасына әсер етеді. Осылайша тараптардың бітімге келуіне байланысты жауапкершіліктен босату, сондай-ақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіру үшін жауапкершілікті жеңілдету осындай құқық бұзушылықтарды салыстырмалы түрде жазасыз қалатын деп қабылдауға жол ашады.
Айта кету керек, Орталық Азия елдерінде қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзімділік жоғары деңгейде сақталып отыр. Гендерлік әлеуметтік нормалар индексіне сәйкес Орталық Азия елдеріндегі жағдай келесідей:
Барлық Орталық Азия елдері арасында Қазақстанда теріс гендерлік түсініктен ада әйелдер пайызы ең жоғары (8,74). Салыстыра кетейік, Қырғызстанда мұндай әйелдер тек 2,6 пайыз ғана; Тәжікстанда – 2,32 пайыз. Жалпы Орталық Азия өңірінде теріс гендерлік түсінік қалыптастырған халықтың ең жоғары пайызы Тәжікстанда, ең төмен пайызы Қазақстанда екен. Оның үстіне бірінші жағдайда да, екінші жағдайда да бұл көрсеткіш бәрібір 90 пайыздан асып тұр. Өңірдегі барлық елдерге барлық төрт өлшем бойынша (саясат, білім, экономика және физикалық қол сұқпаушылық) теріс гендерлік түсініктерге бой алдырған ерлер әйелдерге қарағанда жалпы көбірек болуы тән.
Сарапшылық диалог аясында Қазақстандағы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторлары үшін зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істеудің гендерлік сезімтал әдісі бойынша мамандандырылған тренинг ұйымдастырылған. Тренингті «Нұр сәулесі» аймақтық бағдарламасының, «Қорғау Астана» қорының және Ақтөбе заң институтының сарапшылары жүргізген.