Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы бойынша 8-ші ұлттық хабарлама және 5-ші екі жылдық баяндама
Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы бойынша 8-ші ұлттық хабарлама және 5-ші екі жылдық баяндама
2023 ж. 1 June
Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы бойынша 8-ші ұлттық хабарламаны және 5-ші екі жылдық баяндаманы ҚР Экология геология және табиғи ресурстар министрлігінің бірлескен жобасы және Жаһандық экологиялық қордың қаржылай жәрдемдесуімен БҰҰ Даму бағдарламасы шеңберінде ұлттық сарапшылар тобы дайындады. Басылымда халықаралық қолжетімді нұсқаулыққа сәйкес климаттың өзгеруі туралы барлық қолжетімді ақпарат бар. Осы баяндаманы жасау үшін мемлекеттік ведомстволар мен агенттіктерді қоса алғанда, ашық көздерден алынған ақпарат, ұлттық және халықаралық ұйымдардың деректері пайдаланылды. Басылымда 9 бөлім ұсынылған: Ұлттық шарттар, Парниктік газдар шығарындылары бойынша деректер, Қазақстанның парниктік газдар шығарындыларын реттеу жөніндегі саясаты мен шаралары, Саясат пен шаралардың ПГ шығарындыларына болжамдары мен жалпы әсері, Климаттың өзгеруінің әсерін бағалау мен климаттың өзгеруіне бейімделу шаралары, Қаржы ресурстары мен технологияларды беру деректері және Климаттың өзгеруі саласындағы білім беру және кадрларды даярлау мәселелері. Сонымен қатар, баяндама климаттың өзгеруі мәселесіне қатысты гендерлік статистикалық ақпаратпен байытылған.