“Мықты әйел – мықты ел”: Қазақстанда Халықаралық әйелдер күнінде гендерлік стереотипке қарсы науқан басталды

2023 ж. 6 March

Астана, 6 наурыз 2023 ж. – “Мықты әйел – мықты ел”. Осындай тақырыптағы постерлерді Қазақстан бойынша “Қазпоштаның”  бөлімшелеріне келген ел тұрғындары көре алады. Осылайша Халықаралық әйелдер күніне орай, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісінің кеңсесі, БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) және БҰҰ-ның халықтың қоныстануы саласындағы қоры (ХҚҚ) “Қазпошта” ұлттық пошта операторымен бірлесіп, гендерлік стереотиптерге қарсы күрес жөнінде науқанды қолға алды. 

Ұйымдастырушылар "Қазпошта" қызметкерлері бейнеленген қазақ және орыс тілдеріндегі ұрандары бар плакаттар әзірледі. Ұлттық пошта операторының қолдауымен плакаттар елдің барлық өңірлеріндегі 2,000 бөлімшеге орналастырылды. Пошта бөлімшесіне келушілер смартфон көмегімен QR кодты сканерлеп, Халықаралық әйелдер күніне арналған онлайн викторина парақшасына өтеді. Осылайша тұрғындар қарапайым сұрақтарға жауап бере отырып, жүлделер ұтысына қатысуға мүмкіндік алады.

"Биыл Халықаралық әйелдер күні "Цифрландыру барлығы үшін: гендерлік теңдікке арналған инновациялар мен технологиялар" деген тақырыппен өтуде. Бұл тақырып әйелдердің мәртебесі жөніндегі комиссияның алдағы 67-ші сессиясының басымдығымен сәйкес. Осы науқан арқылы біз тұрақты дамуды ілгерілету үшін әйелдер мен қыздардың барығымызды шабыттандыратын күші, төзімділігі және әлемді жетілдіруге деген ұмтылысы жолындағы ролін көрсетеміз. Осы орайда біз әйелдердің керемет жетістіктерін, әр алуандылықты атап өтіп, өмірдің барлық салаларында гендерлік теңдікті ілгерілетуге деген адалдығымызды растағымыз келеді", - деп атап өтті БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори.

"Мықты әйел – мықты ел" бірлескен науқанының басты мақсаты – гендерлік стереотиптермен күресу және гендерлік теңдікке шақыру. 

"БҰҰДБ әйелдер инновациялар, технологиялық өзгерістер және цифрландыру саласында шешімдер қабылдауға толыққанды қатыса алатынын мойындайды және ол ТДМ-ға қол жеткізу әрі қоғамға әсер ету мақсатында қажетті талап  екенін растайды. Біз осы салалардағы әйелдер мен қыздардың тең өкілдігін қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті еңсере алатынымызға және баршаның тұрақты дамуына ықпал ететінімізге сенімдіміз", - деп атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа.

«ЮНФПА көп жылдар бойы гендерлік талаптарға сай құқықтық және саяси реформаларды ілгерілету және деректер жинау, сондай-ақ әйелдер мен қыздардың денсаулығын жақсарту және құқықтарын кеңейту бойынша бастамаларды қолға ала отырып, әйелдер мен қыздардың мүддесін қорғап келеді. Бүгінгі таңда әйелдердің жағдайын жақсарту және олардың құқықтарын ілгерілету бүкіл қоғамға пайдасы тиетіні кеңінен танылып отыр. Гендерлік теңдікке ерлердің қатысуынсыз қол жеткізу мүмкін емес. Біздің бағдарламаларымыз ерлер мен ұлдарды зиянды стереотиптерден бас тартуға, барлық адамдардың құқықтарын қолдауға, олармен сыйластықта, салауатты қарым-қатынас орнатуға шақырады», – дейді ЮНФПА-ның Қазақстандағы өкілі және Қырғызстан мен Түркіменстандағы елдік директоры Ронни Линдстром.

Акция қорытындысын шығару және ұйымдастырушылар ұсынған жүлделердің ұтыс ойыны осы жылдың наурыз айының аяғында өтеді.

Жаһандық ауқымда әйелдер технология саласында АКТ мамандары, технологиялық компаниялардың жоғары басшылығы, технологиялық стартаптардың иелері және жұмысшылар ретінде өте аз. Мысалы әйелдер STEM индустриясының кеңесінде тек 28 пайызын құраса, бас директорлар мен басқарушы лауазымдағы әйелдер үлесі бар-жоғы 3 және 17 пайызды құрайды.

 

«Қазпоштада түрлі мамандықтары бар әрі дүниетанымы әр түрлі әйелдер еңбек етеді, әрі біздің компанияда олардың үлесі 74 пайызды құрайды. Олардың негізгі мақсаты - қандай да бір табысқа жету, өздерінің кәсіби және жеке құзыреттерін дамытуға ұмтылу. Сол себепті, гендерлік теңдік – компанияны тұрақты дамыту қағидаттарын жүзеге асырудағы басты мақсаттардың бірі. Ендеше әйелдердің осы жолдағы ерен еңбегі әрдайым елеусіз қалмайды деген сенімдемін», - деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова.