Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 17 қараша – 31 қазан мен 12 қараша аралығында шотландиялық Глазго қаласында БҰҰ-дың Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына (COP26) қатысушы елдердің 26-шы конференциясы өтті. Жыл сайынғы жоғары деңгейдегі кездесуде 197 елдің өкілдері климаттың ауқымды өзгерістерін талқылады және жаһандық апаттың алдын алу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы уағдаласуға тырысуда.
Конференцияның 26 жылдық тарихында алғаш рет Орталық Азия елдері климаттың өзгеруі мәселелері бойынша шоғырландырылған позицияны білдіретін бірыңғай аймақ ретінде әрекет ететінін атап өткен жөн. Павильонды Дүниежүзілік Банктің, БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ), Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ), Eurasian Resources Group (ERG), БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) қаржылық қолдауымен Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығы (ОАӨЭО) ұйымдастырды.
Платформа алаңында әр ел төмен көміртекті даму және «жасыл» экономика саласындағы өз жетістіктерін ұсынды.
Мысалы, 3 қарашада БҰҰДБ Жасыл Қаржы Орталығымен бірлесіп «Жасыл инвестициялар» тақырыбына сайд-ивент өткізді, оның шеңберінде жасыл инвестицияларды тарту бойынша Қазақстанның тәжірибесі таныстырылды.
Отырыста Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Жасыл Қаржы Орталығының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері, сондай-ақ БҰҰДБ сарапшылары сөз сөйледі.
«Қазақстанда пилоттық режимде іске қосылған құралдардың бірі – бұл ЖЭҚ-тың қаржылық қолдауымен БҰҰДБ жобасы есебінен купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялай отырып, «жасыл» облигацияларды шығару. Мұндай облигациялардың ерекшелігі – олардан түскен кірістер тек «жасыл» жобаларды қаржыландыру үшін пайдаланылады. Қазіргі уақытта өз қызметтерінің басым бөлігін тегін ұсына отырып, пилоттық жобаны қолдаған АХҚО-мен бірлесіп, ұлттық масштабта пайдалану үшін «жасыл» таксономия әзірленуде», - деп атап өтті таныстырылымда БҰҰДБ жобаларының халықаралық техникалық кеңесшісі Олег Хмелев.
Дұрыс қолданылған кезде «жасыл» облигациялар, инвестицияларды неғұрлым тиімді іс-шараларға бағыттай отырып, нарықтық күштер мен саяси мақсаттар арасында синергияны тудырады. Бұдан басқа, тұрақтылықты арттырудан, климаттың өзгеру салдарын жұмсартудан және баламалы энергетикаға көшуден басқа, Қазақстанда және бүкіл әлемде «жасыл» облигацияларды сәтті енгізу климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі міндеттер үшін қаржы ағындарын ұлғайтуға, сондай-ақ әлеуметтік әсерге, дүлей зілзалалардың салдарын еңсеруге арналған облигацияларды қоса алғанда, ұқсас үлгідегі басқа да қаржы құралдарын енгізуді жеделдетуге көмектесе алады.
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамыту және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жетістіктер «ЖЭК ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ: елге көміртегі бейтараптылығын қамтамасыз етуге үлес» сайд-ивенті шеңберінде ұсынылды. Мәселен, жел энергетикасының әлеуеті жылына 920 млрд. кВтсағатқа, күн энергетикасының әлеуеті жылына 3000 күн сағатына, гидроэнергетиканың әлеуеті жылына 62 млрд. кВтсағатқа бағаланады.
«Елімізде ЖЭК дамыту жөніндегі құралдардың бірі – инвесторлар жоба туралы алдын ала техникалық ақпараты, соның ішінде ЖЭК негізінде электр станцияларын салуға арналған жер учаскесі туралы деректері бар аукционға қатысатын аукциондар. Бүгінде мүдделі компаниялар арасында белгілі бір бәсекелестік бар. Жеңімпаз болып сағатына КВт үшін ең төмен баға ұсынатын адам анықталады. Мұндай алғашқы аукцион 2019 жылғы қарашада өтті. Түркістан облысы Шәуілдір кентінің маңында белгіленген қуаты 50 МВт күн электр станциясы салынды», - деп Олег Хмелев таныстырды.
Сонымен бірге, Халықаралық тұрақты даму институтының (IISD) қауымдастырылған зерттеушісі Юлия Огаренконың пікірінше, бүгінде қазба отынын субсидиялау саясатын өзгертуге күш салу маңызды.
«Қазақстанда қазба отынын субсидиялаудың түрлі бағдарламаларын бюджеттік қаржыландыру соңғы жылдары айтарлықтай өсті. Егер 2016 жылы республикалық және жергілікті бюджеттерден субсидиялаудың жалпы көлемі шамамен 83 млрд. теңгені құраса, төрт жыл ішінде бұл сан екі еседен астам өсті»,- деп сарапшы өз сөзінде БҰҰ PAGE бағдарламасының есеп деректерін келтірді. «Отынның қазбалы түрлерін субсидиялауға арналған бюджеттік шығыстарды ұтымды етуді жүргізу және оларды бюджеттен субсидияламай, тарифтерде ұстауға арналған шығыстарды көздеу қажет деп санаймын», - деп түйіндеді ол таныстырылым барысында.
Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстан Үкіметінің энергия тиімділігі мен ЖЭК-ті ілгерілетудегі күш-жігерін қолдайтынын атап өткен жөн. Осы қолдаудың алғашқы жылдарында энергия үнемдеу және ЖЭК әлеуетін бағалау бойынша зерттеулер жүргізілді, институционалдық әлеует бағаланды, тиісті заңнамалық, нормативтік құжаттарға түзетулер ұсынылды, сондай-ақ экономикалық, экологиялық және әлеуметтік пайданы көрсететін пилоттық демонстрациялық жобалар іске асырылды.
«2004 жылдан бастап БҰҰДБ Қазақстан Үкіметіне энергия тиімділігін ілгерілету мен жаңартылатын энергия көздерін енгізуде қолдау көрсетіп келеді. Бұл қолдау жобалық тәсіл арқылы іске асырылады. Бүгінгі таңда 90-нан астам пилоттық бастама іске асырылды, олар отын тұтынудың қысқаруына алып келді және тиісінше парниктік газдар шығарындыларын азайтты», - деп атап өтті таныстырылымда БҰҰДБ климат жөніндегі жобалар менеджері Гүлмира Серғазина.
Субсидиялар, кредиттер бойынша кепілдіктер, «жасыл» облигациялар, факторинг БҰҰДБ назарында, ол ұлттық әріптестермен ынтымақтастықта Қазақстанның энергия тиімділігі және ЖЭК саласында қойған мақсатына қол жеткізуін жақындата отырып, осы және басқа да тетіктерді күнделікті практикаға енгізеді.
БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына (COP26) қатысушы елдер конференциясының егжей-тегжейлі бағдарламасымен мына жерден таныса аласыз.