Қазақстанда климаттық тұрғыдан негізделген агротехнологияларды енгізе отырып
2022 ж. 12 September
Жапония «Климаттық уәде: уәдеден іс-қимылға» жаһандық бастамасын іске асырудың келесі кезеңінде БҰҰДБ-ның ең ірі серіктесі болды. Іске асыру шеңберінде Жапония Үкіметі ұлттық климаттық міндеттемелерді орындау және күшейту үшін Қазақстанды қоса алғанда, бірқатар елдерге қаражат бөлді.
974 408 АҚШ доллары мөлшеріндегі бюджеті бар климаттық оңтайландырылған агротехнологияларды енгізу жөніндегі жаңа жоба Қазгидрометтің қолданыстағы бақылау жүйесін цифрлық форматта да, жаңа заманауи жабдықты орнату арқылы да жақсартуға көмектеседі. Жоба шеңберінде Қазақстан өңірлеріндегі фермерлерді қолдау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісінде мониторингтің цифрлық құралдарын қолдана отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және су ресурстарын сақтау жөніндегі шешімдерді пилоттау жоспарлануда.
БҰҰДБ климаттық уәдесі Париж келісімі шеңберінде елдерді олардың ұлттық міндеттемелерін орындауда қолдау көрсету бойынша климат және даму саласындағы ең ірі жаһандық ұсыныс болып табылады. Қазақстанда осы бастама шеңберінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне оның климаттық күн тәртібін ілгерілетуде, парниктік газдар шығарындыларын түгендеудің ұлттық жүйесі үшін құқықтық база құруда; сарапшылар, оның ішінде коммерциялық кәсіпорындар үшін парниктік газдар шығарындыларын түгендеу бойынша тренингтер өткізуде; бейімдеумен байланысты ҰДАҮ компоненттерін іске асыру үшін жол картасын әзірлеуде және климаттың өзгеруіне бейімделу туралы қоғамның хабардарлығын арттыруда қолдау көрсетіледі.
Қазіргі уақытта Қазақстан 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптық стратегиясын жасау бойынша жұмыс істеуде. Негізгі шаралар көмірді жағудан кезең-кезеңмен бас тартуды; электр энергиясын өндірудегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін едәуір ұлғайтуды; көміртекті пайдалану және сақтау технологияларын (CCUS) кеңейтуді; сутекті пайдалануды; энергия тиімділігін арттыруды; екі миллиард ағаш отырғызу бағдарламасын іске асыруды; органикалық ауыл шаруашылығын, тұрақты мал шаруашылығын және су ресурстарын басқаруды кеңейтуді қамтиды.
Жақында басталған жалпы сомасы 974 408 АҚШ долларын құрайтын Жапония үкіметі қаржыландыратын БҰҰДБ жобасы Қазақстан үшін оның климаттық жоспарларын іске асыру бойынша жаңа жолдар салуға арналған.
Жоба ауыл шаруашылығы секторының шағын және орта кәсіпорындарының (ШОК) климаттың өзгеруіне тұрақтылығын арттыруға, төмен көміртегі өндірісіне жәрдемдесуге және қоршаған ортаға жүктемені азайта отырып, өнімділікті арттыруға арналған климаттық оңтайландырылған агротехнологияларды енгізуге бағытталған. Жобаның тікелей пайдасын 1000-нан астам фермер алады деп күтілуде.
Атап айтқанда, жоба көптеген фермерлік шаруашылықтарда табысты енгізуге болатын жаңартылатын энергия көздері, суды пайдалану үшін цифрландыру және құрғақшылықпен тиісінше күресу саласындағы жаңа технологияларды көрсетуге арналған.
Негізгі іс-шаралар Қазгидрометтің қолданыстағы бақылау жүйесін цифрлық форматта да, жаңа заманауи жабдықтарды орнату есебінен де жетілдіруге, сондай-ақ Қазгидрометтің жергілікті билік органдарымен және фермерлік шаруашылықтармен өзара іс-қимыл жасау тәсілдерін өзгертуге бағытталатын болады.