БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстандағы биоәртүрлілікті сақтау және ормандарды қалпына келтіру жобасының нәтижелерін ұсынды

2024 ж. 17 October
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

2018-2024 жж. аралығында БҰҰДБ Қазақстан Үкіметімен серіктестікте Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) қаржылық қолдауымен орман экожүйелерін және түрлердің биоалуантүрлілігін сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған ауқымды жобаны жүзеге асырды. Жоба елдің алты облысындағы: Абай, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Түркістан өңірлеріндегі 14 ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА), сегіз орман шаруашылығын, 12 ауылдық округті, төрт ауылды және жеті ауданды қамтыды. Орнықты нәтижелерге ормандарды қалпына келтіруде, ландшафтыларды орнықты басқаруда, табиғи аумақтардың кадрлық және техникалық әлеуетін нығайтуда, биоалуантүрлілікті сақтауда, экологиялық туризмді дамытуда және жергілікті қоғамдастықтарды қолдауда қол жеткізілді.

Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов аталмыш жоба БҰҰ-ның экожүйелерді қалпына келтіру онжылдығындағы негізгі мақсаттар мен міндеттерден көрініс беретінін және БҰҰДБ-ның бүкіл әлемде миллиондаған гектар экожүйелерді қорғау және қалпына келтіру жөніндегі кең ауқымды жұмысының бір бөлігі екенін атап өтті.

«Ормандар бүкіл әлемдегі адамдардың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік-мәдени аман-саулығының катализаторы болып табылады. Ормандардың жоғары құндылығын мойындай отырып, сондай-ақ олардан айырылып қалу қаупін түсіне отырып, БҰҰДБ орнықты дамуға қол жеткізу үшін Қазақстанға антропогендік факторларды азайтуда, климаттың өзгеруінің салдарын жұмсартуда, биоәртүрлілікті сақтауда, елдің орман экожүйесін қалпына келтіруде және орнықты пайдалануда қолдау көрсетеді», — 
деді Сухроб Ходжиматов.
a man wearing a suit and tie
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Алексей Мальченко

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен ынтымақтастық нәтижесінде 14,5 млн гектардан астам аумақта экожүйені сақтау және орнықты басқару саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Бұған пилоттық ЕҚТА басқару тиімділігін арттыру, ЕҚТА желісін кеңейту, жерді функционалды аймақтарға бөлуді тәмамдау, жайылымдарды орнықты басқару бойынша жобаларды көрсету ықпал етті. Қазақстанда алғаш рет табиғатты қорғауда құндылығы жоғары ормандардың (ТҚЖО) 1,2 млн гектардан астам ауданы анықталды, бұл болашақта ерекше құнды ормандарды қорғау және оларды орнықты басқару бойынша әлдеқайда тиімді және нақты іс-шараларды жоспарлауға мүмкіндік береді.

Ормандарды қалпына келтіру бастамаларының нәтижелері атап өтілді. 2019 жылы Алматы облысында Междуреченск орман тәлімбағы құрылды, онда орман шаруашылығы үшін бағалы және сирек кездесетін түрлер өсіріледі. 2021 жылы Қазақстандағы бірінші және жалғыз аса құнды ағаш түрлері тұқымдарының генетикалық банкі ашылды, ол орман құраушы түрлердің он сегіз түрінің тұқымын ұзақ мерзім бойы сақтауды қамтамасыз етеді.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Алексей Мальченко

Жобаның ормандарды қалпына келтіруге және құнды флора мен фауна түрлерін сақтауға қосқан үлесін атап өте отырып, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев аталмыш жоба елдің «жасыл» экономикаға және орнықты дамуға көшуінде маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өтті.

