Home Қазақстан Отбасының Цифрлық Картасы Хикая Тұрақты даму мен қоғамның әлеуметтік амандығын қамтамасыз ету жолындағы цифрландыру Отбасының цифрлық картасы – бұл govtech саласындағы жетекші шешім, ол саяси шешімдер қабылдайтын органдарға нақты уақыт режимінде әлеуметтік қорғалмаған отбасылар туралы агрегатталған деректерге қол жеткізуге көмектеседі. Платформа Қазақстандағы халықтың неғұрлым осал топтары үшін біртұтас, гендерлік-сезімтал және тиімді әлеуметтік қолдау жүйесін құрады. Осы күні Әлеуметтік кодекстің негізінде жатқан осы жобаның арқасында Қазақстанда 6 миллионнан астам отбасы картаға түсірілді. Мұндай ашық ақпарат мемлекеттік шығындарды жақсырақ жоспарлауға және нақты уақыт режимінде алынған мәліметтер негізінде атаулы әлеуметтік көмекті дәлірек бағыттауға мүмкіндік береді. Толығырақ оқу Жаңалық БҰҰДБ мен Қазақстан Тұрақты даму жөніндегі Жоғары деңгейдегі БҰҰ саяси форумында өздерінің табысты әріптестіктерін атап өтуде Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігімен әріптестікте «Өзгерістер жолындағы әріптестік: Қазақстандағы теңсіздікпен күрес пен цифрлық дамуды ілгерілету» атты жоғары деңгейдегі қосымша іс-шараны ұйымдастырды. Іс-шара шеңберінде БҰҰДБ мен Қазақстанның әріптестікте жүзеге асырған флагмандық бастама – тиімді қызмет көрсетуді және ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін бүкіл үкіметтік тәсіл арқылы теңсіздік мәселелерін шешуге арналған инновациялық платформа – Отбасының цифрлық картасы ұсынылды. Толығырақ оқу Жаңалық Қазақстанның Отбасының Цифрлық Картасы 2024 жылғы GovTech сыйлығын иеленді Дубайдағы Дүниежүзілік Үкімет Саммитінде Қазақстанның инновациялық жобасы – Отбасының Цифрлық Картасы – «Инклюзивті цифрлық трансформация» санатында үздік деп танылып, беделді 2024 жылғы GovTech сыйлығын алды. Қазақстандағы БҰҰДБ қолдауымен әзірленген бұл флагмандық govtech шешімі халықтың ең осал топтарына уақтылы мемлекеттік қолдау көрсетуді мақсат етеді. Read more Хикая Отбасының цифрлық картасы: технология арқылы қоғамды өзгерту Жаппай цифрландыру мен технологиялық серпілістер дәуірінде, өміріміздің әрбір саласы қарқынды әрі түбегейлі өзгеріп жатқанда, әлеуметтік әл-ауқатты жақсарту және қоғамды тұрақты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болып жатыр. Қазақстан үшін мұндай мүмкіндік Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен БҰҰ Даму бағдарламасы әріптестігі нәтижесінде пайда болған «Отбасының цифрлық картасы» жобасы болды. «Отбасының цифрлық картасы» жобасы әртүрлі салалардың: IT-технологиялар, әлеуметтік қорғау, экономика және қаржы мамандарының күш біріктіруінің арқасында мүмкін болды. Біз қазақстандықтарды әлеуметтік тұрғыдан қолдаудың осындай инновациялық құралын әзірлеуге мұрындық болған әйелдермен әңгімелесуді жөн көрдік. Толығырақ оқу