БҰҰДБ Қазақстандағы жасыл энергетика секторына инвестициялар тәуекелдерін төмендету жөніндегі жобаның нәтижелерін ұсынды

2024 ж. 13 August
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

2024 жылғы 13 тамыз, Астана қ. – Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) технологияларына инвестициялау тәуекелдерін төмендету жөніндегі жобаның нәтижелерін ұсынды. БҰҰДБ Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) қаржылық қолдауымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен серіктестікте іске асырылған жобаның аяқталуына байланысты іс-шарада сарапшылар ЖЭК саласын дамыту перспективаларын талқылады, қолдаудың қаржылық және қаржылық емес тетіктерін одан әрі енгізу бойынша ұсынымдар, сондай-ақ болашақта іске асырылуы тиіс жаңа тәсілдерді ұсынды.

2060 жылға қарай баламалы және жаңартылатын энергия көздеріне ауысумен елдің электр энергетикалық кешенін кезең-кезеңімен трансформациялауға басымдық беретін Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі стратегия контекстінде ЖЭК технологияларын сектордың ірі объектілері де, шағын және орта бизнес объектілері де енгізуі тиіс. Қазір Қазақстанда жалпы қуаты 2.900 МВт болатын 148 ауқымды ЖЭК нысаны жұмыс істейді. Электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын көздердің үлесі 6,5 пайызға жетті.

БҰҰДБ ЖЭҚ қолдауымен жаңа қолдау құралдарын сынау және енгізу үшін ЖЭК-ке инвестициялау тәуекелдерін төмендету әдіснамасын қолданды. Әдіснаманың мақсаты жеке инвестицияларды ынталандыру үшін ықпал ету шараларын қабылдау және осындай «тәуекел-кірістілік» профилін құру және сол арқылы елде сенімді, экологиялық және қолжетімді энергетикалық шешімдерді қамтамасыз ету. Әдіснама жалпыға қолжетімді әдістер жиынтығынан, қаржы құралдары мен модельдерінен, сондай-ақ қажетті ақпараттық ресурстардан тұрады. Жобаны іске асыру барысында әдіснам Қазақстан үшін бейімделді.

a woman standing in front of a mirror posing for the camera

БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/ Саламат Аязбай
«Экономиканы декарбонизациялау – біздің өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді көрсететін басты міндетіміз. Қазба отындарынан біртіндеп бас тарту және жаңартылатын энергияға көшу енді өршіл мақсат емес, әлем елдері қабылдаған міндеттеме. БҰҰДБ ұсынған тәсіл үкіметтерге заңнаманы жақсарту арқылы жаңартылатын энергияға жеке инвестицияларды тиімді ынталандыруға және таратуға көмектеседі. «Жасыл» бастамаларды қолдай отырып, біз адамдар мен ғаламшар үшін төмен көміртекті болашаққа сенімді түрде барамыз», – деп атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа.
деп атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен бірлескен жұмыстың негізгі нәтижелерінің бірі «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар болды. Атап айтқанда, «ЖЭК-ті пайдаланатын ауқымы шағын объект» термині енгізілді, мұндай  қондырғылардың ең жоғары қуаты 200 кВт-қа дейін ұлғайтылды, нетто-тұтынушылар болып табылатын жеке тұлғалар заңды тұлға ретінде тіркелу міндетінен босатылды, энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне нетто-тұтынушылардың еркін қол жеткізуін және қосылуын қамтамасыз ету міндеті бекітілді. Сарапшылардың пікірінше, бұл өзгерістер жаңартылатын энергия секторына жеке инвестициялардың өсуін ынталандыруға көмектеседі.

группа людей, стоящих перед зеркалом

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Саламат Аязбай
«Министрлік еліміздің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ұлғайту бойынша белсенді жұмыс істеуде, бұл Қазақстанға парниктік газдар шығарындыларын қысқартып қана қоймай, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді.Электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын табысты іске асыру кезінде 2035 жылға қарай отын түрлері бойынша белгіленген қуаттың құрылымы мынадай түрде қалыптасады: ЖЭК – 24,4 пайыз; ГЭС – 10,8 пайыз; газ – 25,8 пайыз; көмір – 34,3 пайыз», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.
деп атап өтті Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен бірлескен жоба нәтижесінде «жасыл» қаржыландырудың қолжетімділігін арттыратын қаржы құралдары әзірленіп, енгізілді.Мәселен, 2019 жылы Қазақстанда инновациялық тетік дайын құжаттамасы бар аукцион ұсынылды. Аукционның осы түрінің жетістігі тікелей шетелдік инвестициялардың келуіне және аукциондардың басқа түрлеріне механизмнің енгізілуіне алып келді.2020 жылы Қазақстан «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолдауымен алғашқы жасыл облигацияларды шығарды. БҰҰДБ серіктесі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ екінші деңгейдегі банктер арқылы ЖЭК жобаларын қаржыландыруға жасыл облигацияларды шығару және орналастыру арқылы қаражат тартты. Содан кейін бұл қаражат жаңартылатын энергия көздері жобаларын жүзеге асыратын шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға бағытталды.

Бүгінгі таңда БҰҰДБ мен ЖЭҚ бірлескен жобалары шеңберінде әзірленген қаржы құралдары жасыл технологияларды енгізу үшін 3.9 миллиард теңге сомасына 60-тан астам шағын және орта бизнес жобалары үшін «жасыл» қаржыландырудың қолжетімділігін арттырғандығын естеріңізге сала кетейік. Жобалар Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында іске асырылды. Ең көп қолданылатын технологияларға күн электр станциялары мен жылумен қамтамасыз ету үшін биомассамен жағылатын қазандықтар кіреді.