Экотуризм саласындағы әйел кәсіпкерлерге арналған оқыту бағдарламасы

2024 ж. 15 July
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы экологиялық туризм саласында бизнеспен айналысатын әйел кәсіпкерлерді Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарына арналған оқыту бағдарламасына қатысуға шақырады. 

Бағдарламаның мақсаты – бизнесті жоспарлау және дамыту бойынша кәсіпкер әйелдердің әлеуеті мен білім деңгейін арттыру. 

Оқыту 2024 жылғы 22 шілдеден 30 қыркүйекке дейін онлайн форматта, аптасына кемінде бір немесе екі рет болады.

Қатысу үшін өтінімді 19 шілдеге дейін толтыру қажет.

Оқыту бағдарламасы БҰҰДБ-ЖЭҚ-Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Жан-жақты пайда алу мақсатында ғаламдық маңызы бар экожүйелерді сақтау және тұрақты басқару» жобасы аясында жүзеге асырылады.