Төмен көміртекті қалаларды дамыту

2010 ж. Қазақстан парникті газдардың шығарылымдарын 1990 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2020 ж-ға дейін 15 % және 2050 жылға қарай 25 % дейін төмендету жөнінде ерікті міндеттемелерді қабылдауы жөнінде хабарлады. Климаттың өзгеруіне тигізетін ықпалын жұмсарту үшін ПГ жылдық шығарылымдарын жылына 20-30MtCO2 –ға дейін (бұл Қазақстандағы ПГ шығарылымдарын төмендетуге мүмкін жиынтық мөлшерінің 30% жуығы) төмендету мүмкіндігімен қалалық сектор (орталықтандырылған жылыту, ғимараттар, қалдықтар мен көлік) бөлініп алынуда.

ПГ қалалық шығарылымдарын төмендетудің оң нәтижелері экономикаға ғана емес, жергілікті халыққа да қалалық инфрақұрылымның тұрақтылығы мен сенімділігін арттыру, жайлылық пен халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру сияқты айтарлық әлеуметтік-экономикалық және жергілікті пайдалар әкеледі.

ПГ шығарылымдарының ұлттық мақсатты көрсеткіштеріне жету үшін ҒЭҚ қаржылай қолдауымен Қазақстанда БҰҰДБ мен ҚР Үкіметі «Төмен көміртекті дамуға арналған орнықты қалалар» жобасын іске асырып жатыр. Жоба қалалық инфрақұрылымдағы парникті газдардың шығарылымдарын төмендету бойынша жобаларды анықтауға, оған қоса оларды дамыту мен қаржылай қолдау механизмдерін ұсынуға бағытталған. Жобаның бес компоненті ҚР Үкіметіне климаттың өзгеруіне қалалық секторда тигізілетін ықпалды азайту бойынша кешенді шараларды әзірлеу және іске асыруға көмектеседі.  

Күтілетін нәтижелер:

•     ПГ төмендеуіне бағытталған басым жобаларды анықтау, сонымен қатар Қазақстанның 15 пилоттық қаласында (аймағында) түрлі жобаларды іске асыру үшін қажетті қаржы ресурстарын бағалау;

•     Қалалық төменкөміртекті жоспарларды іске асыру үшін МЖС, ЭСКО және басқа да тиісті институционалды құрылымдарды құру;

•     Төменкөміртекті жобаларды іске асыруға банк секторынан қосымша жаңа қаржыландыру көздерін тарту;

•     Пилотты жобаны іске асыру арқылы қалалық ПГ шығарылымдарын төмендетудің экономикалық мақсатқа сәйкестілігін демонстрациялау;

•     Қалалық төменкөміртекті жобаларды іске асыру және оларды шығарылымдардың саудасын реттейтін Қазақстанның көміртекті алаңында сату барысында ПГ шығарылымдарын төмендетудің мониторинг жүйесін құру.

Серіктестер:

·         ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

·         ҚР Энергетика министрлігі

·         «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

·         Жергілікті мемлекеттік органдар

·         Қоғамдық ұйымдар

Жобасы мақсаты: энерготиімділікті арттыру арқылы қала инфрақұрылымы нысандарының  парникті шығарылымдарын төмендету

Бенефициар:

·         ҚР азаматтары

·         ҚР Үкіметі

Жобаның іске асырылу мерзімі:

·   2015-2024 жж.

Жоба бюджеті:

·   ЖЭҚ – $ 5,93 млн.

·   БҰҰДБ – $1,06 млн.

·   Үкімет – $ 30,8 млн.

·   Басқа қаражаттандыру көздері - $ 33,4 млн.

Байланыс:

Жоба жетекшісі– Құралай Сейталина

E-mail: kuralay.seitalina@undp.org

«Аффари» БО-ы, 415 кеңсе

Мәмбетов к-сі, 24, Астана қ-сы, Қазақстан

 www.undp.org/kazakhstan      

www.eep.kz

                              

Impact

START DATE

September 2014

END DATE

May 2024

STATUS

Completed

PROJECT OFFICE

Kazakhstan

IMPLEMENTING PARTNER

Government of Kazakhstan

DONORS

Global Environment Fund Trustee

UNITED NATIONS DEVELOPMENT PROGRAMME

TOTAL CONTRIBUTIONS

$9,500,196

DELIVERY IN PREVIOUS YEARS

2015$220,515

2016$551,655

2017$616,567

2018$554,634

2019$1,221,929

2020$772,103

2021$218,911

2022$300,763

2023$724,390

2024$727,213

Full Project information