Қазақстандағы стратегиялық жоспарлауға климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелерін интеграциялау
Қазақстан Республикасында дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі жоба климаттың өзгеруінің салдарына орнықтылықты арттырудың шұғыл міндеттерін шешуге бағытталған. Қазақстан Республикасының Президенті тарапынан іс-қимылға шақыруды назарға ала отырып, Үкімет климаттың өзгеруіне бейімделуді саясат шараларына, әсіресе ұлттық деңгейде айқындалатын салымды (бұдан әрі – ҰДАС) іске асыруға және декарбонизацияға қатысты интеграциялауға бағытталған Ұлттық бейімделу жоспарының процестерін қолдайды.
Жоба төрт басым секторда ұлттық және субұлттық деңгейде климатқа бейімделу бойынша нақты мандаттарды, үйлестіру тетіктерін және стандартты рәсімдерді белгілеуге бағытталған, олар:
ауыл шаруашылығы,
орман шаруашылығы,
су ресурстарын басқару,
төтенше жағдайлар.
Жоба климаттың өзгеруінің салдары мен бейімделу нұсқалары туралы жан-жақты түсінік алуға мүмкіндік беретін шешім қабылдаушыларды климаттық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге арналған. Жоба сонымен қатар стандартты жоспарлау және бюджеттеу рәсімдерінде климаттық тәуекелдерді есепке алу үшін белгілі бір секторлардағы сарапшыларды оқытуды жоспарланған.
Жобаның міндеттері:
мемлекеттік басқару мен институционалдық үйлестіруді жетілдіру,
бейімделу саласында тиімді шешімдерді әзірлеу үшін дәлелді базаны дайындау,
жеке сектордың қатысуын ынталандыру және бейімделу шараларын қаржыландыруды ұлғайту.
Орнықты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін қолданыстағы жоспарлау және бюджеттеу процестерін пайдалануға ерекше назар аударылады.
Бенефициарлар:
негізгі министрліктер,
әртүрлі деңгейдегі шешім қабылдаушылар,
бизнесті жоспарлау мамандары,
климатологтар және сала мамандары.
Жоба үйлестірушісі:
Құралай Сейталина
Email: kuralay.seitalina@undp.org
Жобаның ұзақтығы:
2024 жылғы сәуір – 2028 жылғы ақпан
Бюджеті:
2.763.763 АҚШ доллары
Донор:
Жасыл климат қоры (GCF) – елдерді климаттың өзгеруіне бейімделуге және оның әсерін азайтуға қолдау көрсету үшін құрылған әлемдегі ең ірі климаттық қор.