БҰҰ Даму бағдарламасы климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласында белсенді жұмыс жүргізеді, ол жасыл қаржыландыру акселераторы деп аталатын көмегімен таза технологияларды қаржыландыру тетіктерін әзірлеуге және кеңейтуге және көміртегі шығарындыларының төмен деңгейі бар бизнесті дамытуға бағытталған. Төмен көміртекті бизнесті дамыту жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондар, «жасыл» облигациялар, көміртегі шығарындыларына квоталарды саудалау және т.б. сияқты инновациялық тетіктер есебінен ілгерілеуде.
БҰҰДБ қолдауымен Қазақстан Үкіметі инвестициялық тәуекелдерді қысқарту және инвестициялау көлемін ұлғайту және жаңартылатын энергия саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін қолданылатын саясаттарды, бағдарламалар мен нормаларды әзірлеу және енгізу бөлігінде заңнама нормаларын жетілдіру жөніндегі жұмысты жүргізуде.
Осылайша, 2018 жылдан бастап Қазақстандағы БҰҰДБ ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп, Жаһандық Экологиялық Қордың қаржылық қолдауымен жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) инвестициялау тәуекелдерін төмендету бойынша жобаны іске асыруда. Бұл бірлескен бастама, оның міндетіне ЖЭК-ке қатысты елдің заңнамасын әзірлеуге және оған өзгерістер енгізуге Үкіметке қолдау көрсету, сондай-ақ ЖЭК технологияларын пайдалануға мүдделі ШОБ үшін пилоттық тетіктерді енгізу кіреді.
«Біздің бірлескен жобамыздың қызметі «Қазақстан-2030» және «Қазақстан-2050» стратегиялары шеңберінде мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстанда ЖЭК-ке жеке сектор тарапынан инвестициялар енгізуді ынталандыру үшін реттеуші базаны құруға және қаржы құралдарын пилоттауға бағытталған. Бұл міндеттерге толық сай келеді және жалпы ҚР Энергетика министрлігі жүргізіп отырған жаңартылатын энергия көздері саласындағы саясатқа сай келеді», - деп атап өтті Қазақстан Энергетика министрлігінің ЖЭК департаментінің директоры Абай Құланбай.
Инвестициялау жүйесін негізгі жетілдіру ЖЭК бойынша жаңа инновациялық тетік – дайын құжаттамасы бар аукцион (жобалық аукцион) болды. Ұсынылған практиканың түйінді сәті - аукцион басталғанға дейін жобаға дейінгі құжаттама пакетінде әлеуетті инвесторға жобаның негізгі параметрлері бойынша мынадай деректер берілетіндікте:
· жобаны іске асырудың нақты учаскесі туралы ақпарат;
· оны энергия жүйесіне қосу үшін техникалық шарттар нүктелері;
· ЖЭК электр станциясы құрылысының құнын ірілендірілген бағалау / жобаның коммерциялық тиімділігін есептеу.
Бұл сауда-саттыққа қатысушыларға өз мүмкіндіктерін бағамдауға,
«жасырын» тәуекелдерді алып тастауға және сауда-саттық барысында одан да төмен тарифтерді ұсынуға мүмкіндік береді.
«Бұл тетіктің мәні мынада, қатысушылар бәсекелесе отырып, мемлекет жария еткен сатып алуға жоспарланған энергия көлеміне және әлеуетті инвестор болжап отырған объект құрылысының локациясына қарай «жасыл энергияның» кВт/сағатына ең неғұрым аз тарифін ұсынады.
Нысананы «болжамды» орналастыру инвестор үшін қосымша тәуекелдерді көтереді, оларды аукционға қатысушылар өндірілетін энергия құнында көздеуі тиіс. Мысалы, аумақтың өз ерекшеліктері болуы мүмкін (батпақты жер, аумақтағы ЭБЖ және т. б.), олар инвестор үшін қосымша шығыстарға, жобаны іске асырудың қымбаттауына алып келеді және оны сауда - саттық барысында тариф бағасы төмендеген кезде шектейді», - деп түсіндіреді Қазақстандағы БҰҰДБ жобасының менеджері Сырым Нұрғалиев.
Қазіргі уақытта Қазақстанда сомалық қуаты 2010 МВт (ЖЭС - 684 МВт; КЭС–1038 МВт; СЭС – 280 МВт; БиоЭС – 8 МВт) болатын 134 жұмыс істеп тұрған ЖЭК объектілері бар. 2021 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК нысандарының электр энергиясын өндіруі шамамен 4,2 млрд.кВтс құрады. ЖЭК өндіретін электр энергиясының электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі үлесі 4%-ды құрайды.
ЖЭК жобаларын іске асыру процесі Қазақстанда 2009 жылы «ЖЭК пайдалануды қолдау туралы» Заңның және бірқатар қабылданған нормативтік құқықтық актілердің (НҚА) қабылдануының арқасында туындағанын атап өткен жөн.
Қазақстанда БҰҰДБ мен ҚР Энергетика министрлігінің жобалық аукциондарды өткізу жөніндегі бірлескен бастаманы іске асыру шеңберінде қолданыстағы НҚА-ға бірқатар өзгерістер енгізілді және «Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінім берудің мазмұны мен тәртібін, аукционға қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу шарттарын қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу, жеңімпаздарды анықтау тәртібі қағидалары» түзетілді.