«Ортақ жоба аясында ормандарды, ландшафтыларды орнықты басқару және биологиялық алуантүрлілікті сақтау саласында жаңа механизмдер көрсетіліп, жоғары стандарттар белгіленді және шешу жолдары ұсынылды. Пилоттық ведомстволардың кадрлық және техникалық әлеуетін нығайту, экологиялық туризмді дамыту, жергілікті қауымдастықтарды қолдау бағытында жүйелі жұмыс жүргізілді. БҰҰДБ мен ЖЭҚ-мен әріптестік Қазақстан үшін құнды экожүйелер мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау бойынша жаңа тәсілдер мен механизмдерді қолдануға көшу тұрғысынан маңызды», - 
деп атап өтті Нұркен Шәрбиев.
a man wearing a suit and tie
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Алексей Мальченко

Осы серіктестік бастама аясындағы жұмыс Қазақстандағы ЕҚТА мен орман шаруашылығы мекемелерінің желісін дамыту бойынша іс-шаралардың кең ауқымын қамтыды. Материалдық-техникалық әлеуетті нығайту, қызметкерлердің білімі мен біліктілігін арттыру, заманауи технологияларды қолдану, басқару жоспарларын әзірлеу және жаңарту, экотуризмді дамыту есебінен пилоттық ЕҚТА мен орман шаруашылықтарын басқару тиімділігін арттыруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Табиғатты қорғау секторының 2.300-ден астам қызметкері басқару және жаңа технологияларды қолдану жоспарлары бойынша оқытылды. 14 ЕҚТА мен сегіз орман мекемесінде ғылыми зерттеу жұмыстарын және экожүйелер мен биоалуантүрлілікке мониторинг жүргізуде қолдау көрсету үшін мекемелер биоалуантүрлілік пен экожүйелердің жай-күйіне мониторинг жүргізудің заманауи құралдары, соның ішінде SMART-патрульдеу, фототұзақар, тепловизорлар, дрондар енгізіліп және қолданылып жатыр. Мемлекеттік инспекторлар мен олардың отбасының тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін ЕҚТА мен орман шаруашылықтарының 13 шалғай кордонында 28 жел-күн станциясы орнатылды. Басты нәтижелердің бірі ЕҚТА ауданын 558.714 гектарға кеңейту болып отыр. Мамандар жалпы ауданы 1,6 млн гектардан асатын алты жаңа ЕҚТА құрудың және қолданыстағы үш аумақтың ауданын 214.000 гектардан астам кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді аяқтады. 

Экотуризмді дамытудағы және жергілікті қоғамдастықтарды қолдаудағы жетістіктер назар аударуға әбден тұрарлық. Үш ұлттық паркте – «Көлсай көлдерінде», Катонқарағайда және Сайрам-Өгемде – экологиялық соқпақтар салынып, қолданысқа берілді, ал бес ЕҚТА-та виртуалды экотурлар енгізілді. Ауыл кәсіпкерлерін қолдау мақсатында «Эко Даму» жеңілдікпен несие беру бағдарламасы жүзеге асырылды, соның аясында жалпы сомасы 227 млн теңгені құрайтын 39 «жасыл» бизнес-жоба қаржыландырылды. 2021 жылы қосымша экологиялық білім беру бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асырылып, Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарындағы 100-ден астам мектепті қамтыды.

Қар барысын зерттеу және сақтау бойынша бірлескен іс-шаралардың арқасында соңғы бес жылда осы жануардың саны 26 пайызға өсті. Бүгінгі таңда Қазақстанда осы сирек кездесетін түрдің 152-189 басы бар. Қазақстанда алғаш рет қар барысына жерсеріктік телеметрия жасалды, соның арқасында енді жыртқыш және оның мекендейтін ортасы туралы нақты мәліметтер алу мүмкін болады. 11 жыртқыш жерсеріктік қарғыбаулармен таңбаланды.

Алты жылдық жоба барысында БҰҰДБ сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге, Қазақстандағы әйелдердің, атап айтқанда, ЕҚТА-ғаіргелес ауылдық жерлердегі әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге септесті. Жобаның қолдауымен 60-қа жуық әйелге бизнесін дамытуға қолдау көрсетілді, қолөнершілерді қайта даярлау курстарына, сонымен қатар жобаның білім-танымдық іс-шараларына қатысты.