Менің атым Ален, мен 32 жастамын, мен Қазақстандағы БҰҰ-дың ұлттық еріктісімін.
Мен еріктілікпен мектеп кезінен айналысамын, мектепте сенбіліктер мен ағаш отырғызуды қалай ұйымдастырғаным, плогингке қатысқаным есімде.
Кейін достарымен бірге балалар үйлеріне бара бастадым, балаларға арналған түрлі іс-шаралар өткіздім. Біздің дәстүріміз бар – әр жаңа жыл сайын достарымызбен бірге тәтті пісіру жәрмеңкесін ұйымдастырамыз және түскен қаражатқа балалар үйлеріндегі балаларға қажетті тауарларды сатып аламыз және олар үшін қойылымдар мен ойындар өткіземіз.
Мен сондай-ақ жануарларды өте жақсы көремін және үйсіз жануарларға арналған баспаналарды белсенді қолдаймын. Өкінішке орай, мұндай мекемелер мемлекет тарапынан қаржыландырылмайды және қамқор еріктілердің көмегі арқасында ғана бар. Жақында БҰҰ-дағы әріптестерімізбен бірге баспаналардың бірінде иттерге арналған үйшіктер салдық, вольерлерді қардан тазалап, мал азығын сатып алдық.
Еріктілік – бұл менің өмір салтым. 2011 жылдан бастап мен қанды өтеусіз тапсырамын: менің есебімде 450 мл-ден 33 қан донациясы бар. Егер ересек адамның ағзасында бар болғаны 4-5 литр қан бар екенін ескеретін болсақ, онда мен донорлыққа менде бар қаннан артық бердім деп айтуға болады 😊.
Мен ерікті ретінде ірі іс-шараларға қатысу мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысамын. Мысалы, 2011 жылы Қазақстанда өткен 7-ші Қысқы Азия ойындарында мен іс-шара қонақтарына консультация беруге және оларды ертіп жүруге көмектестім, журналистерді баспасөз орталықтарына жіберіп отырдым.
2013 жылы маған БҰҰ-дың халық қоныстануы саласындағы қоры (ЮНФПА) құрған Y-PEER тең білім беретін жастар желісінің (сөзбе-сөз «жастар – тең») еріктісі және жаттықтырушысы болу бақыты бұйырды. Оның мақсаты – репродуктивті денсаулық және жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу және жастар арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралу әдістері саласындағы пайдалы ақпарат пен білім алмасу алаңына айналу. Y-PEER сонымен қатар гендерлік теңдік, еріктілік және көшбасшылық бойынша тренингтер өткізеді. Осы құрылымда жұмыс істеген екі жылдан кейін мен оның Алматы қаласы бойынша және тағы екі жылдан кейін бүкіл Қазақстан бойынша үйлестірушісіне айналдым.
2017 жылдан бастап мен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының «Қымбат емес және таза энергия» атты тұрақты дамудың 7-ші мақсатына қол жеткізу жөніндегі жобасында ұлттық ерікті ретінде жұмыс істеймін. Мен осы маңызды жобаға өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын, өйткені климаттық өзгерістерге байланысты бүгінгі жағдайды және олардың адамға әсерін ескере отырып, болашақ баламалы энергияны дамытуда болады деп санаймын.
Биыл Қазақстанда үздік еріктілерді анықтау бойынша конкурс өтті. 10 жыл еріктілік тәжірибем болғандықтан, мен оған қатысуға шешім қабылдадым және сәттілік менікі болды. Қазақстанның мүддесін халықаралық деңгейде ілгерілету үшін мені және тағы 14 еріктіні 180 үміткердің ішінен таңдады. Жеңімпаздарға түрлі ұйымдармен серіктестік қарым-қатынас орнату үшін Баку, Ыстамбұл және Омбы қалаларына бару мүмкіндігі берілді.
Бакуге барып, еріктілік маңызды рөл атқаратын бірқатар ұйымдарға бару сәті түсті. Олардың арасында, мысалы, көкөніс шаруашылығы институты @teti.az , онда еріктілер қызметкерлермен бірге көкөніс өсірумен айналысады, агроном немесе селекционер ретінде мансап құрудың барлық мүмкіндіктері бар; DOST орталығы @dost.agentliyi @konullu.dost, онда еріктілер азаматтарға еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтерді пайдалануға жағдай жасайды; сондай-ақ жастарға даму және бос уақытты өткізу үшін мүмкіндіктер ұсынылатын Баку @bakuyouthcenter Жастар орталығы.
Биыл БҰҰ Еріктісінің құрметті атағына 50 жыл толады! 2 желтоқсан Халықаралық еріктілер күні қарсаңында Павлодар қаласында үздік еріктілерді марапаттау рәсімі өтті, онда мен «БҰҰ еріктілерінің БҰҰ-ға көрнекті қолдауы» номинациясын жеңіп алдым.
Маған адамдарға, жануарларға, табиғатқа көмектесу ұнайды – мен одан рухани қанағаттанамын. Менің ойымша, кез-келген адам еріктілікке шамалы уақыт таба алады.