Қазақстан Республикасының су шаруашылығы бассейндері су ағынының өзгеруіне климат өзгерісінің 2100 жылға дейінгі кезеңге әсер ету болжамы
Forecast of the impact of climate change on water flow changes in the hydro-economic basins of Kazakhstan up to 2100
pdf (1.2MB)
DownloadҚазақстан Республикасының су шаруашылығы бассейндері су ағынының өзгеруіне климат өзгерісінің 2100 жылға дейінгі кезеңге әсер ету болжамы
2022 ж. 28 April
Климат өзгеруінің су ресурстарына әсері, әсіресе күрт континенталды климаты бар аумақтар үшін және су тұтынудың елеулі үлесі ауыл шаруашылығын дамытуға келетін елдер үшін аса маңызды болып табылады.
Осы жұмыстың зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан 8 су шаруашылығы бассейні (СШБ-да) болып табылады. Климат өзгеруінің су ресурстарына әсерін бағалау үшін The Inter-Sectoral Impact Model Intercomparison Project – ISIMIP жобадан климаттық проекциялар таңдалды.
Температураның жоғарылауы мұздықтардың еруіне әсер етеді, бұл тау өзендеріндегі ағынның ғасырдың ортасына дейін жоғарылауына және таулардағы мұздықтардың сарқылуы нәтижесінде ғасырдың соңына дейін төмендеуіне әкеп соғады. Осылайша, sp 126 және sp 370 екі сценарийі бойынша модельдеу нәтижелеріне сәйкес жүзжылдықтың соңына қарай Балқаш-Алакөл СШБ-ны қоспағанда, барлық су шаруашылығы бассейндеріндегі ағынның қысқаруы болжанып отыр. Сондай-ақ, болжамды бағалауларға сәйкес суармалы егіншілік алаңының 2030 жылға қарай 1.8 млн гектардан 3 млн гектарға дейін ұлғаюы нәтижесінде су тұтынудың артуы күтілуде, бұл ретте орташа жылдық температураның өсуіне байланысты 1 га жерге есептегенде су тұтыну да ұлғаятын болады.
Дайындалған:
Жанна Бабағалиева
2100 жылға дейінгі перспективада климат өзгеруінің Қазақстанның су ресурстарына әсерін болжау жөніндегі ұлттық сарапшы